Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет152/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
сезімі егжей-тегжейіне жеткізіліп ашылып жазылмаса да, бір ғана эпизод, диалог арқылы көрсетіледі. 
Жалпы,  Арман  Әлменбет  романында  кейіпкерлер  портретін  көркемдеп  жеткізу,  табиғат 
құбылыстарын сурттеуден гөрі, диалогтар арқылы сөйлеу әрекеті үстінде кейіпкерлерінің характерін 
беру тәсілі жиі қолданылған.  
«Уәде»  деп  аталатын  екінші  бөлім  алдыңғы  бөліммен  еш  байланыс  жоқ  тәрізді  тосын 
көрінгенімен,  оның  жұмбағы  үшінші  тарауда  ашыла  түседі.  Екінші бөлімдегі  Әділханның  тағдыры 
тіптен  аянышты  әрі  қазіргі  қоғамдағы  жалғыздық,  өзін-өзі  таба  алмай  жүрген  қаншама  жастардың 
жинақталған  образы.  Бұл  жерде  жалғыздық  мотиві,  адамның  өзін-өзі  жатсынуы  бой  көрсетеді. 
Әділхан  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы  тым-тәуір  отбасынан  шыққанымен,  ата-анасының  жас 
Әділханның  еркінен  тыс  шешім  қабылдауы,  үй  болуына  қарсылық  көрсетулері,  әрі  мамандық 
таңдауына  дейінгі  ұйғарымдары  қазіргі  қоғамдағы  басты  мәселелердің  бірі.  Ата-анамен  балалар 
арасындағы  түсініспеушілік,  үлкен  трагедиялық  күйге  ұрындыруын  жеткізуге  тырысады.  Бұл  да 
болса, ащы шындық екені мәлім жайт.  
Романда  дін  де,  қазіргі  жастар  арасындағы  имандылыққа  бет  бұрған  шындық  та,  қоғамның 
трагедиясына айналған суисид те сөз болады. Көркем туынды автор танымы, қоғамдық ортаға ортақ 
қабылданған  парадигмалар  тұрғысынан  суреттелетіндіктен,  автордың  мәтінге  ортақ  тұлға  ретіндегі 
болмысы  көрініс  тауып  отыруы  заңды  құбылыс.  Бұл  мәселе  қазіргі  әдебиеттану  ғылымында  автор 
және  шығармашылық  процесс,  автор  және  көркем  мәтін,  яғни  көркем  мәтіндегі  авторлық  тұлға 
мәселесі ретінде терең зерттеліп келеді.  
Роман абайсызда атылған қаңғырған бір оқ қаңғып келіп тиген (Моржға) қаңғыбас тірлік иесінің 
өліміне кінәлі Әділханды тұтқындауымен аяқталады. Романды әлеуметтік тыныс-тіршілікті қамтитын 
полицейлік-детиктив деп атауға болар еді. Себебі Морждың жұмбақ өлімі, оның құпиясын ашудағы 
әрекеттер бәрі-бәрі шытырман оқиғалы детектив-романды еске түсіреді. Ал, романдағы әлділер мен 
қорғансыз  топ  өкілдері  арасындағы  жағдайды  суреттей  отырып,  мәселе  қоюы  жас  қаламгердің 
суреткерлік шеберлігінің сәтті қадамы деп ұғамыз. Шытырман оқиғалардың жұмбағын шешуге деген 
талпыныс  оқырманды  өзінің  иіріміне  тарта  түседі.  Роман  туралы  ғалым  А.  Қалиева:  «Детектив 
үлгідегі шым-шытырық оқиғалардың тізбегі қазіргі заманның келбетін барынша ашады. Романдағы 
бүгінгі ауыл тұрмысы, бас бостандығынан өз еркімен айырылған «бичтердің» тағдыры, жастар өмірі 
көз  алдымыздағы  қоғамдық  қатынастардың  күрмеуі  қиын  мәселелерінен  сыр  шертеді.  Шығармада 
төрт  құбыласы  түгел  бақытты  жандарды  кездестіру  қиын.  Кейіпкерлердің  баршасының  басында 
әлеуметтік  өмірдің  түрлі  ауыртпашылықтары  жетіп  артылады»[5,352  бет],  -  дейді.  Иа,  Бірінші 
бөлімде маскүнем Морждың күнделікті тірлігі, Күресбек байдың жас тоқалын көріп, бұрынғы адами 
қалпына  келуге  тырысуы,  ақыр  соңы  трагедиялық  жұмбақ  өліміне  тап  болсақ,  екінші  бөлімдегі 
Әділханның  өз  тағдыры,  махаббатағы  сәтсіз  жолы  сюжеттік  желіні  мүлдем  басқа  арнаға  бұрып 
әкетеді. Ал, осы екі сюжеттік желі үшінші «Шимай» бөлімінде тоғысып, өлімнің сыры, әлеуметтік-
тұрмыстық жайлардың бітіспес күресінің үздіксіз жүретініне көз жеткіземіз. Сәтсіз аяқталған Морж 
өмірінің  Әділханның  тағдырына  ұласуы  өмірдегі  үздіксіз  өмір  өткелдерін,    сол  өткелде  талай 
жандардың тағдыры не оңға, не солға басып, тағдыр тәлкегіне ұшырап отыратын заңдылықты еске 
салғандай күйде қалдырады. Романның да аяқталмай қалғандай әсерде қалдыруының бір себебі, міне 
осында жатса керек деп ұғынамыз. Романның атауы айтып тұрғандай, өнбейтін мимырт тірлік...  
Д. Бейсенбекұлының «Қылтұсау» романының тақырыбы қазақ жастарының тағдырына арналады. 
Бүгінгі  қатал қоғамдағы жастардың  тағдыр-талайы,  өмір  сүру  дағдылары сөз  болып,  Қазақстанның 
қазіргі заман келбетін натуралистік элеметтермен сипаттайды. Романдағы қазақ жастарының тағдыры 
екі желіде өрбиді. Сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары шет елдік отбасы асырып алған, өз тілі мен 
салт-дәстүрінен  ажырап  қалған  жат  жұрттық  болған  Бадди-Батыр  және  өз  еліміздегі  қазіргі 
жастардың  тағдыры  Ғабит,  Әмір,  Тамшы,  Сафура  сынды  кейіпкерлер  арқылы  қоғамдағы  әр  түрлі 
әлеуметтік мәселелер, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың дағдарысы суреттеледі.  
Жаңа  заман  авторы  ретінде,  жаңа  ғасыр  –  жаңа  кезеңнің  әдебиеті  өзіне  дейінгі  мән  берілмеген 
мүмкіншіліктер  мен  жаңа  мағынадағы  тақырыпқа  иек  артып,  қазақ  әдебиеті  тарихында  роман 
жанрында  (поэзияда  жиі  ұшырасады)  алғаш  рет  шетел  асқан  қара  көз  қазақтың  ұрпағы  туралы, 
жесірін  жылатпаған,  жетімін  қаңғыртпаған  кешегі  ата-бабаларымыздың  бүгінгі  ұрпақтарының 
тіршіліктерін көтеріп отырғанын айтуымыз керек.  
Автор жаһандық деңгейдегі оқиғаларды суреттейді. Америка жастары мен қазақ жастарының өмір 
сүру  салттары  паралельді  түрде  суреттелген  роман  шым-шытырық  оқиға  желісіне  құрылып, 
жастардың  лабиринтті  түйіні  көрінбейтін  тіршіліктері  екі  құрлықта  Америка  және  Евразия 
79 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет