Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет202/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
«Талахан-186» әңгімесіндегі: «Шын аты Бектұр, бірақ ол мектепке барған жылы осы аудандағы 
қазақтар  арасында  орысша  аталу  мода болды  да,  ол  атын  Виктор  деп  өзгерткен  болатын»,  –  деген 
жолдар да қазақы ауылдағы саясат өзгерісін жіті бақылағандай. Жазушы осы тұста қазақ халқының 
бойындағы  еліктегіштік  қасиетті  де  қалыс  қалдырмаған.  Қанша  жерден  қатал  саясат  болса  да, 
ешкімнің  азан  шақырып  қойған  атын  зорлықпен  өзгерте  алмайды  емес  пе?  Тілдің  қолдану  аясы 
тарылып, барлық іс орыс тілінде жүргізілгендіктен, қазақша адам есімінің қадірсіз болғанын қаламгер 
бір ауыз сөзбен аңдатады.  
Бұл – нағыз қазақы ұлтық мінездің саясат салдарынан өзгеріске ұшырауын дәлелдейтін жолдар. 
Әйтпесе, ықылым заманнан бері баласына ат қою дәстүріне сонша мән беріп, оны ел ішіндегі беделді 
адамдардан  қалап  алып,  ырымға  балап,  молданың  азан  шақыруымен  жария  ететін  тамаша  дәстүр 
оралмасқа  кетті.  Сөйтіп,  «саяси  оқиғалардың  тірі  көрсеткішіндей  Октябрь,  Социал,  Аврора, 
Потемкин,  Рева,  Люция,  Коммуна,  Стахан,  Чапай,  Щорс,  Роман,  Роллан,  Максим,  Маркс,  Энгельс 
есімді балалар көше-көшелерде құлындай шауып жүрді» [4,477].  
«Социализм зәулімі» әңгімесіндегі мына жолдарға назар аударайық: «Жиналыста отырған жиырма 
бір адамның бәрі қазақ, қазақ болғанда да көпшілігі орысша білмейтін, білсе де, суды «уада» дейтін 
қазақтар  еді  ғой,  оған  қарамастан,  Оспан  өз  ойын  түп-түгел  орысша  айтып  шықты.  Сөз  орысша 
айтылған соң жұрттың бәрі ұйып тыңдады». Міне, «шаш ал» десе, бас алатын»  қазақтың мінезі, бұл 
жерде жазушы қазақтың еліктеп асыра сілтейтін жаман қасиетін, тобыр санасын сынға алып отыр. 
Күлкіден  гөрі  жылағыңыз  келеді.  Жиналыста  отырған  қазаққа  «орысша  сөйле»   деген  ешкім  жоқ. 
Солай бола тұрса да, саясаттың салқынымен бір-бірімен ана тілінде сөйлесуді ұятқа санаған мәңгүрт 
сананың нәтижесі – бұл. 
Д.Исабеков – шығармаларында өз халқының кемшілігін көріп, аяусыз сынай алған батыл жазушы. 
Ұлттық характерді ашу дегеніміз – сол ұлттың қасіретін, қарекет, тіршілігін, тағдырын бүркелемей 
сыртқа шығару. Автор осынау аса қиын, аса маңызды күрделі мәселеге өзінің көркем туындылары 
арқылы жауап іздеуді мұрат тұтқан. 
Зерттеу  нысанына  алынып  отырған  суреткердің  адамгершілік-парасаттылық  сияқты  мәселелерді 
көтерген шығармаларынан байқалатын басты ерекшелік – адамның ішкі әлемін, рухани сырын айқын 
аңғарту. Осыдан бастау алып, жалғасын тауып жататын жаңалықтың бірі – жазушы қаламынан туған 
көптеген  шығармаларға  тән  тамаша  нәзіктік,  сазды  сыршылдық,  әдемі  әуездік.  Жазушы 
шығармашылығындағы  кейіпкер  психологиясының  ашылуы  олардың  сөйлеген  сөздері  арқылы,  іс-
әрекеттері,  ішкі  монолог,  психологиялық  диалогтар,  ым-ишарат,  жест,  бет  құбылысы,  дене 
қозғалысы,  психологиялық  пейзаж,  параллелизм,  деталь,  портрет,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  талдау, 
өзіндік таным, түс көру, сандырақтау, күлкі, жылау, сыр ашу және т.б. арқылы жүзеге асып жатады. 
Қ.Ергөбек: «Дулат Исабеков – мейлі өткен күн тағылымын айтсын, мейлі бүгінгі күн шындығын 
жазсын,  қайда  да,  қашан  да  –  шынайы  суреткер.  Айтарын  характер  арқылы  бейнелей  айтады, 
жазарын көркем детальдарды ойната құбылтып ашады, шығарманың көркемдік формасы жұтынып, 
композициясы дөңгеленіп шып-шымыр шығады» - деп, қаламгер туындыларына тамаша баға берді 
[5,123]. «Пері мен періште» повесіндегі Құлахмет ағайдың Сафураға алған біз өкше туфлиі, Нәзікетке 
арнаған қызыл лентасы мен жинаған ірі-ірі қып-қызыл алмалары да деталь қызметін атқарады. Қызыл 
лента Нәзікеттің бұрымына арналған. Қазақ отбасындағы бұрымды кішкентай қыздың қызыл алмадай 
өсіп  келе  жатқандығының  белгісі.  Қызыл  түс  –  әдеміліктің,  қызғалдақтай  балғындықтың  символы. 
Жазушы Құлахметтің көңіліне қуаныш орнатқан кішкентай ғана ботақанын өз отбасында, әке-шешесі 
қасында, қызғалдақтай өсіп келе жатқан періште көңілді Нәзікетті біз өкшелі Сафурадай шешесінің 
жұлып алып кетуін деталь дәлдігімен бере білген. Авторлық таным тұрғысынан біз өкшелі туфлидің 
өзін  деталь  ретінде  алып,  оны  біздиген  Сафура  характерімен  психологиялық  параллелизмде 
суреттейді. 
Д.Исабековтің «Мазасыз күндер» повесіндегі: «Әйел кеткен соң есімде елес болып қалған нәрсе  
оның оттай жанған шырайлы жүзі мен жалт еткен жанары ғана болды. «Ол жанар – аптабы қайтпаған 
өмірді жырлап тұрды. Ол жанар  қазаны төңкеріліп, қасығы сынған ішкі бір дүниенің шама-шарқын 
баян  етіп  тұрды»  [4,50],  –  деген  жолдар  кейіпкердің  бір  қарағанына  осынша  терең  мәнді  сыйдыра 
білген қаламгердің әйел психологиясының білгірі екенін тағы бір аңғартса керек.  
Көз  жанарының  түрлі  сипаты  арқылы  адамның  ішкі  дүниесінде  болып  жатқан  түрліше 
психологиялық  хал-күйді  таныту  арқылы  жазушы  кейіпкерлерінің  образдарын  тереңдете  ашып 
көрсетеді. Ал, «Сүйекші» повесінде жазушы сүйекшінің барлық ауыр тұрмысын бір сәттік көзқарасы 
арқылы аңғарта білген. Адам мен қарым-қатынас, әңгімелесу үстінде өзгенің бет-әлпетінен тек сол 
117 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет