Түйін сөздер: кәсіби шеберлік, тіл мәдениеті, қарым-қатынас қызметі, тілдік қатынас, шығармашылық
қабілет, өзін-өзі дамыту, жеке тұлға.
Өзінің бастауын сан ғасырлық тарих тезінен өткен тілдік әдеп негіздері мен ұлттық
құндылықтардан алатын сөйлеу талаптарын жалпы адамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып жас
ұрпақтың бойына сіңіру, олардың мәдени әлеуетін арттыру тіл мәдениетіне баулу арқылы жүзеге
асары даусыз. Өйткені тіл – адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса, сөйлеу
–
адамның интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі. Бұл да оқушының тілдік, әлеуметтік,
қатысымдық, этикалық дағдыларын дара тұлға мәдениетімен бірлікте дамытудың маңыздылығын
көрсетеді.
Тіл мәдениеті жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда қажет. Тіл мәдениеті болашақ
мамандардың педагогикалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, оқу-тәрбие процесінде маңызды роль
атқарады. Еліміздің тарихы бай, рухани және материалдық мәдениеті жоғары болуы үшін
Х.Досмұхамедовтың: «Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі
бай болады»,- деген пікірі бүгінгі күннің шындығына айналып отыр [1, 12].
Педагогтың тіл мәдениетін қалыптастырудағы аса маңызды парадигма – ана тілін ұлттық
құндылық ретінде меңгерту парадигмасы. Тіл мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі
оқушының бойында ұлттық тілді қалыптастыру болып саналады. Мәдениет, ойлау, тіл секілді ең
негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі ретінде тіл мәдениетінің ішкі
мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып жатыр. Сондықтан тіл мәдениеті:
-
біріншіден, оқушының өзге адамдармен қатынас деңгейін көтеруге қызмет етеді;
-
екіншіден, тіл мәдениеті табиғи түрде адамның ойлау мәдениетін жетілдіруге жол ашады;
-
үшіншіден, тіл мәдениетінің қатысымдық сапасын меңгерту оқушының тілін дамытудан, тілін
ұстартудан басталып, нәтижесінде тілді түйсінуге, құрметтеуге, талғампаздықпен қолдануға әкеледі.
Мұғалімнің кәсіби тіл мәдениетінің маңыздылығы педагогтың кәсіби қызметінде сөйлеу негізгі
құрал болып табылатындығымен байланыстырылады. А.С.Коменскийдің ойы бойынша педагог-
оқытушылар назарын өзіне толық аудару үшін сөз шеберлігіне ие болуы керек. Шәкірттері үшін
мұғалімнің тілі мүлтіксіз және оның мәнерлі, анық және тартымды болуы тиіс. Мұғалімнің тіл
мәдениетінің жасалуы ол таным процесі, ол қандай болса да таным іс-әрекет бойынша іске
асырылады.
Білім берудің жаңаша жүйесіндегі ерекше шешуші орын, қоғамның мәдени потенциалының негізгі
көзі – мұғалімге берілген. Т.Б.Браженің «адам-адам» жүйесінде қызмет ететіндердің кәсіби біліктілігі
олардың базалық білімі мен икемділігіне байланысты ғана анықталмайды. Оған маманның бағдарлай
білу қасиеті, іс-әрекетінің себептері, айнала өмірде болып жатқан өзгерістерді саналы түрде қабылдай
білуі, өзі бірге жұмыс жасайтын адамдармен қарым-қатынас жасай білу өнері, өзіндік
шығармашылық потенциалын дамыта білу қасиеттері жатады. Аталған қасиеттердің бірін
меңгермеген жағдайда бүкіл жүйе бұзылады. Педагогтық қызмет тиімділігі төмендейді [2, 8].
Педагогикалық мәдениет – бұл жоғары деңгейдегі кәсібилік пен педагогтың ішкі жан-дүниесін
сараптай білуі, оқыту әдістемесі мен мәдени шығармашылық қабілеттерін игере білуі. Бұл адамның
жинақталған тәжірибесі мен шығармашылығын ұштастыра білу іс-шарасы. Жоғары педагогикалық
мәдениетті меңгерген ұстаз, жақсы дамыған педагогикалық ойлау мен пайымдауды, шығармашылық
потенциал мен әлемдік мәдени-тарихи тәжірибені орайластыра алады. Сондай-ақ, жоғарыда аталған
қабілеттерге қоса тіл мәдениетінің жоғары болуы мұғалімнің иелігінде. «Педагогикалық қарым-
қатынас мәдениеті» ұғымы дамудың жалпы қабылданған деңгейі мен адамның ой-өрісін рухани және
шығармашылық қызметін қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілік қарым-қатынаспен байланысты
икемділік пен қабілеттілік, үлкендер мен балалардың қарым-қатынас жасауының тәсілдерін,
формаларын, талаптары мен әдістерін игеру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені,
дүниетанымы мен оқытушы мен оқушы қарым-қатынасындағы тарихи аспект мәселелері сынды
мәнге ие.
Кәсіби дайындық мазмұнын адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру – мұғалімнің мәдени
потенциалын дамытатын негізгі құрал болып табылады. Дайындықтың адамгершілік мазмұны, ең
алдымен, біздің жағдайымызда тілге қатысты сұрақтар шеңберін айқындайтын маманның бойында
жоғары деңгейлі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Ғалымдардың пікіріне қолдау білдіре
отырып, біз мұғалімнің адамгершілік мәдениеті мынандай белгілерді біріктіреді деп көрсетеміз:
-
жаңашыл білім беру жүйесінде қажеттілігі қатты байқалатын педагогикалық қарым-қатынас
мәдениетімен байланысты ауқымды кәсіби аспект;
74