Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет297/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   375
Тірек  сөздер:  әдіс,  әлеует,  әдебиет  теориясы,  әдіс-тәсілдер,  әдебиет  тарихы,  бағдарлама,  мектеп, 
Ә.Қоңыратбаев.   
 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында  өзінің өлшеусіз еңбегімен көзге түсетін ірі тұлға – 
Ә.Қоңыратбаев. Ғалымның түркітану, эпостану, қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясы, көркем 
мәтін поэтикасы, аударматану саласындағы зерттеулері әдебиеттану ғылымына қосқан сүбелі еңбек 
болып  танылады.  Әдебиеттану  ғылымының  әр саласы  бойынша    іргелі ізденістермен  шұғылданған 
ғалым  қазақ  әдебиетін  дамытудың  жарқын  жолы    әдебиетті  тиімді  оқыту  екендігін  парасат 
пайымымен  болжаған.    Сондықтан  да  қазақ  мектептерінің  алғашқы  оқулықтарын  жазудан  бастап 
қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихында үздіксіз еңбек еткен. 
188
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Әуелбек  Қоңыратбаевтың  шығармашылық  жолы  мен  әдебиеттану  ғылымындағы  табыстарын 
бірнеше кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең 1920-1935 жылдар аралығын қамтиды. Екінші кезең – 
1935-
1955  жылдар.  Бұл  жиырма  жылдық  мерзімде  Ә.Қоңыратбаев  100-ге  тарта  үлкенді-кішілі 
еңбектер жариялап, ғылым кандидаты деген атаққа ие болады. Әсіресе, оның Ғылым академиясының 
тіл-әдебиет  институты  бастырған  «Абай  шығармаларының  басылымына  түсініктемелерін», 
М.Әуезовпен бірігіп жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклор бөлімін, «Қазақ совет 
әдебиетінің библиографиясын», сол сияқты «Орта Азияның ұлы ақындары» деген мақалаларын атап 
өтуге де болар еді. Ғалым шығармашылығының үшінші кезеңін 1955-1965 жылдар арасында жазып, 
жариялаған еңбектері құрайды. Бұл он жылдық кезең Ә.Қоңыратбаев үшін аса жемісті болған. Осы 
кезеңде «Шолпанның ақындығы», [1] «Қазақтың Қозы Көрпеш жыры туралы» [2] монографияларын, 
«Әдебиетті  оқыту  методикасын»,  «Әдебиетті  оқыту  методикасының  очерктерін»  [3]  жариялайды. 
«Қозы  Көрпеш  жыры  туралы»  монографиясы  ғалымдар  тарапынан  жақсы  баға  алған  болатын. 
Автордың әдістемелік еңбектері күні бүгінге дейін өздерінің ғылыми-тәжірибелік мәнін жойған жоқ. 
Тіпті әлі күнге мектеп практикасында Ә.Қоңыратбаев ұсынған әдістемелік жүйе қолданылып келеді. 
Ғалымның ең жемісті еңбектерінің бірі де осы әдістеме бағытында жазғандары. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі  кенже дамып келе жатқан ғылым саласы екендігі белгілі. Әдеби 
таным, әдеби талғам, әдеби білім тарихы ертеректен бастау алғанымен, әдебиетті оқыту әдістемесі 
ғылымының  қалыптасу  тарихы  әдебиетті  пән  ретінде  арнаулы  мектептерде  оқытудан  басталады. 
