Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуы іркілмей еркін сөйлеуіне, әдеби дарынының ашылуына,
тәжірибелік ізденіске беймделуіне, қиялын дамытуына, стандартты ойлау жүйесінен арылып, еркін
ойлау қабілетінің артуына, ұжымдық шығармашылыққа деген қажеттілікті іске асыруына мүмкіндік
ашады. Оқушының жауапкершілік сезімін тәрбиелеп, қоршаған әлеуметтік ортамен (ата-аналармен,
педагогтармен, сыныптастарымен) байланысын нығайтады. Аталған бағдарлама білім берудің
коммуникативті оқыту әдісі – газет шығару процесімен түйінделеді [1, 122]. Бұл оқушылардың бір-
бірімен тілдесуіне мүмкіндік береді, ал оқытудың экспрессивті сипаты әрбіріне жекелей әрі ұжымдық
жұмыс істеуді дағдыландырады. «Мектептегі журналистика» бағдарламасы журналистика негіздерін
оқуға қызығушы әрі тәжірибелік дағдыларды меңгергісі келген 8-11 сынып оқушыларына арналған,
әрі ол бұрын оқыған пререквизитті пәндер: қазақ әдебиеті, орыс тілі, қазақ тілі, қазақстан тарихы,
география және т.б. базалық пәндермен кең ауқымда сабақтастыра қолдануға бағытталған. Аталған
бағдарлама бойынша оқыту оқушылардың негізгі оқыту пәндерінен алған білімдерінің көлемін
ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар болашақ мамандық туралы қосымша мәліметтер де бере
алады, сондай-ақ жалпы мәдениет сипатындағы танымдық дағды қалыптастырады.
«Әмбебап журналист» кәсіби бағытын беру үшін мектептегі баспасөз орталығының жүйесін
дамыту қажет, оған мынадай бастапқы бағыттар таңдалған: «Лингвистикалық журналистика»,
«Экологиялық журналистика», «Этнографиялық журналистика», «Әлеуметтік журналистика» т.б.
Құрылған жүйе бітірушілерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға жәрдемдеседі, озық
жетістіктерге және әлеуметтік пікірлестікке баулиды, сонымен қатар, жақсы білім қорын иеленіп
қана қоймай, жаһанданып жатқан әлеуметтенуге жылдам бейімделуге бағыттайды. Аталған барлық
өзекті бағыттар әлеуметтік құбылыстарды жан-жақты қарастыратын журналистиканың ерекшелігіне
бағынып қана қоймай, қоршаған ортаның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерінің
арақатынасын ашатын маңыздылығымен де ерекше. Сондықтан бұл бағдарламаны оқу қажетті
рухани құндылықтарды, әрекеттерді ашумен де айшықталады.
Бағдарламаның
мақсаты:
o
оқушының
интеллектуальдық
жетілуіне,
әлеуметтік
тиімділікке
ұмтылуына,
шығармашылығын іске асыра білуіне жағдай жасау;
o
салалық бағыттағы білім берудің медиа мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау
ізденістеріндегі белсенділігін реттеу;
o
журналистік шеберлік негіздерін үйрету.
Перспективті мақсат – оқушыларды қалалық, облыстық және республикалық мерзімді
басылымдармен қызметтік байланыста болуға даярлау және журналистиканы мүмкіндігінше болашақ
мамандығы ретінде таңдауына жәрдемдесу.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін төмендегі
міндеттер жүктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: