ТІЛ БІЛІМІ ЛИНГВИСТИКА ӘОЖ 811.512.122373 ДИАЛЕКТІЛІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР МАЗМҰНЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ АҚПАРАТ Атабаева М.С.- филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер
ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың
ауқымды бөлігін фразеологизмдер құрайды.Фразеологизмдердің пайда болуына халықтың тұрмыс-тіршілігі
мен мәдени өмірінің ықпалы зор. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда, ондағы ұлттық
қабылдау, ұлттық дүниетаным, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологизмдердің жасалуына негіз
болатын нәрсе – адамдардың күнделікті өмірде көріп жүрген заттар, айналасындағы құбылыстар содан
туындайтын жағдайлар, түрлі жағымды, жағымсыз әрекетердің ықпалы.Тілдегі тұрақты тіркестердің
мағыналық астарында халықтың бүкіл өмірінің қыр-сыры жан-жақты сақталып суреттеледі. Ойды бейнелі,
мәнерлі етіп, айқын жеткізу үшін тілдегі тұрақты тіркестердің қалыптасу, шығу тарихын зерттеу тіл
ғылымындағы ең өзекті мәселелердің бірі саналады. Тұрақты тіркестердің жасалу жолдарына, оның мағыналық
тамырына терең үңілу этномәдени мазмұнын бағамдауға мүмкіндік береді, оны ашып, айқындап сипаттап
түсіну арқылы этномәдени ақпаратты пайымдау қазіргі мәдениетаралық коммуникациядағы аса маңызды
мәселенің қатарына жатады.Аталған белгілер тіл атаулының барлығына ортақ болса, семантикалық бейнелілік
жағынан алғанда, әр тілдің фразеологиялық оралымдары ұлттық бояуымен ерекшеленеді, өйткені әр этнос
әлемді өзінше көріп таниды. Қазақ тілінің фразеологиялық қоры бай, ал диалектілік фразеологизмдер осы
қордың мол қабатын құрайды.Мақалада қазақ тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексика-семантикалық
топтары, оның ішінде «бет, жүз» ұйытқы сөздері арқылы жасалған фраземалардың этномәдени мәдени
ақпараты жайында сөз болады.