Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. Әр ақындың жазылу стилі өзгеше болатын сияқты Есенғали ақынның да өлеңге ұйқас беру әдісі
өзгеше екен. Біз поэма бойынан төрт қатар шумақтың соңғы қатары мен келесі шумақтың бастапқы
жолы бірдей қайталануын байқаймыз. Ақын бұлай беруінің себебі, біздің оймызша, оқырманның
қызығушылығын арттыру мақсатында келтірген сияқты. Мұндай қайталауларды поэмадағы Салық
пен күйші Дәулеткерей екеуінің арасындағы диалог тартыстан көреміз:
Ашылып сықырлауық сол екпіннің
Өрнегі ши есіктің дір-дір қақты,
Өрнегі ши есіктің дір-дір етті,
Араннан боз арғымақ ырғып өтті.
Оқиғаның шарықтау шегінде Салық пен Сарыөзеннің ішкі толғаныстары мен қара оба бойында
орналасқан Фатима тас мүсінінің Салыққа айта алмай тұрған шындығы беріледі. Салықтың Фатима
тас мүсініне айтқан ішкі уәжі мына жолдардан аңғарылады:
Бәлкім, сатқын сарматтарды қарғап тұр...
Сармат тайпасының ашылмай қалған сырын тас мүсіннен іздеген Салық өз ойын осылай білдіреді.
Оқиғаның шешімінде қара құрымдағы сармат ауылын қырып салып, қара қорымды – қара обаға
айналдырған Батраздың қылмысы ашылмасына кепілдік болған салт дәстүрі – «сармат тайпасында да
моланы ашпау дәстүрі болған» поэманың соңғы шешімінде де көрінеді. «Қазақтын тағы бір ұл,
Қағынып туған екен жатырынан» деп тісін қайрап жүрген орынбор генерал-губернаторы поэма
соңында Салыққа білдірмей у беріп өлтірген Крыжовскийдің адьютанты да: «Өлікті тексерту де,
қайта ашу да. Бұл елдің салтында жоқ» деп миығынан күліп тұрған іс-әрекеті оқиғаның шешіміне
айналғандай.
Сарыөзен арнасынан асып, буырқана тасығанда қара оба опырылып құлап, жалаңаштанған сармат
сүйектері Батразд қырғынының тарихын, құпиясын ашса, Салық өлімінің құпиясын «Сарыөзен»
поэмасында ашылғандай. Жалпы, осы поэмасы арқылы қазақ даласындағы тарихи тұлғалардың
өміршеңдігін көркемдіктің түрлі тәсілдерімен жеткізе алған ақынның өзінің де азаматтық борышы
аңғарылып жатқандай еді.
Ақынның «Бастау», «Келінтөбе» жыр жинақтарынанкейін «Ғайша-бибі» атты жыр жинағы
оқырман назарына ұсынылды. Бұл жинаққа шағын лирикаларымен қоса Е.Раушановтың нағыз
ақындық тұлғасын танытқан шығармасы «Ғайша-бибі» поэмасы енгізілді. Қазіргі қазақ поэмасының
даму деңгейі төңірегінде ой өрбітсек те алдымен ойға оралатыны Е.Раушановтың «Ғайша бибі»
поэмасы еді.
Поэманың мазмұндық-құрылымдық сипаты өте күрделі болғандықтан, таңдаулы жекеленген
бөлімдерге ретпен жүргізгенді жөн көрдік. «Ділім – қанағат, дінім – табиғат» деген түркі мақалын
эпиграф еткен поэманың «Тізгін қағарында» алда айтылар оқиғадан хабардар етіліп, түркілер
тарихынан сыр шертіледі. Түркілер мен түркі еместердің тұрмысы мен салты, тілі, атағы мен даңқы
жырланады. Түркілердің түп тарихын жыр тілімен өрнектей келіп, Көк Тәңіріне сыйынған сенімен,
көшіп-қонып тірлік кешкенін тілге тиек етеді.
Ауыз әдебиетіндегі жыршылық мәнерді жазба әдебиетпен ұштастыра жырлаған ақынның «Тізгін
қағарындағы» кіріспесінің өзі оқырманды бей-жай қалдырмайды.
Ғалайкум-ассалаума бас қонаққа,
Сонан соң үлкен-кіші жас талапқа,
Ниетімді жырға бұрдым, жүзімді – елге,
Хиссасын Ғайша бибі бастамаққа. Фольклорлық үлгілерде көбіне тыңдарманға әсер ету басты назарға алынатынын ескерсек,
ақынның бұлайша сөз бастауының өзі шығарма мазмұнына оқырманын назар аударту еді. Оқиға
желісіне өзек болған халық жадындағы аңыз ақын қолданысында мүлде жаңа қырымен танылған.
Бұл өзі жаңам емес, ескім еді,
Алыстан жаңғырығым естіледі.
Мақал бар:
«Түлігім – жылқы, түбім – түркі»,
Ал, тарттық сол түркіден көштен бері...
112