шығармашылық қабілетті жан-жақты дамыту, еркін ойлау білуге үйрету, журналистикаға
қызығушылығын, бейімділігін, солар арқылы кәсіби бағытын дамыту;
o
жалпы ой-өрісін кеңейту [2, 79].
Материалдарды ұсынуы бойынша «Мектептегі журналистика» бағдарламасы тәжірибелік-
бағдарламалық үлгіге құрастырлған.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру үлгісі бойынша бағдарлама модульдық үлгіде жазылған.
Құрылымы жағынан ол алты дербес негізгі бөлімдерге бөлініп, журналистиканың барлық бағытын
қамтыған, заңдар мен жанрлардан хабардар етіп, газет дизайнымен жұмыс істей білу дағдысын
қарастырған:
o
«Қазіргі газет жанрларының сипаты»,
o
«Журналистиканың ақпараттық хабарлама жанрлары»,
o
«Журналистиканың оқиғалы-талдамалы жанрлары»,
o
«Журналистиканың көркем-публицистикалық және сатиралық жанрлары»,
o
«Журналистиканың иллюстрациялық жанрлары»,
o
«Мерзімді баспасөз дизайны».
Әрбір бөлім теориялық және шығармашылық тапсырмалардан тұратын бірнеше блокқа бөлінген.
Шығармашылық курстың көлемі ауқымды емес. Дегенмен таңдалған тақырыптар журналистика
теориясына қатысты барлық мәселелерді қамтиды. Барлық бөлімдердің жиынтығы тұтас әдістемелік
тұжырымдамаға негізделген.
Сондықтан мұғалімдерге мынандай кеңес берген орынды: қай сыныпта дәріс өтілмесін алдымен
аталған бағдарламаның мазмұнымен танысып алу керек, содан кейін ғана бөлімдерді игерген абзал,
бұл нақты бір сабақты немесе циклді өткенде пайда беруі мүмкін.