Түйіндеме М.Д.Касымова:ҚазМемҚызПУ 6М020500 – магистрант II курс Ғылыми жетекшісі – д.ф.н., профессор Ержанова С.Б М.О.Әуезовтың «Қилы заман» атты повесі және оның тарихи-әдебиет құндылығы Утемисова Ж.Б. мақаласында «М.О.Әуезовтың «Қилы заман» атты повесі және оның тарихи-әдебиет құндылығы» Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Қилы заман» атты повесінің тарихи құрылуы жайында
жазылады, сондай-ақ жазушының ерте жазылған прозасындағы поэтиканың негізгі ерекшеліктері және осы
повесттегі кейіпкер-образдарын құру принциптері туралы айтылады.Осы мақалада хронологиялық аспектіге,
яғни, осы повесть қай уақыт кезеңінде жазылғанынаерекше көңіл бөлінген. «Қилы заман»повесіндегі ұлттық
колорит және әлемнің ұлттық бейнесімен байланысқанэтно-мәдени компаненттер -Мұхтар Әуезовтың
шығармашылық әдісінің негізі болып табылады. Сондай-ақ, осы мақаланың ғылыми зерттеу тақырыбының
өзекті екендігін атап өткім келген себебі, «Қилы заман» повесі ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-
азаттық қозғалысының тарихи жұмысы болып табылатыны.Әдеби көріністегі біздің халқымыздың тарихы
бүгінгі күнге дейін ғылыми-зерттеу маңызды аспектісі болып табылады.