Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет201/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   375
Түйін сөздер:
 
әңгіме, повест, ұлттық мінез, ұлттық менталитет, ұлттық  психология, ұлттық сезім, ұлттық 
сана,  ұлттық  мүдде,  ұлттық  тіл,  психологиялық  диалог,  психологиялық  пейзаж,  психологиялық  параллелизм, 
психологиялық сезім, психологиялық тәсіл, қайта оралу, күлкі, жылау, трагедия. 
 
Д.Исабековтің  шығармалары  –  өмірдің  өзінен  алынып,  айналадағы  күнде  көріп  жүрген 
құбылыстар  өзіндік  құнарлы  да  қарапайым  тілімен  әлеуметтік  деңгейге  дейін  көтерілген  шыншыл 
туындылар.  Суреткердің  арнасынан  асқақтамай,  қысқа  да  жинақы  жазылған  әңгіме,  повестерінде 
адам өмірі, табиғи тазалық, адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген. 
Жазушы  шығармаларында  («Ескерткіш»,  «Бонапарттың  үйленуі»,  «Талахан-186»,  «Қара 
шаңырақ»,  «Кемпірлер»,  «Ай-Петри  ақиқаты»,  «Шойынқұлақ»  және  т.б.)  көбіне  қоғамды  тікелей 
әлеуметтік  айыптау,  сынау-мінеу  жоқ,  жазушы,  керісінше,  салқын  қанды әңгімеші  ретінде  көрініп, 
кейіпкерлерін  әлеуметтік  -  психологиялық  типтер  деңгейіне  көтере,  сюжеттерді  күлкілі  ситуация 
төңірегінде өрбіте отырып, үлкен философиялық жинақтауға қол жеткізеді. 
Дулат  Исабековтің  «Талахан-186»  әңгімесі  туралы  біршама  тұжырымдар,  пікірлер  айтылды.  Бір 
оқып  шыққан  адамға  еріншек  қазақтардың  болар-болмасты  сөз  қылған  пайдасыз  тірлігінен  хабар 
берер әңгіме сияқты көрінгенімен, зер салған оқырман Кеңес үкіметі тұсындағы әлеуметтік қоғамдық 
тоқыраудың  адам  психологиясына,  ұлттық  менталитетке  еткен  әсерін,  яғни,  рухани  тозған 
кейіпкерлер  іс-әрекетінің  бағамдары  сөзсіз.  Автор  бұл  әңгімесінде  бүгінгі  күн,  өмір  шындығынан 
ауытқымайды. Осы туындыдан біздің қоғамның барлық кемшілігі, қасіреті айқын көрінеді. Қаламгер 
115 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
шығармасында  «мына  әдеттен  без,  мынаны  үйрен»  дейтін  жалаң  дидактика  жоқ,  тіпті  ешқандай 
тұжырым  да  айтылмайды.  Өйткені  айтарлықтай  оқиға  да  жоқтың  қасы,  әңгімеде  тек  шындық, 
өзгеріске  ұшыраған  ұлттық  болмыс  көрінеді.  Жалпы  жазушы  өзінің  уытты  тілі  арқылы  аңқау  да 
бейғам қазақ ауылын суреттегені анық болғанымен, оның әңгімесінің негізгі арқауы – сол замандағы 
рухани дағдарысқа ұшыраған қазақы орта, ұлттық танымның бүлінуі.  
Жазушының «Қара шаңырақ» әңгімесі – ұлттық мінездің негізі  ауылмен байланысты екенін тағы 
бір аңғартатын туынды. Жаппай қалаға көшу, ауылда қалған ата-баба қонысы, үлкен үй саналатын 
қара шаңырақты күзетіп шал мен кемпірдің қалуы қазақ даласына енген рухани және материалдық 
өзгерістердің  ұлттық  менталитетке  тиген  әсерін  айқындай  түскендей.  Қазақы  қара  шаңырақтың 
қасиетті  белгісі  –  бесіктің  жастар  қолданысынан  шығып  бара  жатқанына  деген  қынжылысты 
сезінесіз. Немесе ұлттық мінездің заман өзгеруімен түрленгенін Есіркептің әкесіне: «Көке, сіз демала 
беріңіз, біз тамақ даярлап жіберейік», – деуінен тағы бір аңғаруға болады. Қазақ халқында қашан да 
ер-азамат қазан-аяққа араласпаған, бұл отбасы анасының еншісіндегі дүние екені ықылым заманнан 
белгілі. Міне, қаламгер осындай кішкентай эпизодтарды шым-шымдап әңгімеге енгізу арқылы қазақы 
ұлттық мінездің өзгерісін көз алдыңызға әкеледі. Қазір біздің қоғамда үйреншікті болып кеткен әрбір 
іс-әрекеттің тарихи салт, әдет-ғұрып емес, кейіннен таңылған құбылыс екенін үнемі есіңізге салады. 
Атақонысқа  ие  болу,  қасиетті  қара  шаңырақтың  отын  өшірмеу   ер-азаматтың  міндеті  емес  пе  еді? 
Әңгіменің  «Қара  шаңырақ»  аталуы  да  тегін  емес.  Қара  шаңырақтың  иесі  саналатын  үйдің  кенжесі 
Есіркептің: «Кішкентайды бала бақшаға орналастырамыз», – дегені Шөмішбай қарттың үмітін үзіп, 
жігерін  құм  қылды.  Бұның  өзі  –  қазақ  ұлтындағы  ұрпақ  тәрбиелеп,  өсіруде  ата  –  әже  орнының 
жоғалып бара жатқанының көрінісі. Жастайынан әже әлдиін, ата ертегісін, ұлағатты сөзін тыңдамай 
өскен  ұрпақтың  бойында  ұлттық  менталитеттің,  қазақша  айтқанда,  ділдің  берік  болуы  –  екіталай 
нәрсе.  Бұл  да   –  «балаларын  өскенше,  немерелерін  өлгенше  бағатын»  қазақтың  ата-әжелерінің 
бейнесін толықтыра түсетін әңгіме» [1,243]. 
Ұлттық  психология  төрт  белгіге:  ұлттық  мінездің  негізгі  нысандарына,  ұлттық  сезімге,  ұлттық 
санаға  және  ұлттық  мүддеге  қатысты.  Ұлттық  мінездің  нағыз  көрінісі  –  қонақжайлық  жеке  дара 
қасиет емес, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытатын қасиет. Қонақжай қазақы мінезге ұлттық 
тағамды тұтыну, сол арқылы өзара сыйласудың әдеті мен әдебі аясында баға беруді Д.Исабеков қағыс 
қалдырмаған. «Ақырамаштан наурызға дейін» әңгімесіндегі алғашқы жолдар бала күннен бәрімізге 
тән ауылдың қонақжайлығы айналасында өрбиді. Бірінсіз-бірі піскен асты алдарына алмайтын тату-
тәтті көршілер арасының, құдайы қонақ келсе, қазан асуға жүгіретін қазақы салт іргесінің, ауылдағы 
қарым-қатынастың кеңестік идеология әсерінен бұзылуы, яғни, «арғы ата-бабама, әкеме тіл тигізді» 
деп  пошташы  Отардың  падашы  Кемпірбайдың  үстінен  акт  жазып,  оған  куә  адамдарға  қол 
қойдыртып, оның аяғы жолдастық сотқа апаруы – ауылда бұрын-соңды болмаған дау шешудің тосын 
жолы.  Қазақтың  сөзге  тоқтаған  тамаша  қасиетінің,  үлкенді  сыйлау,  алдынан  кесе  өтпейтін  жақсы 
салтының  жоғалуы  ауыл  шалдары  арасындағы  сыйластықтың  кеміп  бара  жатқанын  көрсетеді. 
Ұрпақтың  ұлттық  мінезді,  ана  тілді  жоғалту  мәселесі  ақын-жазушыларымыздың  өзекті 
тақырыптарының  бірі  болып  табылады.  «Ұлт»,  «ана  тілі»,  «ұлтжандылық»  деген  ұлы  мәселелерді 
қоғамға жар салып айтпақ түгілі, ол туралы ойлаудың өзі қылмыс болған кеңестік саясат кезінде-ақ 
Д.Исабеков – өз шығармалары арқылы қазақ тілінің бейшара кейпін, тілдің жұтаңданып, әлеуметтік, 
қоғамдық-саяси  ортада  қолдану  аясының  тарылып  бара  жатқанын  шынайы  көрсете  алған  батыл 
жазушы. 
Тіл – ұлттың жаны. М.Жұмабаевтың: «Тілсіз ұлт тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, 
ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарты – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы 
ұлттың  құри  бастағанын  көрсетеді.  Бір  ұлттың  тілінде  сол  ұлттың  жері,  тарих  -  тұрмысы,  мінезі 
айнадай көрініп тұрады» [2,28], – дегенін еске алсақ, ұлттың өмірі, ұлт мінезінің сақталуы бірден-бір 
ұлтқа қатысты екенін көреміз. 
Қаламгердің  шығармаларында  социалистік  идеологияның  басты  міндеттерінің  бірі  –  орыстану, 
қазақша  ойлаудан,  сөйлеуден  бас  тартқызу  екенін  әшкерлейтін  эпизодтар  байқалып  қалады. 
Әңгімелері  нақ  кеңестік  заман  тұсында  өмірге  келгенімен,  парасатты  жазушы  тілден  айырылған 
ұлттың  бірте-бірте  өзіндік  ұлтқа  тән  мінез-құлықты  жоғалтатынын  ерте  сезініп,  астарлы  юмор 
арқылы осы мәселені көтере білді. 
«Дулаттың «Қара шаңырақ», «Шалдар», «Кемпірлер» деген үш новелласы оның қаламына тән бір 
қасиетті,  яғни,  бүгінгі  ауылдың  этнографиялық  хал-ахуалын  жетік  білетінін  және  оны  реалистік 
бояумен тартымды етіп бере алатын мүмкіндігін көрсетеді» [3,242]. 
116
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет