Дениет негіздері



Pdf көрінісі
бет40/92
Дата06.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#11482
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
арналған  жол  картасының  ҚР  Үкіметінің  2014  жылғы  24  қазандағы  
№ 1012  қаулысымен бекітілуі болды.  Осы құжатта таяудағы перспективада 
бизнесті  дамыту  үшін  тосқауылдарды  жою  бойынша,  сондай-ақ 
сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар 
белгіленген.  
Жол картасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу 
мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес  бойынша  мемлекеттер  тобына  (ГРЕКО)  кіруі  және  Сыбайлас 
жемқорлық  үшін  қылмыстық  жауапкершілік  туралы  конвенцияға  және 
2020  жылға  дейінгі  сыбайлас  жемқорлық  үшін  азаматтық  құқықтық 
жауапкершілік  туралы  конвенцияға    қосылуы  бойынша,  ҚР  Үкіметіне 
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табыстары мен шығыстарын 
жалпы декларациялауға көшуін көздейтін заң жобасын енгізу  бойынша 
мәселе қарастырылды [6]. 
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге 
асыруды реттейтін мынадай үш негіз қалаушы заң қабылданған:
«Қоғамдық  кеңестер  туралы»  2015  жылғы  2  қарашадағы  №  383


Қазақстан  Республикасының  Заңы.  Осы  Заң  қоғамдық  кеңестердің 
құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру 
жөніндегі  мемлекеттік  саясатты  іске  асыруға,  барлық  деңгейлердегі 
мемлекеттік  органдардың  шешімдер  қабылдауына  коммерциялық 
емес  ұйымдардың,  азаматтардың  кеңінен  қатысуын  қамтамасыз 
етуге  бағытталған  қызметін  қалыптастыру  және  ұйымдастыру  тәртібін 
айқындайды [7];

  «Ақпаратқа  қол  жеткізу  туралы»  2015  жылғы  16  қарашадағы  
№  401-V  Қазақстан  Республикасының  Заңы  [8].  Заң  ақпаратты  заңмен 
тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі 
әркімнің  конституциялық  құқығын  іске  асыру  нәтижесінде  туындайтын 
қоғамдық  қатынастарды  реттейді;  2016  жылғы  1  қаңтарда  қолданысқа 
енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 
18  қарашадағы  №  410-V  Қазақстан  Республикасының  Заңы  [9].  Бұл  
құжатта басымды назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын 
кесуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсеткен адам-
дардың қауіпсіздігі мен қолсұғылмаушылығының кепілдігін қамтамасыз 
ету тетігін енгізуге аударылады. 
Қазақстан  Республикасында  сонымен  қатар  барлық  жеке  тұлғалар-
дың  табыстары  мен  мүлкін  декларациялау  енгізілуде.  2015  жылғы 
18  қарашада  Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  жеке  тұлғалардың  кірістері  мен  мүлкін 
декларациялау  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңына  қол  қойды  [10].  Заң 
Мемлекет  басшысының  «Бес  институционалдық  реформаларды  іске 
асыру  бойынша  100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  орындау,  Қазақстан 
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  стратегиясының,  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен 
тұруға  ықтиярхаты  бар  адамдардың  кірістерін  және  мүлкін  жалпыға 
бірдей  декларациялауға  көшіру  тұжырымдамасының,  сондай-ақ 
49


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Қазақстан  Республикасындағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-
қимыл  жөніндегі  2011 

  2015  жылдарға  арналған  салалық  бағдарлама 
шеңберінде әзірленді.
Қоғам  алдындағы  мемлекеттік  органдар  қызметінің  ашықтығы 
қолданыстағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  шаралардың  бірі  болып 
табылады. 
Қазақстанда  мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  уәкілетті  орган 
жанынан  Қоғамдық  кеңес  құрылды.  Оның  басым  міндеттері  мемлекет 
пен  азаматтық  қоғам  арасындағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  
іс-қимыл  шараларын  жетілдіру,  сондай-ақ  халыққа  қызмет  көрсету 
сапасын  арттыру  бөлігіндегі  кері  байланысты  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. Кеңес құрамында 

 12 мүше бар. Оған Қазақстан Республикасы 
Парламентінің  депутаттары,  азаматтық  қоғам  өкілдері,  бұқаралық 
ақпарат құралдары кіреді. 
Қоғамдық  кеңестер  міндеттерінің  қатарына  сыбайлас  жемқорлық 
деңгейін  төмендету  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бағытталған 
бағдарламалар  мен  жоспарларды  іске  асыру,  сондай-ақ  оларды  іске 
асыру  нәтижелерінің  талдауымен  бірлескен  мониторингін  жүзеге 
асыру; сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіптерден азаматтар мен 
қоғамның құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз 
етуге жәрдемдесу кіреді және т.б. 
Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
1)  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  мәселелері  бойынша, 
оның  ішінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы,  сыбайлас 
жемқорлықпен  күрес  нысандары  мен  әдістерін  жетілдіру  бойынша 
ұсыныстарды әзірлеу және құзыретті органдарға енгізу;  
2)  қоғамдық  мониторингті  ұйымдастыру  мәселелері  бойынша 
мемлекеттік  қызметтер  туралы  заңнаманы  жетілдіру  бойынша,  
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды 
әзірлеу және тиісті мемлекеттік, оның ішінде жоғары тұрған органдарға 
енгізу; 
3)  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  анағұрлым  жақын  тұратын 
салаларды  анықтау  мәселелері  бойынша  ғылыми  ұсынымдарды  қарау 
және  олардағы  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін  төмендету  бойынша 
ұсыныстар әзірлеу; 
4)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылға  бағытталған  бағдар-
ламалар  мен  жоспарларды  іске  асыру  нәтижелері  бойынша  сыбайлас 
жемқорлық  деңгейін  төмендету  бойынша  ұсыныстар  енгізу,  сондай-
ақ  оларды  іске  асырудың  бірлескен  мониторингі  мен  талдауын  жүзеге 
асыру; 
5)  қоғамдық  мониторинг  қорытындыларын,  сондай-ақ  мемлекеттік 
органдар  қабылдаған  қоғамдық  мониторинг  нәтижелері  бойынша 
шараларды қарастыру; 
6) халықты сыбайлас жемқорлық көздері мен теріс әсерлері, онымен 
күресу  құралдары  мен  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  бойынша 
шаралар туралы ақпараттандыру
7) азаматтық қоғам субъектілерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы саясатын іске асыруға тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу
50



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет