Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
жазушының ақыл-ой парасаты мен шеберлігін ашуға келгенде де профессор Теңізбай Рахымжанов
тың тұжырымдар ұсынады. Аталған романдағы әлеуметтік, тұрмыстық және жеке адам басындағы
психологиялық тартыстардың қаһарман характерінің өсу эволюциясымен сәйкес шығуын фабула,
сюжет, композиция құрылымына қарай сабақтауға ұмтылады.
Бір сөзбен айтқанда, профессор Теңізбай Рахымжановтың ғылыми монографиялары ұлттық
әдебиеттану ғылымындағы поэтика, көркемдік мәселелерін жан-жақты әрі біліктілікпен зерделеген
елеулі еңбектер санатында.
Әрине, ғалым еңбегі бірер монографиямен, бір ғана тақырып төңірегінде шектелмесе керек.
Профессор Теңізбай Рахымжанов – қазақ әдебиетінің ағымдағы әралуан мәселелеріне, көкейкесті
проблемаларына үнемі көңіл аударып, өз пікірін айтып келе жатқан бесаспап ғалым. Сонымен қатар,
ол әдебиеттану ғылымының түрлі мәселелерін зерттеп жүрген жас ғалымдар тәрбиелеу, аспиранттар
мен ізденушілерді ғылымға баулу ісіне де өз үлесін қосып келеді. Бүгінге дейін білікті ғалымның
ғылыми жетекшілігімен бірнеше шәкірт кандидаттық диссертациялар қорғады.
Өзінің барлық бітім-болмысымен ұстаз-ғалым атанған Теңізбай Рахымжанов көп жылдардан бері
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен жоғары оқу орнының студенттеріне дәріс оқып келеді. Және осы пән
бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мақұлдап бекіткен типтік
бағдарламаның да авторы.
«Жігітке жеті өнер де аз» деген өмірден алынған, шындықпен суарылған тұжырымды сөз бар
халқымыздың даналық қазынасында. Теңізбай Рахымжановтың өмір жолы мен жазушылық,
ғалымдық ғұмырнамасы, осы сапарда бүгінге дейін атқарған ісі, елі мен халқының рухани дүниесіне
сіңірген еңбегі оның түрлі өнерді бойына тоғыстырған жан-жақты тұлға екендігін дәлелдесе керек.
Әр кезде де арық сөйлеп, семіз шығуға ұмтылатын, табиғатынан сабырлы да салмақты, атқарған
ісін сөзімен насихаттаудан гөрі, сөзін ісімен дәлелдеуді дағдыға айналдырған қаламгер-ғалымның
бүгінде ой қазанында қайнауда жатқан, қаламының ұшында тізіліп, әне-міне үзілгелі жүрген, ішкі
жоспар қалтада жасырын
ып жатқан жаңа жобалар мен тақырыптар қаншама?! Азаматтың жасы
дерлік алпыстың асқарында отырған әрі ақын, әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз Қазақстан
Жазушылары одағының мүшесі, еліміздің Білім беру ісінің үздік қызметкері, филология
ғылымдарының докторы, профессор Теңізбай Нәбиұлы Рахымжановтың осынау сегіз қырлы тұлғасы
қашанда көркем ой мен ғылыми толғамдардың толқынымен толысып, ілгері озып, биіктей беретіні
сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: