УДК 82-31 (574) ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ УАҚЫТ ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КЕҢІСТІК Ақболатов А.А. -Абай атындағы ҚазҰПУ 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс докторанты, aidarbek_akbulat@mail.ru ӘбдіғазиұлыБ. - Филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (ғылыми кеңесші),
b.abdigaziuli@mail.ru Мақалада ХХІ ғасырдағы қазақ роман жанрының даму тенденциясы туралы сөз болады. Жас қаламгерлер
романдарының әдеби дәстүр мен жаңашылдық тұрғыда жаңаша дамуы арнасы, әлемдік әдебиет тәжірибелері
мен жаңашыл ізденістері, заман тақырыбының көркемдік тұрғыда игерілуі, авторлардың өзіндік стилі, көркем
мәтіндегі формалық ізденістер, детективтік элементтер А. Әлменбеттің «Мимырт» (2013), Дархан
Бейсенбекұлының «Қылтұсау» романдары арқылы жан-жақты талданады. Романдар құрылымындағы жаңа
заман кейіпкерлері, психологизм, философиялық иірімдер қазіргі қазақ роман жанрының түрлік даму
тенденциясының бағдары ретінде сараланады. Романдардағы бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігі, дәуір
шындығы, «адам-қоғам-әлем» ұғымдарының көркемдік тұрғыдан игерілуі, адами құндылықтар, жаһандық
дәуірдегі адамзаттық мәселелердің қазақ елінің мүддесімен тығыз байланыстыра суреттелуі көрсетіледі.