Алғаш  қоғамдық  пәндердің  құрамында  оқытылып  келген  қазақ  әдебиеті  өзін  пән  ретінде  1932 
жылдан ғана бастаған еді. Алғашқы мектепке арналған оқулықтар Қазақ әдебиетінің  алғашқы оқу 
құралдары әрі оқулық, әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылды. Алғашқы оқу 
құралдары  жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы  толық анықталмаған кез болатын. Оның үстіне 
әдебиеттің  теориясы    қалыптаспаған,  сыны  жоққа  тән  еді.  Аумалы-төкпелі  кезеңде  әдеби  мұраға 
деген  көзқарастың  да  тұрақтамаған  тұсы  болатын.  Қазақ  әдебиетінің  алғашқы  сынында 
сыңаржақтылық басым еді.  Әдебиет  пәнінің ғылыми  негіздерін анықтау  да күрделі  үдерісті бастан 
кешіргені  мәлім.    Сондықтан  осы  кезеңде  жазылған  әдебиет  майданы  мәселелері  алғашқы  оқу 
құралдарына     енгізіле  берді.    Сол  оқу  құралдары  өз кезегінде  орталау  оқу  орындарына  да  қызмет 
етті. Сондықтан бұл еңбектердің оқулыққа қарағанда хрестоматиялық сипаты басым болды.  Қазақ 
әдебиеті  оқулықтарының  алғашқы  қарлығаштары  қатарында  М.Жолдыбайұлы,  Ә.Қоңыратбайұлы, 
М.Қаратайұлының  төрт жылдық мектепке арналған «Әдебиет хрестоматиясы» оқулығы бар еді [4].  
Бұл  хрестоматияның  оқушы-шәкірттердің    білімін  толықтыруға,  әдеби  эстетикалық  танымын  
қалыптастыруға елеулі ықпалы болды.   
Қырқыншы жылдарға дейін қазақ әдебиетінің әдістемесінің қалыптасу кезеңі болды деуге болады.  
Бұл  қалыптасу  бірнеше  бағыттағы    үдерістен  көрінеді:  осы  кезеңде    мектептің  сабақ  жүйесі 
қалыптасты,  яғни  жалпыға    бірдей  орталау  және  орта  білім  беру  жүйесі  құрылды;  әдебиет 
оқулықтарының    ғылыми-әдістемелік,  материалдық  базасы  қалыптасу  үстінде  болды;    оқу 
бағдарламалары  мен  оқулықтарының  әдістемелік  құрал  ретіндегі    рөлі    күшейе  түсті.  Әдебиет 
оқулықтарының  оқушы  мен  мұғалімнің  сүйенетін  негізгі  құрал  ретіндегі  рөлінің  күшейуі  ендігі 
жерде  әдістемелік  жүйесін  де  нығайту  талабын  туғызды.  Ендігі  жерде  мектеп  оқулықтарына 
әдістемелік  нұсқаулардың  жазылу  қажеттігін  туындатты.  Сол  тұстағы  идеологияның  әсерінен 
мектепте  оқылатын  ақын-жазушыларды  іріктеу  үлкен  жауапкершілікпен  жүзеге  асырылу  себепті, 
ендігі жерде жеке ақын-жазушылар өмірі мен шығармашылығын  мұғалімдерге түсіндіруге арналған 
танымдық мазмұндағы мақалалар жарияланып, бірлі-жарым әдістемелік кітапшалар пайда болды.  
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  осы  кезеңдегі  өзекті  мәселесін  көтерген  алғашқы 
мақалалардың авторларының бірі де  Ә.Қоңыратбаев  еді. 1946 жылы «Халық мұғалімі» журналында  
жарияланған  Ә.Қоңыратбаевтың  «Мектепте  Абайдың  мысал  өлеңдерін  оқыту  туралы»  деген 
мақаласы  осы тұста жазылған белгілі бір шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту жолдарын 
ұсынған  алғашқы  мақала  болатын  [5].  Шағын  сюжеттік  желіге  құрылған  мысал  өлеңдер  табиғаты 
өзінің  көлемі  жағынан  да  ғибраттық  мазмұнымен  де  оқушы  түсінігіне  жеңіл,  қызғылықты 
шығармалар  қатарында    бағдарламаға  енгізілген  болатын.  Ал,  мысал  өлеңдерінің    композициялық 
құрылымында   эпикалық текке тән сюжеттік желінің болатыны, ғибартнамалық түйінінің әр түрлі 
көркемдік тәсілдермен берілу жолы 
Әдіскер-ғалымның 1959 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында жарияланған «ҮІ класта 
лирикалық өлеңдерді оқыту» атты мақаласы лирикалық шығармалардың табиғатын танытып, оны 
оқытудың әдістемелік жолдарын жүйелеген  еңбек болып танылады [6] . Мақалада автор  орта буын 
189 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет