Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет21/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   375
Тірек  сөздер:  этнос,  халық,  лексика,  дәстүрлімәдениет  культура,  фразема,  семантика,  этномәдени 
семантика, мәдениетаралық коммуникация, этномәдени ақпарат, тіл байлығы, бейнелілік.  
 
Өзін  қоршаған  ортаны  әр  ұлт  өзінше  қабылдайды,  осы  орта  бейнесі  оның  тілінде  және 
мәдениетінде көрініс табады. Мәдениет дүниетанымға негізделеді, ал тіл – ең  басты көрсеткіш, сол 
себепті қазіргі тіл ғылымы тілді мәдениеттің феномені, ұлт дүниетанымның айнасы, ұлт мәдениетінің 
көрінісі ретінде зерттеуге үлкен мән беріп келеді [1, 6-29-бб.]. 
 
Адам баласының ойы мен рухани дүниесін, дүниетанымын, өмірлік іс-тәжірибесін, практикалық 
әрекетін оның тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге біртұтастықта қарастыру, басқаша айтқанда, кез 
келген  халықтың  тілінде  ұлттық-мәдени  сипатта  бекитін  дүние  суретін,  дүние  бейнесін 
антропоцентристік  парадигманың  фундаментальді  ұғымы  ретінде  зерттеу  –  қазіргі  заманғы 
лингвистиканың  ең  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Адам  дүниедегі  бар  затты  тілдегі 
сөздермен  белгілейді,  ал  тілдік  бейнесі  жоқ,  тосын  дүниені  немесе  затты  қабылдау  санаға  қиын 
соғады.  Әлемнің  адам  санасындағы  бейнесі  тілдегі  бейнелермен,  яғни  сөздермен  өте  ұқсас.  Көп 
жағдайда  бірін-бірі  қайталайды.  Әр  ұлттың,  халықтың  санасында  әлем  бейнесі  сыртқы  және  ішкі 
факторларға  байланысты  әртүрлі  болғандықтан,  тілдегі  ерекшеліктер  де  сан  алуан.  Сыртқы 
факторларға  географиялық  орта,  әлеуметтік  жағдай,  шаруашылық  түрі,  діннің  ықпалы,  тарихи 
жағдайды,  ал  ішкі  факторларға  әдет-ғұрып,  дүниетанымды  жатқызады.  Ұлттық  мәдениеттің  ең 
маңызды  және  күрделі  құрамдарының  бірі  –  тіл.  Шындықтың  адам  санасында  қабылданып,  ой 
елегінен өтіп, сөз болып қалыптасып, сөз тіркесі немесе сөйлем ретінде айтылу процесі нәтижесінде – 
әлем бейнесі тілде екінші көрінісін  табады. Сондықтан да әлемнің бейнесі мен тіл екеуі - өзара тығыз 
қарым-қатынаста. 
Әлем бейнесі әлемге деген белгілі бір көзқарастың бүтіндігін, жалпылығын білдіреді. Бұл туралы  
Э.Д.  Сүлейменова:  «Әлем  бейнесі  ұғымында  бүтіндік  белгісі  бар  және  ол  тілде  адамдардың  ұзақ 
қатынасы  ретінде  мәтін  түрінде  жүзеге  асуы  мүмкін.  Жеке  сөздердің  табиғатында  әлемнің  тілдік 
бейнесін  жасау  мүмкіндігі  жоқтығы,  олардың  қарым-қатынас  қызметін  атқару  мүмкіндігінің 
жоқтығымен сәйкес келеді» [2,14-б.], – деп  жазады. Әр ұлттың өз әлем бейнесі болды, себебі тіл тек 
ойлау,  қарым-қатынастың  құралы  ғана  емес,  тіл  -  бүкіл  этностың  рухани  және  мәдени  өмірінің 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
айнасы. Н.Ю.Шведованың  пайымдауынша, тілдегі әлем бейнесі - халықтың көп ғасырлық тәжірибесі 
негізінде және тілдегі бірліктер арқылы жасалған бүкіл тіршіліктің бүтін әрі бөлшекті әлем ретіндегі 
бейнесі. Өз құрылымында ол біріншіден, адамды, оның материалды және рухани өмірін, екіншіден, 
оны  қоршаған  кеңістік  пен  уақытты,  тірі  және  өлі  табиғатты,  сонымен  қатар,  адамның  өзі  ойлап 
тапқан мифтер мен социумды көрсетеді [3,5-б.].  
Адам баласының өзін қоршаған ортаның, ақиқат болмыстың мәнін түсінуінің тәсілі ретінде дүние 
суреті мифологияда, религияда, поэзияда, фольклор мен сурет өнерінде, қолөнерде т.б. қабылдау мен 
ұғынуға  ыңғайлы,  жеңілдетілген  формада  белгіленеді,  бейнеленеді  және  бекиді.  Дүние-ғаламның 
күллі адамзат баласына ортақ болуы дүние суретіне жалпы адамзаттық әмбебаптық сипат дарытады 
десе  де,  әрбір  этномәдени-тарихи  қауымдастықтың  дүние  әлемді  өзінше  көруі  мен  тануының, 
қабылдауы  мен  елестетуінің,  ұғынуы  мен  түсінуінің  және  бұл  процестердің  нәтижесін  бейнелеуі 
амaл-тәсілдерінің  өзгешелігіне  байланысты  дүние  суреті  этноәлеуметтік  және  этномәдени  реңкті 
жинақтайды [4,18-19-бб.].  
Сөйтіп, дүние суреті адамның дүние-әлемді тануын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар 
ол  адамның  өмірлік  іс-әрекетінде  бағыт-бағдар  қызметін  де  атқарады,  ұлттық  дүниетаным  әлемін 
құрайды. Сондықтан дүниетаным – дүниенің тілдік бейнесіне қарағанда әлдеқайда күрделі құбылыс 
саналады.  Дүниенің  халық  танымындағы  көрінісі,  яғни  дүниетаным  –  дүние-ғаламның  сан  алуан 
құбылыстарына,  адамзаттық  қоғамдық  құрылыстың  барлық  қабаттарына,  этникалық  мәдениеттің 
құрамдас  бөліктеріне  қатысты  көзқарастар  жүйесін  құрайтын  ұғымдар  мен  түсініктердің  және 
олардың  өзара  байланысының  санадағы  бейнесі.  Демек,  ұлттық  дүниетаным,  түптеп  келгенде, 
дүниенің концептуалды бейнесінің нысаны. 
Ұрпақтан  ұрпаққа  берілетін  әлемнің  тілдегі  бейнесі  жаңарып  та,  өзгеріп  те  отырады,  басқа 
этноспен,  өзге  мәдениетпен  араласу  арқылы  толығып  та  тұрады.  Жалпы,    ұғым  ұлттың  өзі  сияқты 
баяу  да  болса,  даму  үстіндегі  құбылыс  деп  түсінілгенімен,  ұлттық  нышан,  белгіні  танытатын  тіл 
бірліктерінің  мызғымайтын,  өзгермейтін  түрі  болады,  ол,  әрине,  қай  тілге  де  ортақ    дүние  - 
фразеологизмдер  құбылысы.  Фразеологизмдердегі  өзгеріс  көбінде  экстралингвистикалық  жағдайға 
байланысты жүзеге асады, онда да азды-көпті түрленетін ішкі мазмұн емес, форма.  
Тілдердің  қайсысында  да  фразеологизмдердің  қоры  олардың  әлемді  тануының  ұлттық-тілдік 
моделінің негізіне алынатын фразеологиялық дүние бейнесін жасайды. Онда  ұлттың есте жоқ ескі 
замандардағы  өзін қоршаған орта, шындық болмыс туралы терең философиялық ой-танымы, ұлттық 
рухани мәдениетінің қайнар көздері көрініс табады. Фразеологизмдер арқылы берілетін бейненің түп 
негізінде белгілі бір этномәдени ұжымның сан ғасырлар бойы қоршаған ортаны меңгеруі, игеруі және 
онымен  мүмкіндігінше  үйлесе  өмір  сүруі  үдерісінде  қалыптасатын  әлемді  айшықты,  бейнелі  етіп 
көруі  және  тануы  жатады,  сондықтан  фразеологизмдердің  этномәдени  мазмұны  негізінен  
адамдардың  күнделікті  қарапайым  тұрмыстық  қарым-қатынасы  аясындағы  бейнесінен  құралады.  
Ә.Қайдардың  тұжырымдауынша,  бүгінгі  фразеологизм,  мақал-мәтел  деп  жүрген  тұрақты  тілдік 
единицалардың  басым  көпшілігі  -  бір  замандағы  күнделікті  қарапайым  тірліктің,  құбылыстың 
нәтижесі  ретінде  қалыптасқан  тілдегі  көрінісі.  Олар  бара-бара  тұрақталып,  мағыналық  өзгерістерге 
ұшырауы салдарынан этнофразеологизм және мақал-мәтел дәрежесіне көтеріледі. Олардың дүниеге 
келуі  о  баста  малға,  аңға,  өсімдіктерге,  аспан  әлеміне,  табиғат  құбылысына  байланысты  болса, 
бүгінде  бәрі  айналып  келіп  адам  тұрмысына,  мінез-құлқына,  жақсы-жаман  қасиетіне,  ішкі-сыртқы 
көрінісіне бағышталады [1,214-215-бб.].  
Демек фразеологиялық бейнені адамды қоршаған зат-құбылыс тудырады, мәдени ақпарат олардың 
негізгі қасиеттеріне сүйеніп жинақталады. Адам баласы өзін қоршаған ортаның әрбір бөлшегін: жан-
жануар, өсімдік, тұрмыстық зат, ұғым, өзін (дене мүшесі т.б.) - зерттеп игеріп, оның жақсы-жаман, 
пайдалы-зиянды  белгілерін  айқындайды,  осының  бәрін  өзі  көріп  жүрген,  көңіліне  түйген  зат, 
құбылыс  бейнесімен  салыстыру  арқылы  өмір  сүру  ережелерін  жасап,  оның  ұлттық  белгілерін 
қалыптастырады.  Осыған  орай,  Ә.Т.  Қайдар:  «...И  любопытно  то,  что  в  этих  ассоциативных 
параллелях,  получаемых  на  основе  наблюдений  за  животным  миром,  с  одной  стороны,  и 
взаимоотношениями  людей  и  их  поступками  в  разных  жизненных  ситуациях  с  другой,  носители 
находят  много  общего  или  схожего,  что  и  служит  образно-фоновой  основоой  образования  УВ  и 
мотивами  их  переноса  и  переосмысления.  Так  например,  в  казахском  языке  выражение  сиыр 
сипағанды  білмейді  (букв.  «корова  не  понимает,  что  ее  гладят»)  употребляется  по  отношению  к 
людям,  которые  не  понимают  и  не  ценят  проявляемых  к  ним  добрых  чувств  и  благородных 
намерений.  В  данном  случае  физиологические  свойства  животного  ассоциативно  переносятся  на 
2
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
анологичное  человеческое  поведение  или  психологию  [1,215-б.],  -  деп  жазады.  Қазақтың  дәстүрлі 
көшпелі  тұрмысына  сиыр  малы  қолайсыз,  сондықтан  оны  өсірумен  қазақ  халқы  отырықшылыққа 
ауысқаннан  кейін  айналыса  бастаған.  Қазақ  тұрмысында  жылқы,  қой,  түйе  жануарлары  жоғары 
коннотацияға  ие  болады,  ал  сиыр  малы  мешкейлік,  талғамсыздық  көрінісі  саналады.  Адамның 
талғамы  жақсы  мен  жаманды  ажыратып  бағалаудан  туады.  Жүрегінің  түгі  бар  фразеологизмі 
”батыр,  батыл,  еш  нәрседен  тайсалмайтын,  қаймықпайтын  адам“  мағынасын  білдіріп,  жүрек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет