Оқыту мақсаты бойынша аталған бағдарлама кәсіби-қолданбалы жүйеде құрастырылған, бұл
жалпы орта білім беру мекемесінің базалық білімінде жоқ журналистика саласы бойынша кәсіптік
білім беруге бағытталған.
Бағдарлама бойынша жоспарланған оқытудың нәтижесі мектептің мерзімді басылымын
шығаруға және оны оқу-тәрбие процесінде қолдануға бағытталған. Ол оқушының өз қабілетін
танытуына, осы бағдарламада қамтылған теориялық, сондай-ақ тәжрибелік білім дағдыларын алып,
журналистік қызмет дағдысын көрсетуіне дағдыландырады. Олар төмендегілер:
o
журналистика ақпараттық қызметтің бір түрі ретінде;
o
журналистика мүмкіндігі мол мамандық ретінде;
o
ақпараттық нарық;
o
қоғамдық пікірді қалыптастырудағы журналистің рөлі;
o
шешендік тәсілдер;
o
журналистік мәтіндерді түзу;
o
газеттің негізгі жанрларын үйрену;
o
редакциялау;
o
редакцияылық ұжым;
o
газет нөмірінің құрылымы;
o
газеттің безендірілуі;
o
газетті беттеу және макет жасау.
Пәннің білігі мен дағдысы. Журналистік зерттеу дағдысы журналистік қызметтің соңғы нәтижесі
болып табылғанымен, әр түрлі жанрдағы мәтін түзу, түрлі дереккөздерден ақпарат алу ізденісі, газет
макетін жасаудың алғашқы дағдылары мен газет нөмірін беттеу, анықтамалық әдебиеттер мен
ғылыми жұмыс істеу дағдысы – пәннің іскерлігі мен дағдысын құрайды.
Зерделік білік пен дағды. Бұл өз ойын тұжырымдап айту, зерделік мәселелер мен тапсырмаларды
шешу және оны мәселе етіп қоя білу дағдысы.
Ой түюшілік дағды. Оқушы журналистика туралы негізгі ұғымдарды, оның даму кезеңдерін,
редакцияны ұйымдастыру жұмыстарының принциптерін, тіл мәдениетін білумен қатар, алған білімі
мен біліктілігін, тәжірибелік қызметін қолдана білу дағдысы.
212
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.