Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет316/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   375
Түйін  сөздер:  рефлексия,  дағды,  рефлексивті  дағды,  оқу  үрдісі,  өзін-өзі  талдау,  өзін-өзі  бағалау,  кәсіби 
дайындық, тұлғалық-бағдарланған білім. 
201 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
Қазіргі заманауи қоғам жоғарғы оқу орындарының бітірушілеріне кәсіби ұтқырлықты, өзгермелі 
жағдайларға бейімделе алатын дамыған қабілетті, өзіне деген саналы түрдегі қарым-қатынасты және 
тұлғаның өзінің іс-әрекетін бағалауын талап етеді. Бұл аталғандарды жүзеге асыру үшін тұлға кәсіби 
білімнің  көлемімен  және  рефлексияның  бастапқы  дағдыларына  ие  болуы  керек.  Рефлексивті 
дағдылар  жалпылама  мойындаулар  бойынша  жоғарғы  оқу  орындарындағы  кәсіби  дайындықтың 
негізі  болып  табылады.  Тәжірибе  мен  кәсібилік  шын  мәніндегі  іс-әрекетте  кейінірек  қалыптасады. 
Оның  үстіне,  егер  дәстүрлі  парадигмада  тұлғаның  даму  мәселесі  интеллекттің  дамуы  деңгейінде 
шешімін  тапса,  ал  тұлғалық-бағдарланған  білім  білім  алушылардың  тұлғалық-мағыналық 
қалыптасуына  бағытталған.  Яғни,  олардың  шындыққа  және  оның  құндылығына  қарым-қатынасы, 
себептерін  қарастыру,  айналада  болып  жатқанның  мағынасын  түсінуге  тырысу,  бұл  дегеніміз  – 
рефлексивті дағды [1]. 
Рефлексия – бұл студентке өзін-өзі дамыту жолын табуға,  мінез-құлқын жөндеуге көмектесетін 
кәсіби  іс-әрекеттің  бір  тәсілі.  Сонымен  қатар,  рефлексия  тұлғалық  және  кәсіби  жетістіктер  мен 
сәтсіздіктерді  ұғынудың  маңызды  механизмі  ретінде  түсіндіріледі.  Кәсіби  қызметтерді  орындау 
барысында  қиындықтар  туындаса  рефлексия  адамға  өзінің  іс-әрекетін  қайта  қарауға,  оның  өзгеру 
мүмкіндіктерін алдын-ала көруге, жеке тәжірибесін ой елегінен өткізуге көмектеседі. 
Студенттерді  жаңылыстыратыны  рефлексия  ұғымының  әр  салада,  әр  ғылымда  әр  түрлі 
түсіндірілуінде. Рефлексия мен рефлексивтік дағдының ара жігін ашып алуды талап етеді.  
Мысалы,  «рефлексия»  термині  философтардың  түсіндіруі  бойынша  өзінің  алғышарттарының 
негіздеріне  бағытталған,  сананың  өзіне  қаратылуын  талап  ететін  «философиялық  ойлаудың 
элементі».  Ал  психологтардың  көзқарасы  тұрғысынан  «рефлексия»  ол  қарама-қайшылыққа 
негізделген  диалектикалық  ойлау,  екінші  жағынан  өзінің  психикалық  жағдайын  талдау,  өзара 
түсіністік. 
Заманауи  педагогиканың  тұрғысынан алғанда  рефлексия  феноменіне  кеңірек  анықтама  беріледі: 
күмән  элементі  бар  ойлау,  өзіндік  күйді  бағалау,  өзін-өзі  тану,  әрі  қарайғы  реттеу  немесе  тоқтату 
мақсатындағы іс-әрекеттің саналы бейнесі, іс-әрекетті қайта ой елегінен өткізу, жетістіктерді талдау, 
«Мен-бейнесін» талдау [2]. 
Ақыл-ойы дамыған адам дамымаған тұлға болуы мүмкін, егер оның дамуы бөлек анықталса. Одан 
басқа, А. Маслоу бойынша егер біз ішкі жағымыздан соқыр және керең болсақ, біз сыртқы әлемге де 
соқыр  және  керең  боламыз  деген  [3].  Өзімізді  түсіну,  біздің  негізгі  мұқтаждығымызды  түсінуге 
көмектеседі,  ал  егер  адамдар  бір  негізгі  мұқтаждарға  ие  болса,  онде  өзінді  түсіну  адамдар  нәсілін 
түсінуіне алып келеді.  
Тура мағынасына тоқталар болсақ, р
ефлексия – латын тілінен аударғанда reflexio – «қайта үндеу» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Субъектінің  өз-өзіне  және  өзінің  сана-сезіміне,  яғни  өзінің  іс-әрекетінің 
өніміне  көңіл  аударуы,  сонымен  қатар  оларды  ой  елегінен  өткізуі.  Өзіндік  сана-сезімге  тұлғалық 
құрылымдар,  оның  ішінде  құндылықтар,  қызығушылықтар,  мотив,  сонымен  қоса  ойлау,  шешім 
қабылдау,  түсіну,  эмоционалды  жауап  механизмдері  мен  мінез-құлықтық  шаблон  және  тағы 
басқалары жатады. 
Рефлексия білімді терең тұлғалық етеді, рефлексия арқылы білім эмоциялық рең алады, осының 
арқасында жақсыз мәндер мағыналыға өтеді, рационалды мазмұндар тұлғалық, рухани мағынаға ие 
болады.  Бұл  адамның  терең  жүрегінен  шығатын  жіп-ойлармен  жіпті  ұршыққа  жинаған  сияқты. 
Рефлексия арқылы адам түсінеді, өзін-өзі таниды, ал өзін-өзі тану арқылы басқаларды да түсініп және 
таниды. Рефлексия арқылы адам өзін өзі қабылдап, өзімен өзі болады. Сонда, адам өзімен өзі болып, 
тұлғалық өзгерістер жүріп, тұлғалық өсуі басталады
 [4].  
Пьер  Тейяр  де  Шарден  бойынша,  рефлексия  адамдарды  жануарлардан  ажыратушы,  оның 
арқасында адамдар бір нәрсе туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар өзінің білімі туралы да біле 
алады. 
Сонымен,  рефлексия  адамның  өзін-өзіне  қарым-қатынасы,  өзінің  ішкі  дүниесіне  (негізінен  жеке 
«психологиялық  айна»),  «адамның  дамуын  құру  жағдайы»  рөлін  ойнайды.  Сонымен  қатар,  қазіргі 
таңда педагог қарым-қатынасқа, үздіксіз рефлексияға және қайтымды байланысқа, өзін-өзі оқытуға, 
өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, оқытудың жеке тұлғалық-бағдарлауды ұйымдастыруға кәсіби 
білікті және жеке тұлғаны тәрбиелеу қабілеттілігі болуы керек.  
Рефлексия  адам  білімі  қолданылатын  көптеген  салада:  философия,  психология,  акмеология, 
басқару,  педагогика,  эргономика,  конфликтология  т.б.  зерттеу  пәні  және  құралы  болып  табылады. 
202
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет