Түйіндеме 1 Г. Сулеева – Құрманғазы атындағы ҚҰК, ф.ғ.к., доцент, suleeva71@mail.ru
2
А. Машимбаева – Құрманғазы атындағы ҚҰК, ф.ғ.к., доцент, mashimbaeva81mail.ru
3 Исаева Ж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК, ф.ғ.к., доцент,
Zhanar_isaeva@inbox.ru
Тілек сөздері мен қарғыс материалдары бойынша суггестиялық мәтіндердегі сана стереотиптерін түсіну мәселелері Мақалада лингвистика бағыттары суггестивті лингвистика, алғыс, қарғыс жанрлары қарастырылады.
Қарым-қатынастағы прагматикалық актінің ерекше бөлігі ретінде қарастыралатын тілек айту мен қарғыстардың
мәтіндегі тілдік құралдарына талдау жасалады. Сөз бен алғыс, қарғыс айту әрекеттеріне ерекше назар
аударылады. Бұл белгілі жетістікке жету мақсатында әртүрлі арбау жағдайларының бір көзі ретінде тілдік
қолданысқа енген. Ұлттық мәдениет эталонының мінез-құлқын сипаттайтын таным бөліктері арнайы
қалыптасқан мәтіндерде анағұрлым шынайы көрініс тауып, тілдің құрылымның ұғымдық бейнесін көрсетеді.
Соңғысы адам этномәдениеттің белгілі жағдайларында айқындалады. Жұмыста сөйлеу әдебіндегі амандасу
және қоштасу тілектері жанры көрініс табады, сөйлеудегі тілек сөздерінің негізгі қызметі көрсетіледі. Қазіргі
заманғы ғылымды оқып-үйренудегі тілек сөздерінің лингвистикалық мәртебесімен байланысты мәселелерге,
сонымен қатар оны заманауи мәдениетте қолдану ерекшелігіне баса назар аударылады. Жоғары суггестиялық
мәтінді құрайтын фольклорлық жанр мәтіндері аталған мақаланың талдау ұғымы болатын алғыстар мен
қарғыстарда көрініс табатыны сөзсіз.
Кілт сөздер: тілек білдіру, қарғыс айту этникалық танымның тілдік бағыты ретінде, алғыс тілектері, сөйлеу
әдебінің түрлері, сөйлеу әдебі жанры.