97
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
жұмысына қазақтан адам алу науқанының барысы, сол жарлықты қазақ халқының қалай
қарсы алғаны жайында Ә.Бөкейхановтың мағлұмат жинауы сөз болады. Сондай –ақ, бұл
мақалаларда І.Жансүгіров Москвада оқитын қазақ студенттерінің тыл жұмысындағы
қазақтардың хал – жайын тексеру үшін Батыс майданына аттанғандарды, тыл жұмысынан
қайтпаған адамдар туралы және тыл жұмысындағыларға көмектесу үшін комиссия құру,
оның міндеті туралы жазады». 1914-15 жылдары Ілияс ауылынан ұзап шықпаған 20 жастағы,
әлі оң-солын бажайлап ала алмай жүрген өндірдей жас жігіт. Жоғарыдағы мақалаларды
Ілиястың жазуы мүмкін емес. Бұл мақалалар, біздің ойымызша, Біләл Сүлеевтікі. «Қаптағай»
бүркеншік есімі алғашында Біләлдікі болған. Мақаланы ары қарай оқиық: «Осы газеттің
беттерінде І.Жансүгіровтің «Үміт» (08.02.1915), «Толқын» (23.12.1915), «Өзгеріске»
(01.04.1917) деген үш өлеңі басылыпты. Бәріне де «Қаптағай» деген бүркеншік атпен қол
қойған. «Үміт» өлеңін Ілиястың баспасөзде ең алғаш жарияланған өлеңі деп айтуымызға
әбден болады. Бұл өлеңдер І.Жансүгіровтің 1986-1988 жылдарда шыққан 5 томдық
шығармалар жинағына енбеген. Оның себебі – «Қазақ» газеті бұл жылдары зерттеле
қоймаған еді.» Осындай дүдәмәл дүниелердің ақ-қарасын ашып, шығармаларын заңды
иесіне қайтару да зерттеудің мақсаты болмақ.
Жанат Ахмадиев «Жәдігер шығармалар жәрдемге зәру» атты мақаласында былай деп
дабыл қағады: «Мемлекеттік архив қорында Бейімбет, Сәкен, Мағжан, Жүсіпбек сияқты
алашқа аты мәлім арыстарымыздың ішінен тек Ілиястың ғана архивтік құжат қоры толық
сақталған. Оның себебі, ақынның жұбайы Фатима Ғабитованың иегершілік етіп сақтап
қалуынан болды. Фатима шешеміз «халық жауының әйелі» ретінде өзі де көп қуғын көріп,
ой-қырға айдалып жүргенінде, Ілиястың жазбаларын көзінің қарашығындай қорғап, НКВД-
ның жендеттерінен де жасырып қалған. Оны Фатиманың көзі дүниеден өткеннен кейін
Ильфа Ілиясқызы архивке тарту еткен.
І. Жансүгіров қорында Мағжанға, Ахмет Байтұсыновқа, Бейімбетке, Сәкенге, Жүсіпбекке
байланысты құжаттар көптеп кездеседі. І. Жансүгіров жинаған ертеде шыққан кітап қоры өте
мол. Олар қазақ әдебиеті тарихының үлесіне жатады. Осылардың барлығына ғылыми
түсініктеме бере отырып анықтама - көрсеткіш кітап етіп жинақтау ұрпақтық міндетіміз болар
еді. Құзырлы орындар осыған құлақ асып, өз жоспарларына енгізсе құба-құп!» Көріп
отырсыздар бұл мақала өткен ғасырдың аяғында жазылған. Сондықтан да, Ілияс Жансүгіровтің
әлі де анықталмай, ақтаңдақ жатқан туындыларын іздеп тауып, жариялап отыру –парыз.
Достарыңызбен бөлісу: