Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Болмады ғой болмаспен белдескеннің,
Жылан көшті жұртынан сен көшпедің.
Сыртың – адам болғанда, ішің – жылан,
Не болды ертеңің жерлестерім?
Қауымдастарының жан түршігерлік пиғылы мен қылығына қарап Ғайша «бұл да адамның өзін
Құдай деп есептемегендігінен туындап отырған жай» деп ойлайды. Сол уақытта қаған айтыс өткізген
сәтте Ғайша бар ойын осы кезде айтуды ойлайды. Саудагер кейпінде қаған сол айтысқа шығады. Қыз
бен жігіт болып сөз қағыстырған қаған мен Ғайшаның сөз саптаулары ерекше ұлттық поэтикалық
тіркестердің зор көркемдік үлгілерін таныта алды. Ақын айтысқа тән толық стильді сақтай отырып,
екі айтысушының тіліне қоғам, өмір жайлы ең негізгі мәселелерді салады. Ақын қолданысындағы
қызмет ауыстырулар сол замандағы халықтың ұғымына жақын, айтылар ойдың мәнін, астарын
ұқтырарлықтай бейнелеулер болып келеді. Жалпы Ғайша өзі өмір сүріп отырған қоғамға көңілі
толмайды. О. Бөкеев шығармашылығын зерттеушілердің бірі С. Асылбекұлы өз мақаласында « ...
әдебиетке тән бір ерекшелік – ондағы басты кейіпкерлердің өзі өмір сүріп отырған қоғамға көңілі
толмайтындығы, сондықтан да олар бұл әлеуметтік ортаны жатсынып, оған іштей қарсы болады...»
[3, 69 б]. Яғни ақын Ғайшаның мінезін осылай көрсетуін әдебиетке тән құбылыс екенін байқаймыз.
Поэмада Ғайшаны өз заманының өресі биік ақыны, өзгеше ақылға ие жан ретінде көрсете. Ақын
Ғайшаның әрбір сөзі мінез-қимылынан өзгеше талант пен болмысты таныған қағанның ішкі халі де
шынайы сипатталады.
Бір гәпті қырағы қыз аңдап қалды,
Сол гәпте зіл батпандай салмақ барды.
Тоқын жұрт сазан қызды алып кетті,
Қаба алмай әттең деп қармақ қалды.
Осы шумақта біраз жайтты байқатқан ақын Қаған сезімін аңғартатын «Қаба алмай «қап, әттең»
деп қармақ қалды» деген жолды еспе қайталау түрінде қолданады. Қағанның ойын білдіретін ішкі
монологқа құрылған шумақтар арқылы де ақын кейіпкердің жан дүниесіндегі қайшылықтар мен
толқуларды бейнелеген. Ақын психологиялық мезеттермен кейіпкерлерінің бейнесін таныта түседі.
Түйіп айтқанда, поэманың философиялық мәні терең мифтік сарында жазылған деп айта
аламыз.Жырдың қара сөзбен аралас келуі, автордың жыршы міндетін атқарып отырғандай көрінуі,
қосымша беріліп отыратын түсініктемелер, бір-біріне мән үстеп, мағына қосып отыратын өлең
жолдары поэманың маңыздылығын арттыра түседі. Ақын поэмаларының мәнін танытатын адам мен
табиғат тағдырының өзгеше қырларымен суреттеген бұл туындылар қазіргі ұлттық поэзиямыздағы
нағыз мифологиялық сарында жырланған шоқтығы биік шығармалар дегіміз келеді.
1
Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан: өлеңдер мен поэмалар. – Алматы:Ратирет,2006.– 384 б.
2
Медетбеков Т. Алар асуы алда//Комуникативті жол.– 1985.– 25 июль.
3
Асылбекұлы С. О. Бөкеев іңгімелерінің поэтикасы. Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология»
ғылымдары, №4(46), 2013г.
Достарыңызбен бөлісу: