«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет128/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   208
Байланысты:
6-2018

Ключевые слова: традиция, новатрство, идея алаша, духовный, девиз 
 
The  article  is  devoted  to  the  poetic  harmony  of  poetry  between  Ilyas  and  Magzhan,  the 
tradition, the idea of Alash, as this tradition, the spirit of Alash is reflected in today's poetry. The 
features of the poetic dimension of Ilias and Magzhan are being studied. 
Key words: tradition, innovation, idea of Alasha, spiritual, motto           
 
ХХ  ғасырдың  басы  –  қазақ  халқының  тарихында  қоғамдық  ой  пікірдің  өрістеуіне 
мүмкіндік туғызып, баспасөздің, әдебиеттің қоғамдық ролін айрықша танытқан кезең болды. 
Алаш  алыптары  Ахмет,  Міржақып,  Шәкірім,  Сұлтанмахмұт,  Мағжан,  Бернияз  тәрізді  т.б. 
ақындар  әдебиет  айдынында  бой  көрсетіп,  көркемдік  сипаты  мен  көсемдік  ғибарты  кемел 
дүниелерін жариялай бастады.  
Ілиястың  алғашқы  1915-16  жылдардағы  «Әншіге»,  «Бұлбұлға»,  «Сәлемдеме» 
өлеңдерінде ұлт жастарына өнер мен оқу –білімді үлгі тұтты. Мағжан да, Ілияс та жастардың 
бойына    алаштың  ұлттық  рухын  сіңіруді  парыз  санады.  Мағжан  «Мен  жастарға  сенемін» 
атты  өлеңінде  «арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты,  қырандай  күшті  қанатты, 
көздерінде  от  ойнар,  сөздерінде  жалын  бар,  арды  жанынан  қымбат    санаған,  көздегені  көк 
аспан, жұмсақ мінез жібектер, сүттей таза жүректерге» сенім артты. Ілияс та:   
Ел болсын, жасасын, 
Ел көзді ашарсың. 
Қазақтың баршасын, 
Қолдасын  алашы  –  деп,  жастарға  Алаш  туының  астында  бірігуді  ұран  етіп,  «Шын 
үмітін»  жасыра алмады. 
Ұлттық  поэзиямызға  алаш  ұранды    тұңғыш  жырларын  туған  елдің  топырағында 
құндақтап,  туған  жердің  жоғын  жоқтап  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров, 
М.Жұмабаевтар  жарыса  қосылып,  жерімізге  дендей  енген    отарлықтың  озбырлығына, 
ызғарына  зар  заман  сарынымен  үн  қосты.    Отаршылдыққа  қарсы  ел  мұңын  Сәкен  «Өткен 
күндерінде» «Нұраға», Мағжан «Шолпанында» (1912) «Туған жері Сасықкөлге» арнады: 
Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл, 
Сусын боп сұрағанға, от болған көл. 
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта, 
Бейне бір сенің басың сүт болған көл. 
 
 


 
103 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Білмеймін не боларын қайран көлім, 
Жарайды тең болмаса күн мен түнің.  
 
Итиіп қара шекпен келіп қонса, 
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің -деп ызаға булыға жазды. Ауылынан ұзап шығып 
білім алуға тағдыры тұсау салған Ілияс «Арман» атты өлеңінде: (1915-16 жж)    
Мезгіл бар ма құтылар,  
Шынжырлаулы тағдырдан?... 
Аяқ қолы байлауда, 
Зарлаумен жүр балдырған, - деп шағынса, Абай үлгісмен жазған «Қалпымыз»- деген 
өлеңінде: 
Ашылар ма көз, 
Іс болар ма сөз, 
Көп көксеген күн туып? 
Дауыл жел айдап, 
Жауын, сел қайнап, 
Өз еркінше жүр қуып. 
Алу үшін теңдікті, 
Сағынамыз  кеңдікті  -  деп  жырлады.  Отарлық  озбырлық  тырнағынан  құтылудың 
жолын  қарулы  күрестен  емес  өнер,  білімнен  іздеген  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
қазақ ағартушылары мен ақындары аңсаған ілімді-білімді үйрену–ХХ ғасырдың бас кезінде 
жаңа  өріс  алып,  алдыңғы  қатардағы  алаш  азаматтарын  елді  ояту,  азаттықа  қол  жеткізу 
мақсатына жетеледі. 
Ілияс  пен  Мағжан  поэзиясындағы  байланыс  идеялық  үндестік  жайлы  Ә.Тәжібаев,         
М.Дүйсеновтер кезінде жазды, бірақ кеңес идеологиясының ықпалынан шыға алмай ақындар 
поэзиясының  құнарлы  дәнін  алғысыз  етіп,  теріс  ой  тудырды.  «Нағыз  көркемдік  ізденіс 
жолындағы  эстет  М.Жұмабаевтің  зерек  шәкірті  ізбасары  І.Жансүгіровтің  1923-24 
жылдардағы  ақындық  олжалары,  ашқан  көркемдік  жаңалықтары  сол  уақыт  райынан 
екшегенде ірі де іргелі тәрізденеді».[1] 
Ілияс  1920-30  жылдардағы  өлеңдерінде  кеңестік  үкімет,  жаңа  қоғам,  өнеркәсіп,  т.б. 
жайлы  өндірте  жазды.  Әр  ауыл,  әр  өнеркәсіп  орнын  аралап  жүріп,  таныстырушы  ретінде 
жазған  публицистикалық  сарынды  өлеңдері  де  көп.  Ал,  бұл  құрылыстан  жаңашылдық  пен 
жақсылық  нышанын  көре  алмаған  |Мағжан  поэзиясы  нені  суреттесе  де,  қандай  тақырыпқа 
жазса  да романтизм мен символистік ізденістерінің ізі айқындалып, қазақ поэзиясына жаңа 
бір леп әкелді, жаңа сатыға көтерді. Ілияс Мағжан поэзиясының түріне еліктеп жазғанымен 
мазмұны  тұрғысынан  түрлі  саяси  бағыттың  арбауында  тұрған  ақындардың  көзқарасы  көп 
жерде  шарпысып  қалып  отырды.  Қазақ  ақындары  Мағжанның  жаңашылдығын,  бөлектеніп, 
биіктеп бара жатқанын сезбеді, көрмеді десек ақиқатқа қиянат болар. 
 М.Әуезов  1927  жылы  «Мағжан  культурасы  зор  ақын,  ...заманынан  басып  озып, 
ілгерілеп  кеткен  ақын  болады...  Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  жазушыларының  ішінен 
келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі 
күмәнді,  өте  сенімсіз  деп  білемін»  деп  жазуында  ұлылықты  мойындаудың  ұлағаты  мен 
Мағжан  поэзиясының  тамырын  тап  басқан  көрегендік  те  жатыр.  Ілияста  Мұхтардай 
Мағжанды  оқыды,  сүйсінді,  еліктеді.  Ілиястің  лирикасында  да  тұнып  тұрған  маржан  тіл, 
эпикалық  кеңдік,  шабытты  жыр  жолдары  бірде  мұңды  сарын,  ішкі  жан  күйзелісіне  ұласса 
оны  Мағжандық  романтизм  мен  символизмнің  алауынан  іздеу  керек.  1925  жылы  18 
маусымда  қабылданған  «Партияның  көркем  әдебиеті  саласындағы  саясаты  туралы» 
қаулысынан  кейін  солақай  сын  өршіп,  Мағжан  шығармалары  қатты  сынға  ұшырады.  Ілияс 
поэзиясынан да «саяси қателіктер» іздеген сыншылыр қос ақынның жауһар жырларын тозаң 
тұттырып, күстаналауға  күш  салды.  Саяси  бес  қаруы  сай  қызыл  қырағылар  бірі  «ұлтшыл», 
бірі  «алашшыл»  деген  бейдауа  сындарын  алға  тартса,  бірінің  «іштегі  қызыл  итті»  тісін 
ақситып  шықты.  Замана  илеуіне  көндігіп,  идеологиялық  нұсқауларды  ту  еткен 
сыншысымақтардың  көзсіз  белсенділігі  көркем  өнердің  жан  дүниесін  ойран  етіп,  белден 


 
104 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет