Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. қалыптасқан сюжеттерден көш ілгері болғанын мойындауымыз керек. Оның шығармаларына негіз
болатын өзек – адам өмірі, өлім, махаббат, қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық. Бір
оқығанда, ауыл адамдарының қалжыңына құрылған оқиғалар сияқты болғанымен, әрбір
шығармадағы оқиға сыртында адам тағдыры, адамның рухани өмірдегі алшақтықтан шаршауы,
қоршаған ортаны түсінбестіктен туған дағдарыс басты орын алады.
Қаламгердің туындыларында хаттың көркемдік мәнде жұмсалуы арқылы кейіпкердің даралық
сипаттары, мінез иірімдері кеңінен ашылады. Көркем прозадағы хаттың мәнінің фольклорлық
шығармалардан бастау алатын көркемдік қызметін талдай отырып, Г.Пірәлиева былайша ой
тұжырымдайды. «Хат-хабар беру қызметімен қоса жеке адамның ішкі ойына ерік берер, құпия
интимдік сезімдерді де сыртқа шығарар көркемдік тәсілдердің бірі әрі психологиялық талдаудың бір
түрі» [7,167]. «Пері мен Періште» әңгімесіндегі туысына ағынан жарылған хаттағы ойлар арқылы
кейіпкер жан дүниесін мазалаған жайттардың сыры ашылады. Құлахметтің іштей дағдарысқа түсуі,
жалғызсырауы, өзінің ішкі дүниесін ақтаруға адам іздесуі арқылы адам психологиясында өтіп жатқан
процестерді жайып салады.
Ал, «Тіршілік» повесінде шебер суреткер хатты жақсылықтың, қуаныштың жаршысы ретінде
пайдалана отырып кейіпкерлер өмірінің мәнін-мазмұнын айқындайды. Өмір түйіткілерінде теперішті
көп көрген екі қарттың көз қуанышы – немересінің ата-әкеге деген мейірімі арқылы ұрпақ
жалғастығын паш етеді. Адамдар қарым-қатынасындағы хаттың рөлі арқылы кейіпкерлерінің жан
әлемін жарқырата ашу осы шығармадан анық көрінелі. Томаға – тұйық, шағын ауылдың
адамдарының арасындағы кикілжің себепкері де осы хат арқылы өрбиді.
Жалпы жазушы шығармаларының қай-қайсысында көңілі тоқ, өз өміріне риза кейіпкер жоқтың
қасы. Оның «Сүйекші», «Тіршілік», «Дермене» повестерінде өмірлері қара күшке, әлеуметтік
жағдайға тәуелдікпен өткен адамдардың күресі суреттеледі. Адамдар тағдырындағы трагизм –
«кішкентай адам» өміріндегі арман – мұрат пен кешкен ғұмыр арасындағы сәйкессіздік, адам
билігінен шығып кететін түрлі оқиғалар, адам баласының «жатыр түнек пен көр түнек» арасында
шырқырап жүріп бастан өткеретін азабы – әдебиеттің негізгі сюжеті болса, бұл сюжетті өз
шығармашылығының өзегіне айналдыру – жазушының қолынан келер шаруа. Кемел жазушы
туындыларында оқиғалардың өзі типтік емес жағдайлардан туындайды, яғни, кездейсоқ
ситуациялардан өрбиді. Алайда трагизмге апаратын жол тек бұл емес қой. Жалпы жазушы
трагизмінің негізі неде? Оның кейіпкерлерінің көбі азап шегіп жүреді, жеңіліс тауып, қайғы құшып
жатады. Бірақ зерделей келсек, шығармаларында жақсылық, ізгілік атаулы көбіне бойкүйездік,
зорлық-зомбылықтан жеңіліс тауып жатса да, жазушы үшін табан астында болған жекпе-жектегі
жеңістен гөрі адам баласының рухани ішкі жеңісі қымбат. Бұл тұрғыдан алғанда оның кейіпкерлері
өздерінің рух мықтылығымен ерекшеленеді. «Дерменедегі» Омаш, «Тіршіліктегі» Дәулетбай,
«Сүйекшідегі» Үкітайдың ақыр соңында жеңіліс тауып жататыны кездейсоқ емес. Осы ретте
Д.Исабеков шығармаларын оқи отырып, өмірдің басты мәні тіршілікті барынша мағыналы өткізу
екенін аңғарасыз. Жинақтай келгенде айтарымыз: әдебиеттің негізгі обьектісі – адам болмысының
сан қырлы құпиясын ашуда қарымды қаламгер психологизм үрдісінің өзіне тән айшықтарын
қалыптастырған. Шығармашылық жолы көркем өнерге қатаң талаптар қойылған тұста дамып,
өркендегенмен, өз заманынан оқ бойы озық тұрудың әдісін тапқан суреткер кейіпкер жан дүниесіне
үңілуде жалпы адамзаттың өркениет қалыптастырған ізгі дәстүрлерін ұстанған. Әрі оны өзіндік
өрнегімен байытқан, жоғарыда талдап көрсеткеніміздей, адам жаратылысындағы ішкі-сыртқы
қасиеттердің көркемдік мәнін түрлендіре, құбылта көрсету жолымен өз кейіпкерлерінің жан әлемін
жарқырата көрсетіп, оқырман жүрегіне бойлай білген. Бет-пішін, көздің жан-дүние сырын
танытудағы түрліше ролі әр шығармасында әр қилы мән иеленген. Ал, түс көру сарынының
көркемдік қызметі Д.Исабеков прозасында бұрынғыдан байып, адамның жан қалтарысының тереңіне
бойлау құралы ретінде көрініс тапқан. Екі ұдай сезім сипаты: жылау мен күлудің кейіпкер тұлғасын
танытудағы мәнері де өзгеше. Жағымды, жағымсыз эмоцияық хал-күйлердің алуан түрлі сипатына
үңілу арқылы суреткер кейіпкер тұлғасын сомдаудың өзгеше өрнегін жасаған.
1 Орда Г. Әңгіме. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: 2005.–Т.9. – 242 б. 2 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Білім, 1996. Т.3. – 289 б. 3 Қаратаев М. Дәстүр және жаңашылдық. – Алматы: 1980. – 158 б. 4 Исабеков Д. 2-томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1993.– 497 б 5 Ергөбек Қ. Ұлтын сүйген жүрек үнi. //Қазақ әдебиетi:1992, №10. – 9 б. 120
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 6 Әмірхан М. Мәңгiлiкпен межелеу. // Егемен Қазақстан: 1992, №7. – 4 б. 7 Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.