Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Онда оқу үрдісі білім алушыға да, оқытушыға да әлдеқайда қызықты әрі жеңіл болады.
-
Материалдың мазмұндық рефлексиясы.
Рефлексияның бұл типін сабақ соңында қорытындылау мақсатында өткізген ыңғайлы. Ол білім
алушыларға, ізденушілерге өтілген материалдың мазмұнын түсінуге, өзіндік жұмысының тиімділігін
түсінуге мүмкіндік береді.
Қалай өткізу керек?
Білім алушы әрбір тақырыпты өткен кезде сол тақырып бойынша алған білімін, нені, қалай,
қандай деңгейде меңгергенін бағалай алуы керек. Ол үшін ізденуші мынадай «тегтерді» толтыруы
қажет. Мысалы:
мен ... білдім;
қиындау болды;
түсіндім;
үйрендім;
қолымнан келді;
білу қызықты болды;
мені таң қалдырды;
жасағым келді.
Қорытындылай келе, білім алушы бойында рефлексивті дағдыны қалыптастыру бір жақты үрдіс
емес. Ол тікелей мұғалімнің көмегімен қалыптасатын дағды. Рефлексивті қабілетке жету үшін
көптеген әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жоғары оқу орындарының студенттері өзіне өзі баға беру,
өзінің іс-әрекетінің себебін түсіне алу қасиетіне ие болулары керек. Студенттерге оқу үрдісінде
рефлексивті дағды қалыптастыру үшін рефлексия сөзінің мағынасын түсініп қана қою аздық етеді.
Студент сөзіне қазіргі таңда ізденуші деген атау беріліп келеді. Ал оқытушы тек бағыт бағдар беруші
болып есептеледі. Бүгінгі күні қашықтықтан оқыту үрдісі де даму үстінде. Мұның өзі білім
алушылардың рефлексивті дағдыға ие екендігінің бір көрінісі болып табылады.
1
Шорина А.В. Проблема формирования рефлексивных умений студентов в образовательном процессе
вуза //Науковедение Том 7, №3. 2015, - с. 3
2
Щорина А. В. Роль рефлексивных умений в принятии организационных решений // Молодой ученый. —
2014. —
№8. — с. 903-906.
3
Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы / Пер. с англ. М.: смысл, 1999. – с. 425
4
Семенов И.Н. Рефлексивно-творческой подход в непрерывном образования. //Гуманистические
тенденции в непрерывном образовании взрослых в России и США / Под ред. М. В. Кларина, И. Н. Семенова. –
М., 1994. – с. 61-76.
5
Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.
6
М. Н. Аверина, А. В. Воронин Cтруктура общепрофессиональных умений педагога: рефлексивный
компонент Ярославский педагогический вестник – 2013 – № 2 – Том II (Психолого-педагогические науки)
7
Шутова Г. Рефлексия как этап урока: виды, приемы, примеры.
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
Достарыңызбен бөлісу: