Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Қойдымның ауылында өтіп жатқан тойда ақыры айтыстың сәті түседі. Тінәлі ақын да Таңжарықты
алдағы болатын айтысқа қайрап:
Қойдыммен айтыспаған қалмады ақын,
Келеді сол ақынның бәрін жеңіп.
Сен түгіл біз разы болар едік,
Қойдымды осы жолы берсең жеңіп – дейді
Таңжарық та өз кезегінде үнсіз қалмай іліп әкетеді:
Жасық сөз Тінәлі айтпай маған
Байқарсың істің артын болсаң аман.
Қойдым қиын болғаны маған жақсы
«Ер болсын дұспаның да» деген заман
Таңжарықтың Қойдым қыздың атағына тәнті болып, енді онымен айтыста бағын сынауға асығып,
іздеп, сәтін салар күнді күтіп жүргендігі белгілі болады.Оны ақынның өлеңдерінен де байқауға
болады:
Қойдымның атын естіп қалған сайын,
Назарым соған ауып барған сайын.
Кәдімгі өшіккендей болып жүрдім,
Таба алмай іздеп барып қалған сайын.
Ел қандай, екеумізді екі жақта,
Сыйғызбай мақтап жүрді неше сақта.
Ойланып жеңер ақын сөздерімді,
Көңілімде даярладым мен де жатқа [3, Б. 302].
Ақынның Қойдыммен айтыссам деген арманы 1925 жылдың күз айына тура келеді. Қойдымның
ауылында той болып, шақырту алады. Қойдымды жеңем деп келген ақындардың бәрі тауы шағылып,
жеңіліп кетіп, оның атағы жер жарып, аспандап тұрған шағы екен. Шабарман келіп, Таңжарықтың
келе жатқанын айтып хабар береді. Жеке үй сайлатып, барлық жөн-жоралғы жасалып, ақындарды
күту жүріп жатады. Таңжарық тықыршып, Қойдымды іздеп отырған сәттің бірінде зарықтырған ақын
қыз да келіп, үйге кіреді. Сондағы Таңжарықтың Қойдымды суреттеуі мынадай еді:
Бұраң бел,
орта бойлы, кішкене аяқ,
Болар-ау, Қойдымдай жан некен-саяқ?
Адамды жалт қаратар лебізі бар,
Бетінен төгіледі нұры тарап [3, Б. 307].
Шиыршық атып отырған Таңжарық пен атақты ақын қыз Қойдымның айтысы әу дегенннен
басталып та кетеді. Ақынның өз басына тиісіп сөйлеген сөздердің арты ел-елдің кемшілік-
артықшылығын айтып, бетіне басуға ұласып, соңы жігіт жақтың бір адамының жанжалын тудыруға
дейін барады. Әңгіменің ушығып бара жатқанын сезіп Қойдым ақын айтысты тоқтатып
Таңжарықтың иығына шапан жабады.
«Жеңіліп мен баладан жасымаймын,
Тоқтаймын сыйлағаннан ата-аруақты».
Деді де Қойдым тұрып орынынан,
Әкеліп иығыма шапан жапты.
Шапанды жаба тұрып былай деді,
Елірме жеңдім ғой, – деп, – ақын мені.
Жеңсең де, жеңілсең де жол сенікі,
Бұрынғы, соңғылардың солай жөні.
Таңжарық, сен Албанның жиенісің,
Қарай жүр шаңыраққа төбеңдегі [3, Б. 31].
138
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Қойдым мен Таңжарықтың айтысы жалпы айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірінен саналады.
Себебі, айтыста қара басының қамын ғана ойламай, ел жайы, елдегі әр түрлі әлеуметтік мәселелер де
сөз болады.
Ел басына түскен ауыр күндерден Қойдым да басын арашалап қала алмады. 1932 жылы отбасымен
бірге ата-мекенін тастап арғы бетке ауып кетуге мәжбүр болады. Әрине, ол жақта да оңай дүние
күтіп тұрған жоқ еді. Елдің еңсесін көтеріп, ел қатарына қосылуы оңайға тимеді. Ол жөнінде: «Қытай
билеушілері қазаққа ауыр алман салық салу арқылы күшпен ұстаймыз деп сенді. Бірақ қазақ халқы
қытайдың мұндай қанау, дінсіздендіріп ассимиляцияға ұшырату, қолындағы құрал-сайманын тартып
алып, ел бастайтын ерлер мен халықтың ар-ожданын қорғайтын көсемдерін, рухани дем беруші
ақын-жазушыларын абақтыға жабу, олардың көзін біржолата жою. Құнарлы жерлерге ішкі қытайдан
«тың игерушілерді» қоныстандыру, ...» [4, Б. 281], – деген болатын қазақ-қытай байланыстарын
зерттеуші Н.Мұқаметқанұлы.
Бүгінгі таңда Таңжарық шығармаларының көпшілік және ғылыми ортаға кең насихатталуының
арқасында Таңжарық шығармашылығында үлкен орын алатын Қойдым ақын еңбектеріне де қалам
тартылып жүр.
Таңжарық пен Қойдым ақын шығармашылығын зерттеуге байланысты ғалым Т.Дәуітұлы:
«Көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, мәдениет қайраткері, филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрлыбек Мәмесейітовтың 1990 жылы қазақ әдебиеті газетінде
жарық көрген «Таңжарық пен Қойдым» атты мақаласы, жұрт арасында жақсы аңыс қозғаумен қатар,
Таңжарықтың 90 жылдығының Қазақстанда, яғни Алматы облысы, «Қақпақ» елді мекенінде атап
өтілуіне өз септігін тигізді» деп атап көрсетті [5, 122 б].
Ажал айтып келмейді. 1935 жылы Қойдымның күйеуі Біржан дүниеден өтеді. Осындай қиын
күндердің бірінде Таңжарық Қойдымды іздеп келеді. Содан бастап арада жақсы қарым-қатынас,
барыс-келіс басталады. Таңжарық ел ішінде болатын жиын-тойлардан Қойдымды тастамай, ат
жіберіп, үнемі алдырып отырады екен. Қойдым Дарубайқызы 1941 жылы 47 жасында Іле облысының
Қарасу деген ауылында қайтыс болады. Қазақта тілінен бал тамған шешен, өткір тілді, сөзі ұстамды
қыздар аз болмаған. Солардың бірі Қойдым Дарубай қызының басқа да көптеген деректері ел
арасынан табылып, халық назарына ұсынылып отырса, ғалымдар тарапынан зерттеліп жатса құба-құп
болар еді.
1
Қазақ әдебиетінің тарихы (10 томдық). Кеңестік дәуір әдебиеті (1941-1956). 8-том. – Алматы:
Қазақпарат. – 2004. – 520 б.
2
Қазақ әдебиетінің тарихы (10 томдық). Кеңестік дәуір әдебиеті (1956-1990). 9-том. – Алматы:
Қазақпарат, – 2005. – 992 б.
3
Жолдыұлы Т. Шығармаларының толық жинағы. – Астана: Елорда, 2002. – Т.2. – 392 б.
4.
Мұқаметқанұлы Н. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары. – Алматы: Санат, 1996. – 281
б.
5.Дәуітұлы Т.Ақын Таңжарық шығармашылығының зерттелу жай-күйі. Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті Хабаршысы. «Филология ғылымдары сериясы» №1 (51), 2015ж
Достарыңызбен бөлісу: