Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет195/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   375
Кілт  сөздер:  диалог,  стиль,  характер,  монолог,  бақсы,  оқиғаның  шешімі,  тотем,  фольклорлық  дәстүр, 
түркілер тарихы, поэтикалық тіркес. 
 
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік өрнегін қалыптастырып жүрген әрі алдыңғы аға буын ақындар 
сапынан  табылатын  дара    шығармашылық  иесінің  бірі    Есенғали  Раушанов  болатын.  Ақын  ең 
алғашқы  жинағын  1980  жылы  «Бастау»  деген  атпен  шығарып,  тырнақалды  өлеңдерін  көпшілікке 
танытты. Кейіннен 1984 жылы «Келінтөбе» деген атпен екінші жинағы өмірге келді. Бұл жинақтағы 
өлеңдерінен Е.Раушановтың сол уақытта-ақ  өзіне тән дара ақындық қолтаңбасының қалыптастырып 
үлгергенін  көреміз.  Бұл  жинақта    өлеңдерімен  қоса,  «Біз  Гагарин  қаласынанбыз»,  «Бақдәулет  пен 
жоламан» және «Сарыөзен» атты үш поэмасы жарық көрді.  
Е.Раушановтың  «Сарыөзен»  поэмасына[1,  290  б]  келсек,  тарихи  тақырыпта  жазылған  бұл 
туындының  жазылу  стилі  де  өзгеше.  «Сарыөзен»  атауының  өзі  бізге  оқиға  барысын  аңғартып 
тұрғандай. 
110
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Поэмада  тарих  қойнауынан  бізге  белгілі  Томирис  дәуіріндегі  сармат  тайпасының    көсемімен 
ларкион  офицері  Батразд  арасындағы  оқиға  сөз  болып,  сонымен  қатар  ХІХ  ғасырда 
Ш.Уәлихановтармен  қатар  өмір  сүрген  С.Бабажановтың  өмір  жолы  да  қатар  алынып  отырады. 
Ақынның  Ш.Уәлихановты  алып  отырғанының  да  өзіндік  мәнісі  бар.  Оның  жас  болса  да  орыс 
географиялық  қоғамының  мүшесі,  қазақ  халқы  арасынан  шыққан  алғашқы  ғалым  екені  белгілі.  Ал 
Бабажановты    бірі  таныр,  бірі  танымас.    Бабажанов  та  өрімдей  жас  шағынан  ғалым  атанып,  орыс 
географиялық  қоғамының  мүшесі  болған,  қазақ  халқы  үшін  жаппай  сауаттандыру  үрдісін,  қазақ 
жерінде  мектептер  ашу  жолын  іске  асыруға  ат  салысқан    жанашыр  тұлға  еді.  Осы  екі  дәуірдегі 
оқиғаларды  бірдей  поэма  бойына  сіңіріп  қатар  алу  ұғымын  қолдану  арқылы  ақын  поэмадағы 
оқиғаның басталуын, шиеленісін, шарықтау шегі мен қарытындысын ұтымды байланыстыра білген. 
Сонымен қоса поэма бойынан біз қара сөзбен жазылған автордың өзіндік ойларын, «Махамбет пен 
Исатай» көтерілісінің маңызын, шамандық әрекеттерді, басты кейіпкер Салық пен қара оба мүсіннің 
арасында  жүретін  диалог  әңгімелерін  кездестіреміз.  «Ақын  жасаған  характерлердің  ар  жағында 
көбіне мінез тану емес, адам тану ниеті жатады» [2,36 б]. Бұдан байқайтынымыз, поэманың жазылу 
стилі өзгеше.  
Ең алғаш оқиға басы ақынның пролог ретінде келтірген қара сөзімен бастау алады. «Әлқисса, қара 
оба түс көріп жатыр. Түсінде...». Тарих қойнауындағы  кезеңдерде қалған сармат ауылдарына Батразд 
салған  қанды  қырғыннан  пайда  болған  қара  оба,  осы  сұмдық  пен  шындықтың    куәгері  тас  мүсін, 
шындықты білмей сарсаңға түскен кейінгі ұрпақтың түсінде көріп жатып оянып кетеді. Поэма басы 
осы оқиғамен беріліп келесі Бабажанов дәуіріндегі оқиғамен жалғасын табады.  
«1862 жыл Орынбор Генерал-Губернаторы Крыжановскийдің қабылдауына»  келген Бабажановты 
ақын былай сипаттайды: 
Сәнді аула. 
Терезеден құйылып нұр, 
Күзетші босағада бұйығып тұр. 
Қарайды маңдайшадан дала жаққа 
Суреті самұрықтың түйіліп бір. 
 
Есіктен жас сотниктің басын көріп, 
Генерал тұрды орнынан қасын керіп. 
Желкеде самұрық тұр сіл қозғалсаң, 
Жарқ етіп тұсетіндей жасын болып... 
Әрі қарай  орыс губернаторының  Бабажанов туралы өз ішкі ойларыменжалғасын табады. Поэма 
басындағы  Батразд  пен  сармат  көсемі  арасындағы  диалог  генерал-губернатор  Крыжановский  мен 
сотник Салықтың сұқпаты қайталанған ескіоқиғаларды еске түсіргендей. 
Одан әрі орыс губернаторының қабылдауынан шыққан Бабажановтың монологы беріледі. Негізгі 
деталь  ретінде  фаэтон  (арба)  алынып,  арбаның  жүріс  әрекеті  мен  Бабажановтың  өз  монологомен  
жақсы үйлесім табады. Мысалы: 
  
Фаэтон жұмсақ тебеп, шайқалады, 
  
Сансыз ой... 
Қайтсе жаны жай табады. 
Күлімдеп көз алдында губернатор, 
Санада қайта бәрі жаңғырады... 
 
Әділдік, айналайын бар екенсің, 
Сен енді нұрмен жуып дала төсін. 
Шынға алып шыныменен шығасың ба 
Қазақтың көп адасқан қара көшін... – 
деген  жолдармен  беріледі.  «Біздің  дала  ашылып  келгенге  –  алақан,  жұмылып  келгенге  – 
жұдырық...  Арам  ниеттілер  менің  жерімнен  өтпейді»  деген  кешегі  сармат  көсемінің  сөзі  бүгінгі 
Салықтың  да  ой-түйінінде  бар.  Оқиғаның  шиеленісуі  барысында  орынды  әрі  тың  детальдар 
саналатын  –  бақсы  ойыны  мен  тас  мүсін  хикаясына  байланысты  оқиғалар    поэманы  мазмұндық 
тұрғыдан байытып қана қоймайды, бас қаһарман бейнесін тұлғаландыра түсуге, кейіпкерлер мінез-
құлқын жан-жақты ашуға көп септігін тигізеді.  
111 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет