басып жаныштауға келгенде алдына жан салмады. Аласапыран заманның әлемтапырық
шаңына көміліп, аламанға түскен қоғамның шолақ белсенділері де бастапқыда қай бағытта
қамшы сілтерін білмей атының басын іркіп, даурыққан жақтың аңысын аңдап барып, айғайға
сүрең қосты. «Алаш» ұранын ту көтерген «елім, алашым» дегендер «адасып», «табым»
дегендердің айы оңынан туды. «Дегенмен де, бұған дейінгі қалыптасқан дәстүрдің
қарқынымен идеология уысына сыймайтын дүниелер туып жатқандығын» сыншы,
профессор Б.Ыбырайым әділ пайымдайды. [1,19]
1924 жылдан 1937 жылдың желтоқсанына дейінгі аралық Мағжанның жаулары оған
саяси айып тағып, ақынның қайғы мен қасірет теңізіне батқан шағы. Сондықтан өлеңдегі
еркіндікті жылы жауып қойып, уақыттың қас-қабағына қарап бейімделе, «Жігер, шіркін,
желінді, болат, тиген қайрақтай»,- деп, өзін қайрай жазған жолдар да осы кезеңге қатысты.
Ілияс Мағжанға арнап «Ақынға» деген өлең де жазды:
Айтпайсың біз жауың ба, шын сертіңді,
Біз-дағы білсек неғылады бар сертіңді.
Я,күлсең, ия жыласаң, иә сөйлесең,
Жапырлап термес пе едік меруертіңді. Кезінде бұл өлеңнің Мағжанға арналғаны дау
тудырмаған. «Жаңа заман орнап, өмірге деген көзқарас жаңарып, нұрлы болашақ үшін күрес
қызған кезде көмейіне тас кеткендей түйіліп, тоқырап қалған қай ақын? Неге тоқырайды?
Оған Ілияс неге жаны ашып, шыр-пыры шығады? М.Дүйсеновтің Ілияс ақталғаннан кейін
«Кезінде жұрттың бәрі Ілияс бұл өлеңін Мағжанға арнап жазған деп жорамалдады...» [3]
деуінде алқымға тығылып айтылмай қалған өкініш бар. «күңірен», «жыныңа мін», «Арсыға
ұш», «алда, арба», «періштемен сайрандас», «күнді қу», «көкті арала», «сүй, жалын», «жан
сиқырла» деген символикалық сарын Мағжанға тән поэтикалық өрнек екені бүгінгі
оқырманға таңсық емес.
Ілияс та, Мұхтар жазған Мағжанның «еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйді».
Сыршыл, суретші, лирик, «символист ақын» (Ж.А.) Ілиястің де ақындық мектебінің бір
тұнық арнасы болғанын риясыз көңілмен айтуға тиіспіз. Мағжанның «Алатауды» көркем
бейнелеуінің Ілиястың «Жетісу суреттерімен» жараса жымдасып кететіні анық.
Мағжан:
Оранып өмір бойы көк мұнарға,
Аспанды алып Ала емген арда.
Айбынды аспан ала алып туған,
Бөбегін бөлеп қойған меруерт қарға.
Түк басып, тұла бойы толған кесте,
Қарағай арша біткен өрлей төске.
Қарағаш тал, тобылғы, жасыл шырша,
Қарақат, жиде, шие маржан түсті. [4]-десе,
Ілияс:
Талғар тау тарғыл ала шоқы биік,
Асқақтайд емшегі, ерні жерге тиіп,
Арқырап асқарынан құлаған су,
Бауырын балбыратқан еліне иіп...
Ағашта өзің білген қарағай тал,
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана ұшқат, шетен, ырғай арша,
Ақ сасық, қызыл қайың, барша шынар... [5, 140]- деп дамыта түседі.
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян» мен «Күй» мен «Күйшінің»,
«Кісен ашқанның», «Құлагердің», «Исатайдың» идеялық өзегі қос өрімдей халық тарихы мен
өнерінен, аңыздары мен мифтік сюжеттерінен желі тартып жатыр. Мағжан романтизмі
105
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
мифопоэтикалық пафоспен өрілсе, Ілияс реализмі этнопоэтикалық айшықтармен көмкерілді.
«Қайта өнерлік дұрыс бағыт, нағыз көркемдік ізденіс жолындағы, эстет Мағжан
Жұмабаевтың зерек шәкірт-ізбасары Ілияс Жансүгіровтің 1923-1924 жылдардағы ақындық
олжалары, ашқан көркемдік жаңалықтары сол уақыт райынан екшегенде мейлінше ірі де
іргелі тәрізденді. [6]
Замандасым, ағайын,
Тұнық миды ашытты.
Мақсаты су маңайым
Жалынымды жасытты
Дүние - дұшпан, мен – долы,
Ызам жердің жүзінде
Талақ қылам мен мұны,
Ұшам Күннің өзіне!
Осындай ажарлы, асқақ ойды, керемет кестелі айшықтарды тек Ілиястай жайсаң,
жасампаз ақын ғана айта алса керек». Мағжанның «Анама», «Жазғы күн қалада», «Есімде…
тек таң атсын», «Жауынгер жыры», «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма», «Тез
барам», «Жаралы жан», «Жер жүзіне», «Тұранның бір бауында», «Түркістан» туындылары
ер түріктің, қазақ жұртының мүддесін биік қойған нағыз патриот, ұлтжанды ақын сөзі.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой...
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көк түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
ХХ ғасырдың бастарында жәдитшілдікпен бірге дамыған түркішілдік ағымын
символдық биікке Мағжан көтерді. Мағжанның өлеңдерінде 1910 және 1920 жылдарда Түрік
әлемі туралы тақырыптар көптеп кездесуі заңдылық еді. М. Жұмабаев 1905 жылы Қызылжар
қаласының байларынан бірі, Ыстамбулда университетте оқыған Мұқамметжан Беришевтің
ашқан медресесінде білім алған. Бұл медресе Солтүстік Қазақстанның ең маңызды білім
ошағы болатын. Медреседе араб, парсы және түрік тілінде білім берілген. Сонымен қатар
Түрік тарихы жан жақты тереңдетіліп оқытылған. 1910 жылы Мағжан медреседе бірге
оқыған досы Бекмұқаммет Серкебаевпен бірге Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне білім
алуға келді. Бұл жылдарда Ғалия медресесінде Сәлімгерей Жантурин мен Әлімжан
Ибрахимов сияқты ұстаздар тәлім берген. Қазақ оқушыларының ең көп шоғырланған
медресесі Ғалия медресесі Еділ–Орал аймағының жәдитші дін адамы Зиаддин Кемали (1873-
1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 1906 жылы 10 қазанда құрылған медресе
“Медресе-и Алие-и Діние” атымен ресми түрде ашылған. Медреседе 1909-1916 жылдары
оқыған 154-тей қазақ жастары арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали Арабаев, Мұстафа
Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б білім алған. [7]
Ілияс пен Мағжан ұлт мүддесі мен халық тағдыры, өнер мен ғылым жайында Алаш
туының астынан табылғаны анық. Тек, бірі жаңа үкіметтің шапағатын көруге асықты,
алданды, екіншісі орыс отаршылдығының кеңес үкіметіне мұра болып қалатынын жан-
тәнімен сезінді. Сондықтан Алаш ұранына, түркілік ұстанымына берік болды. Өйткені «әр
халық өз Отанының шекаралары ішінде тәуелсіз» деген «Кемализмнің» басты ұранын
түрікшіл Мағжан жақсы түсінді.
Отарлық билеудің, қисапсыз салық салудың, зорлықпен тартып алудың, бөліп
жіктеудің салдарынан қазақтың бай мен кедейінің, ағайынның аражігі тым алшақтап кетсе,
кеңес үкіметі қанаушы мен қаналушы тапқа жіктеп, «Жары менен сайы тең, Жарлысы мен
байы тең» қазақты бір-біріне айдап салды. «Ол күндер көз жетпейтін ерке күн ғой» -деп
жырлаған Мағжанның арманы адыра қалып, «Табымның тартам тартысын, Жарлының
106
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |