жұтқан фразеологизмімен синонимдік қатар құрайды. Жүрек соматизмінің ұйытқы болуы арқылы
жасалған фразеологизмдер адам айтқысыз асқан ерлікті танытады. Талай қырғын жаулаушылықты
бастан кешкен халық ұғымында оны қорғаушы мифологиялық батырдың болмысы-бітімі ерекше
болуы керек. Әр дәуірдің өз батыры, қаһарманы болады, халық қазіргі күні аталған
фразеологизмдердің бастапқы мағыналарын ұмытқанымен, оның ерлік, батырлықты көрсететін
символдық мәнін эпитет ретінде жиі қолданылады [5,150-153-бб.], өйткені ерлікке қай заманда да
орын бар.
Ендеше қазақ тілінде де фразеологизмдердің пайда болу себептері мен уәжіне алдымен оның
тұрмыс-тіршілігі әсер етеді. Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтына, тіршілік ету ортасына қарай
қалыптасқан рухани құндылықтары болады, осыған қарай қызмет ететін атаулар тұрақты тіркес
құрамында да кездеседі. Қазақ тілі фразеологизмдерінің құрылым-құрылысында тіл иесінің төрт
түлік малға негізделген күн көру, өмір сүру қағидалары, салт-дәстүріне, ұлттық мәдени тіршілігіне
қатысты суреттерден хабар беретін лексемалар негіз-тірек болады. І. Кеңесбаев оларды «ұйытқы сөз»
деп атағанды мақұл санайды, мұндай сөздердің қатарына: тіл, жүрек, көз, ауыз, қол, бас, аяқ, қара, тас, ат,ит, жер, жеті т.б. сөздерді жатқызылады [6, 611-б.].
Осыған орай, қазақ тілі фразеолгизмдері:соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер;
жан-жануар атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер; сан атаулары ұйытқы болған
фразеологизмдер; түр-түс атауларының ұйытқы болуы арқылы жасалған фразеологизмдер болып
топтастырылып жүр. Осылардың бәрі алуан түрлі образ жасауға негіз болады. Ал оларды заттық-
тақырыптық жағынан топтастыруда: 1) ұйытқы, темірқазық қызметіндегі сөздердің лексикалық
мағыналарын ескере отырып; 2) фразеологиялық бірліктердің жалпы мағынасын, яғни берілген
немесе заттың мағынасын ескере отырып жүйелеу принципін ұстанады [1,11-б.].
Адамдардың болмысы табиғи жаратылысы дене мүшелері атауларының фразеологизм жасаудағы
ұйытқы немесе тірек сөз болуындағы қызметі ерекше, өйткені адамның тіршілік иесі ретінде алдымен
өзіне таныс, дене мүшелерінің әбден үйреншікті дағдылы құбылысқа айналған қызметі мен
қасиеттері ауыспалы қосымша мағынаға ие болады. Сол себепті түркологияда бұл мәселеге айрықша
назар аударылып келеді, ол еңбектерде дене мүшелерінің фразеологизм жасаудағы өнімділігін
олардың түркі тілдеріне ортақ көнетүркілік қабатқа жататындығымен байланыстырады [7,34-б.].
Соматикалық атаулар қазіргі түркі тілдерінде ежелгі семантиканы сақтаумен қатар, сөздік қордың
негізін құрап отыр. Олардың ішінде фразеологизм жасауда: көз, жүрек, қол, ауыз, бет, қан, іш, тіл лексамалары өрісті келеді, сондықтан да олар жан-жақты зерттеу нысанына айналған.
Б.К.Уызбаеваның қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдерді этнолингвистикалық
тұрғыда зерттеулері нәтижесіне қарағанда, таңдалып алынған сексен үш соматизмнен мыңнан астам
фразеологизм туындайды екен [7,34-б.].
Бұл жалпыхалықтық әдеби тіл деректеріне қатысты болса, диалектілік фразеологизмдер қорында
аталған ұйытқы сөздердің бәрі де ұшырасады. Осы топтағы бет-жүз соматизмі қазақ тілінде бет-