101
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
мейманасы тасыған кезеңін осы өлеңнен сезінеміз. Өткен өмірге мадақ айтқан өнегелі өлеңнің
мақсаты асырып айтып, мақтануды көздемейді, әсірелеп жеткізу арқылы ұрпағының жадына
қайта жаңғыртады. Жатқа жерін билеткізбей, елінің тізгінін өзгеге ұстатқызбай, тәуелсіз ғұмыр
кешкен бабалар рухына бас иіп, батырлығын үлгі етеді.
Омыртқамды
Күтірлетіп үзді,
Қабырғаларымды
Біртіндеп үзді.
Бірақ ештеңе айтпадым, -деген жолдары арқылы шыдамдылық, төзімділік, батылдық
сынды қасиеттерді келер ұрпақ бойына рухани нәр етіп құяды. Адамгешіліктің асыл қасиеттерін
негізінде қазіргі таңдағы адамзат баласына аса қажет рухани толығуды насихаттайды. Осындай
оқиғаларға ұқсас тармақтар «Шапқыншылық» аталатын өлеңінде кездеседі. Аңдаусыз жатқан
елді шапқан жаудың омыртқаларын бор секілді үгеді, қабырғаларын «қураған қамыстай
күтірлетіп қаусатады». Батырлар жырында кездесетін өктем сарынды өнеге тұтқан Т. Медетбек
өлеңдерінде өткен тарихтағы жаудан көрген қорлығы мен қазіргі қоғамның адами
құндылықтарға жасаған зорлығын жыр еткен өлең-толғауларында жүректі дір еткізер мұң мен
сыр бар. Себебі, ақын жырлары ақиқатқа құрылған аумалы-төкпелі өмірдің шынайы кейпін
ашып көрсеткен. Қазақ жерінде әрдайым жеңіс туы желбірей бермегені баршамызға тарих
беттерінен аян. Батырларымыздың жауынан тауы шағылған тұстары да жетерлік. Мәселен,
Бесіктегі баланы
Найзаларына шаншып ап,
Шырылдатып
Отқа лақтырды.
Ошағымды жапырып құлатты.
Күлімді жындай шашты.
Т. Медетбектің қазіргі кезең тұрғысынан қалам тербеген өлеңдерінде де түркілік сарын
айқын сезіледі. Ақынның стильдік ерекшелігінің өзі осы сарынға негізделген. Ақынның
өлеңдерін оқығанда бүгінгінің Күлтегіні қоғам өмірінде болып жатқан келеңсіздікті күңірене
жырлағандай сезіліп, Тоныкөктің толымды ойлары жүрекке жол салар сыр ұқтырғандай күй
кешесің. Ол тәуелсіздікті тақырып етсін, қазақ тілінің қазіргі күйі сынды өзекті мәселелерді
толғасын бәріне де көне түркілік өлең үлгісін қолданады.
Жаңа заманның өтпелі қиын кезеңін өлеңге қосу кезінде Т. Медетбек таңдап алған көне
үлгіні жаңғырта жырлау әдісі еш қиыншылық тудырмай, «тілімді сындыра алмай жатырмын»,
«бірде сөгіліп, бірде өріліп тұрмын», не болмаса, «жоқшылықтан өз сүйегін өзі кеміріп жатыр»
сынды еш күрделілігі жоқ тармақтарға қарапайым өлшемді қолданып, ойын ортаға көненің
тілімен тастап, бабалар рухына мұң шаға сөйлеген ақын ойы кесек.
Т. Медетбек поэзиясының көші жыраулардың жауһар жырларының да соқпағына түсті.
Мұның себебін қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулық толғаулардың тың белестерді
бағындырып, өзгеше бір көркемдік пен шеберліктің биігінен мен мұндалап, өр тебінімен көзге
түскендігімен түсіндіруге болады. Қай жыраудың шығармаларын алсақ та осындай қасиетке
ие. Себебі бұл қасиетті «қазақ топырағында түзілген форма». Ақын мұны да назардан тыс
қалдырмады.
«Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып әдемі әңгіме шығару – ақындық дарыған адамның
ғана қолынан келеді» [4]. Қазақ әдебиеттану ғылымының атасы атанған Ахаңның айтқан бұл
пікірі біздің бүгінгі тақырыбымыздың беталысын айқындамақ.
Достарыңызбен бөлісу: