Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет25/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   375
ұятқа қалу, абыройы төгілу мағынасындағы фразеологизмдер: әдеби тілдегі бет моншағы 
үзілу/ бет моншағы салбырау  мағыналас тіркестеріне бет моншағын сыпырып тастау диалектілік 
фразеологизмі    вариант  бола  алады.  Бет  моншақ  -  тура  мағынасында  қалыңдықтың  бас  киіміне 
тағылатын әшекей. Бет моншақты - сәукеленің екі жағына салбырата тағып қояды, ол белге дейін, 
тіпті, белден төмен де түсіп тұрады [9,44-45-бб.]. Бет моншақ  әшекей ғана емес, оның сиволдық мәні 
үлкен.  Бет  моншақ  қалыңдықтың  ар,тазалығын,  тәрбиесін  көрсетеді,  сондықтан  оның  үзіліп  түсіп 
қалуы үлкен ұят, жаман ырым, саналады. Ал диалектілік  бет моншағын сыпырып тастау варианты 
«ұят-намысты  жиып  қою»  мағынасын  білдіреді, бұл  белгілі  жағдаятқа байланысты  шарасыздықтан 
болуы  мүмкін,  ал  беттің  арын  белбеуге  түю  «ұялмау,  арланбау,  арын  сату»  мағыналарының 
диалектілік  варианты  болып  табылады.  Диалектілік  семантика  бет  моншағын  сыпырып  тастау 
фразеологизмі білдіретін семантикадан да қою көрінеді, ол белбеуге түю етістігіне бекітілген. Бет 
қара болу - ел алдында, бөтен біреудің алдында ұятқа қалу, кірерге тесік таппау, семантика қара сын 
есімі  арқылы  беріліп,  адамдар  арасындағы  этика  ережесінің  бұзылғандығы,  қолайсыздық  жайлы 
ақпаратты жинап тұр; 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет