Практик-маманның зерттеуі Практик-маманның іс-әрекеттегі зерттеуі этнографиялық зерттеулер және жағдаяттық
талдау (кейс) сияқты зерттеу тәсілдерінің көбінде қолданылатын тұжырымдамалық және
лингвистикалық тұрғыдан ауқымы кең термин болып табылады. анағұрлым терең әдеби көздерде
практик-маман қолданатын, әрқайсысы өзінің түрлі акценттерімен және мақсаттарымен,
тарихи және гносеологиялық дәстүрлерімен ерекшеленетін зерттеу тәсілдері туралы айтылған.
алайда барлық дәстүрлер үшін ортақ болып табылатын бірқатар ерекшеліктер де бар.
айталық, практик-маманның зерттеулерінің барлық түрлері зерттеу жүргізу үшін ол адамның
өзі сол қызметте жұмыс істеу керектігін білдіреді, сондай-ақ өз тәжіибесі арқылы білім алып,
біліктілігін толықтырып отыруын көздейді. Мәселен, мұғалім немесе машықтанушы дәрігер
өзіне зерттеушінің рөлін алғанда ол практик-зерттеушіге айналады. Сонымен қатар ерекше
күн тәртібімен жұмыс істейтін осындай практик-зерттеушілердің терең білімі және мәселені
шешуде өзіндік көзқарасы болатындығы да маңызды фактор болып табылады, олар мәселеге
бей-жай қарай алмайды. Маманның осы ішкі білімі, түйсігі оның зерттелетін мәселенің
қарқыны мен басқа жағдайлармен өзара байланысын жақсы түсінетіндігін көрсетеді.