Түйіндеме ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАПОН ӘДЕБИЕТІ Әбішева С.Ж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі , ф.ғ.д., профессор, s.abisheva@mail.ru Мақала Қазақстанның мәдени-білімдік кеңістігіндегі жапон әдебиетіне арналған. Оған Кеңес Одағы
кезіндегі қызығушылықтың тарихы көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстанда Қиыр Шығысқа назар аудару 4 қырынан
көрінеді: ғылым, білім, мәдениет, аудармалар. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасау жапон
және қазақ көркемдік дүниетанымының жақындығына куә болады. Еліміздің жетекші жоғары оқу
орындарының жапон бөлімінде жапон әдебиеті академиялық пән ретінде оқылады. Жапон әдебиетіне
қызығушылықты арттыратын рейтингісі жоғары казақстандық ғаламтор-порталдар, БАҚ, қоғамдық ұйымдар
берілген. Оны қазақ тіліне аудару мәселелері де қарастырылған. Қазақстанда жапон әдебиетін оқытудың
болашағы туралы да айтылады.
Түйін сөздер:жапон әдебиеті, роман, танка, хокку, мәдени байланыстар, Қазақстан, Жапония