Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет151/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   375
Түйін сөздер: әдеби үдеріс, жаңашыл ізденіс, детективтік элеметтер, заманауи роман 
 
Тәуелсіздік  жылдарынан  кейінгі  жазылған  ғылыми  талдау  еңбектерде,  әдеби  шолу  мақалаларда 
романдардың тақырыптық тұрғыдан тарихи және заманауи деп жіктеліп жүргені жиі байқалады. Ал, 
осы екінші аталған тақырып, яғни қазіргі заманауи тақырыптар, қоғам мен адам, жаһандық дәуірдегі 
адамның жеке тұлғасы, уақыт тынысының әдеби кеңістікте қалыс қалуы  қазіргі әдеби сында, жалпы 
оқырмандар тарапынан сөз болып жүр. Бірақ, үзілді-кесілді бұндай шешім айтып, ауызды қу шөппен 
сүртуге де болмайтыны ақиқат. Өйткені, әдеби процесс үздіксіз қозғалыс үстінде, қаламгерлеріміз өз 
үлестерін  қосып  келеді.  ХХІ  ғасыр  қазақ  романдарының  көркемдік  дәрежесі  әр  түрлі  болғанымен, 
қаламгерлер өз туындыларында бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігін, дәуір шындығын, «адам-қоғам-
әлем»  сынды  антропоцентристік  бағыттағы  бір-бірімен  ажырамас  ұғымдарды  көркемдік  тұрғыдан 
игеріп,  адами  құндылықтар,  жаһандық  дәуірдегі  адамзаттық  мәселелерді  бүгінгі  қазақ    елінің 
мүддесімен тығыз байланыстыра жазып келеді.  
ХХІ ғасыр шеңберінде әдеби сынға ілініп, қазіргі заманауи тақырыптарды көтерген романдардың 
көш басында Ә. Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романы тұрса, одан кейінгі жылдарда жарық көрген 
туындылар  қатарынан  М.  Мағауиннің  «Жармақ»  (2009),  Д.  Досжанның  «Ақ  Орда»  (2005), 
С.Елубайдың «Жалған дүние» (2003), Әлібек Асқардың «Бір күн, бір түн» (2008), Мир Шайырдың 
«О, данышпан дүние» (2008), Д. Батыр «Жарсыз өткен ғұмыр» (2008), Ә. Ыбрайұлының «Ұяластар» 
(2005),  «Зауқайыр»  (2014)  роман-триллері,  А.  Әлменбеттің  «Мимырт»  (2013),    Абдырақын 
Нұрқалықтың  «Иірім»  (2010),  Дархан  Бейсенбекұлының  «Қылтұсау»  (2015),  Нұртас  Исабаевтың 
«Өмірге  құштарлық»  (2012),  Сәуле  Досжанның  «Үлкен  үйдегі  үрей»  (2013),  Зияш  Төлеуованың 
«Банкирдің  өлімі»  (2013),  Рахматулла  Есенбектің  «Тоғыз  шақырым»  (2008)  туындыларын  көш 
бастайды.  
Роман  жанрын  зерттеуші  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Зинол-Ғабден 
Бисенғали: «Қоғамдық санаға біртіндеп еніп орныға бастаған ірі жаңалықтар, өтіп жатқан процестер 
мәдениет  пен  өнерге,  әдебиетке  жаңа  таным  әкеледі.  Сол  жаңа  танымның  бірден  қабылданар, 
жинақталар  және  көрініс  табар  алаңы  осы  жастар  шығармашылығы.  Әрине,  олардың  барша 
ізденістерін  көркем  үлгі,  үлкен  табыс  деп  қабылдауға  болмайтыны  түсінікті.  Бірақ  ойлана  қарауға, 
талдап, байқауға міндеттіміз. 
Жаңалық тәрізді көрініп, көңіл аудара бастаған әрбір әдеби құбылыс, әдеби шығарма көркемдік 
дамудың қажетті, маңызды бөлшегі ретінде қарастырылады. Ол жазу стиліне байланысты бөлектене 
ме,  идея,  мазмұнымен  өзге  көріне  ме,  әйтеуір  қоғамдық  санада  қозғалыс  туғызса  ол  тексерілуі 
тиісті»[1,133],  -  деп  жас  қаламгерлердің  шығармашылықтарын  да  үнемі  назарда  ұстап,  көркемдік 
77 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
танымға сәйкес, әдебиеттегі шығармашылық ізденістерді, құбылыстарды ғылыми тұрғыдан негіздеу 
қажеттігін  айтады.  Осы  тұрғыдан  келсек,  жоғарыда  аталған  қаламгерлер  қатарындағы  Д. 
Бейсенбекұлы,  А.  Әлменбет  шығармашылықтары  -  тәуелсіздікпен  бірге  келген  төл  перзенттері. 
Олардың  романдарындағы  тақырып  мазмұны,  жанрлық  жаңа  ізденістеріндегі  типологиялық 
ұқсастық,  заман  талаптарына  сай  өзіндік  үндері  мен  қолтаңбасы  айқын  сезіледі.  Себебі,  әдебиет 
жекелеген  қаламгерлерден  тұрады.  Шын  мәніндегі  әрбір  талантты  қаламгер  –  өзгеге  ұқсамайтын 
қайталанбас  өнер  иесі  ретінде  әдеби  құбылыс.  Барлық  әдебиеттерде  кездесетін  ортақ  ұқсастықтар 
олардың өзгеге ұқсамайтын өнерпаздық қолтаңбасы мен ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығармайды. 
Мұндай жағдай  екі түрлі себептерден болуы мүмкін.  Оның біріншісі әдебиет өмір сүріп отырған 
қоғамдық-мәдени ортаның ұқсастығынан болса, екіншісі – әдеби байланыстардың әсері. Әдеби ортақ 
қасиеттер бір  ағымдағы қаламгерлерді, ұлттық  әдебиет, одан  қалды  ұлттық  әдебиеттерден  тұратын 
әлемдік әдебиет өкілдерін жұмыр жердегі бүкіл адамзаттың бақытты өмір сүруі үшін күресінде бір-
бірімен  жақындастырып,  ізгілікті  істерге  жұмылдыра  түседі.  Міне,  осындағы  қоғамдық  дамудың 
бірдейлігінен  пайда болған әдебиеттегі ұқсастықтарды типологиялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі 
туындайды[2].  Тәуелсіздік  кезеңінін  жас  толқын  қаламгерлері  А.Әлменбет  пен  Д.  Бейсенбекұлы 
романдарын типологиялық тұрғыдан зерттеуіміз жоғарыда аталған ғылыми тұжырымдарға негізделіп 
отыр.  
Тәуелсіздік  дәуірінің  еркін  ойлы  жас  толқыны  Арман  Әлменбеттің  «Мимырт»  романы  қазіргі 
өзіміз  өмір  сүріп  отырған  заманның  тыныс-тіршілігін  дөп  басып  жеткізген  қарапайымдылығымен 
бірден байқалады. Роман деп аталған туынды не бары 123 беттен, «Бәс», «Уәде», «Шимай» деген үш 
тараудан тұрады. Романның сюжеттік желісінде қазіргі қоғамдағы үй-күйсіз қаңғыбастыққа салынған 
Морж,  қорғанышы  жоқ,  күн  көріс  қамымен  жүрген  Наяхан,  Зияда  сынды  кейіпкерлер,  сондай-ақ 
заманының  ыңғайына  икемделіп,  ақша,  мал  табудың  жолын  әбден  игерген,  олар  үшін 
қорғансыздардың  құны    бес  тиын,  бәрін  ақша,  таныс-тамыр  арқылы  шешу,  белден  басу,  адами 
құндылықтар  өлшемін  пұлмен  таразылайтын  қазіргі  қоғамның  нақ  өкілдері  Күресбек,  Сырым 
образдары, осыларға қарсы әділетсіз қоғамда әділдік орнатуды көздеген Ерден Әбішев сияқты бірлі-
жарым  қаһармандар,  заңсыздық  пен  әділдік  жолында,  кімнің  ығына  жығылу  қажет  деп  өз  ойымен 
жүрген  Мерей  сынды  құқық  қорғау  қызметкерлерінің  образдары  бәрі-бәрі  типтендірілген  бүгінгі 
қоғамда  арамызда  жүрген  қоғам  мүшелері  екені  даусыз.  Бұл  туралы  ғалым  Б.Т.Тілеубаева:  «Әрбір 
жаңа  шығармадан  халық  өз  замандасының  бейнесін  күтеді.  Сондықтан  да  бүгінгі  оқырманға  бар 
адамгершілік болмысымен, жан-жақты характер қырларымен тұщынатын кейіпкер керек. Сан қилы 
жағдайлар  үстінде  барынша  тұлғалана  танылатын  соқталы  қаһарман  тағдырымен  қанаттаса 
бейнеленетін өмір шындығының қоғам қайшылықтарының шығармада қаншалықты дәрежеде көрініс 
табуы  да  елеусіз  нәрсе  емес»,  -  дейді[3,14-бет].  Ал,  академик  Т.  Кәкішев  өзінің  бір  сұхбатында: 
«Бүгінгі  күннің  кейіпкері  кім  өзі?  Алаяқ  бизнесмен  бе?  Ұры-қары  ма,  жоқ…  Бұларды  ұнамды 
кейіпкер деп айта аламыз ба? Бір жазушының үлгі алатын бір кейіпкерін айтшы? Жазушыларды бір 
жағынан кінәлай да алмайсың. Бүгінгі күннің кейіпкерін жасауға талпынған болады, жазып та жатыр. 
Бірақ  уақыт  жар  бермейді.  Кешегі  «Абай  жолы»,  «Ботагөздердің»  дүниеге  келуі  қалыптасқан 
процеске  байланысты  еді.  Әрине,  жиырма  жылдың  ішінде  заманның  кейіпкері  қалыптаса  да 
қоймайды.  Бірақ  жоқ  екен  деп  қарап  отыру  да  дұрыс  емес.  Тіпті  болмаса  бүгінгінің  ұры-қарысын 
көрсет. Жамандықтан да адамды жирендіріп, үлгі алуға болады ғой»[4],- деп түйіндейді. Ғалымның 
пікірін сабақтай түссек, қаламгер романының қызғылықты оқылуының себебі де, осында жатса керек, 
яғни  өзіміз  тірлік  кешіп  отырған  қоғам  мүшелерінің  (қаңғыбас,  бич,  ұры-қары,  алаяқ,  қанішер, 
нашақор  т.б.)  әсіре  қызыл  бояусыз  берілген  образдары  арқылы  шынайы  қоғам  келбетін  сомдай 
білуінде деп ұғынғанымыз жөн.  
Морж, Наяхан, Зияда сынды жалдамалы жұмыскерлердің тағдыры, Күресбек байдың мемлекеттік 
қызметпен  қоса,  жеке  шаруашылық  ұстап,  ебін  тауып  баю  жолына  түскен  іс-әрекеттерінен  бүгінгі 
қоғамның  анық  табы  сезіледі.  Морж,  Наяхан  сынды  өмірден  өз  орындарын  таба  алмай,  тағдыр 
тәлкегіне ұшырап, маскүнемдікке салынып, әркімнің есігінде жүрген қаңғыбастарға қазіргі қоғамда 
есеп жүргізген жандар бар ма?! Автор көтерген мәселе - адамды қоғамның, ортаның жатсынуы. Міне, 
жазушы  қоғамның  осы  шындығын  алдымызға  көлденең  тартады.  Автор  аталған  кейіпкерлердің 
тағдырын тәптіштеп, асыра баяндамайды. Романның орталық кейіпкеріне айналған Морж тағдырын 
екінші бөлімде досы әрі оның  өлімін  тергеуші  Ерден  Әбішевтың  баяндауы  арқылы естиміз.  Сонау 
желтоқсан  зардабынан  оқуын  тастап  кеткен  Морж  сынды  көптеген  жастар  морт  сынып,  тағдыр 
тауқыметін  тартқаны,  өмір  күресіне  төзе  алмауы,  адамдық  қалпына  түсуіне  жол  ашқан  махаббат 
78
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет