УДК 821.512.122 ҚОЙДЫМ ДАРУБАЙҚЫЗЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЛБЕТІ ЖӘНЕ АЙТЫСКЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІ Қожекеева Б.Ш. - ф.ғ.к., қауым.профессор м.а., қазақ әдебиеті кафедрасы; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., bekzada61@mail.ru Көшекова А.А - ф.ғ.к., қауым.профессор м.а., қазақ әдебиеті кафедрасы; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Koshekova71@mail.ru Бұл мақалада Жетісу өңірінің ақындарының бірі – Қойдым Дарубайқызының ақындық өнері және
айтыскерлік шеберлігі қарастырылған. Өткір тілді айтыскер ақын Таңжарық пен Қойдымның айтысы
көркемдігі жағынан өте жоғары айтыстардың бірі болып саналады. Айтыста ақындар жеке басының тірлігінен
басқа әлеуметтік мәселелер, елдің басындағы ауыр халі, заман келбеті тақырыбындағы үлкен жағдаяттардың
көтерілуімен мәні зор, мағыналы айтыстардың бірі екендігі айтылады. Сол замандағы қиын тағдыр тәлкегінен
Қытай асып кеткен халықтың басындағы қиыншылықтың зор екендігін білуге болады. Атажұртына қауышқан
елдің қуанышымен қатар көптеген әдеби-мәдени мұраларымыздың қатары көбейіп, толысып, молыққандығы
туралы, сонымен қатар ақын өмірінен мәліметтер бере отырып берілген. Бүгінгі әдебиеттану ғылымының да
өрісі кеңейе түскендігі туралы айтылады.Мақала Қойдым Дарубайқызының өмірбаяндық деректерін бере
отырып, ғылыми жұртшылықтың назарын аудару да көзделген.