ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында
қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасасуға қатысты
бірқатар мәселелер шешілмей қалып отыр. Осының барлығы қазіргі
уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде
екендігін куәландырады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау
қажет:
1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз
ететін заң жобалары
топтамасымен бірге қабылдау;
2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген
азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз
ету;
3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін
қалыптастыру және сыбайлас
жемқорлық деңгейін бағалау;
4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік
қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу
жолымен)
ұсыну тетігін жетілдіру;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған
мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды
іске асыру үшін бақылауды күшейту,
6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін
жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру;
қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың
қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда
орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға
арналған стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» стратегиясында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іс
жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының
мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз күресу
кезінде ғана мүмкін болады.
Стратегияда:
–
мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа
да қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлыққа «атымен төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру
бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша
нақты ұсыныстар
әзірлеуге жәрдемдесу;
–
Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын
ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны
әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс
болып табылады.
54