ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №1 (173). 2019
159
Бисенбаев П., Кәрібозов Е.
ойлардың желісі татар халқының ғұлама
перзенті Молла Шихабаддин б. Бахааддин б.
Субхан б. Абдалкарим ал-Маржанидың (1818-
1889) «Вафият аласлаф ва тахият ал ахлаф»
(«Өткендерге құрмет, келер ұрпаққа ізет»)
атты еңбегінде көрініс тапты. Маржани өзіне
дейін жасаған шығармашылық тұлғалардың
бірқатарының өмірі мен қызметі жайында жақсы
пікір айтты. Ал Әлішер Науаидің ақындық,
азаматтық, адамгершілік қасиетін солардың
бәрінен биік деп білді. Сонымен қатар ол өз
ойын әл-Бұхаридің Әлішер жайында айтқан
мына сөзімен ажарлай түсуді де шет көрмейді:
«Жаратқан оған жар болды және оның бетін
мәңгілік бақытқа бұрды. Жұрт осы бір аса ұлы,
аса ардақты мырзаға бағынып, соның соңына
ерді, оған ұлы әмірлер қызмет етті, қарапайым
халық оның қамқорлығына бөленді. Ол асқан
білімді, ақылды және құзіретті, қайратты және
кеңпейіл жан еді»( Marjani, 2003: 212).
Әлішер
Науаидың
өмірі
мен
шығармашылығының,
нәзира
дәстүрін
дамытуының маңызы мен мәні туралы Е. Бер-
тельс (Bertel’s, 1965: 24) пікірлерінің де ғылыми
маңызы зор екені анық.
Әлішер Науаи халық тағдырында, ұлт
өмірінде сөз өнерінің алатын орны мен атқаратын
қызметі жайында өз заманы үшін әлеуметтік
маңызы зор, үлкен ойлар айтты. Салыстырма-
лы әдебиеттанудың асқан білгірі В.М. Жирмун-
ский Науаидың екі тіл туралы толғаныстарын
Ренессанс дәуірінің алыптарының пікірлерімен,
Дантенің итальяндардың сөз өнері, Иоахим Дю
Белленің француздардың тіл өнері туралы трак-
таттарында негізделген өркенді ойларымен па-
рапар бағалады (Zhirmunskii, 1979: 177).
Низами – түркі халықтары әдебиетінің да-
нышпан ақыны. Ақын сөз өнері туралы, адам
өмірінің мәні, адамшылық негіздері туралы
терең мағыналы қағидалар қалыптастырды, өмір
шындықтарын көркемдік жинақтаудың теңдесіз
эпикалық үлгісін жасады. Ақынның «Хамса»
деген атпен топтастырылған бес поэмасы әлем
халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылды.
Әлішер – кемел шығармашылық тұлға.
Әлішер бектің түркі тілінде жазған теңдесіз та-
маша шығармалары, ойлары мен толғаныстары –
түркі халықтарының ортақ игілігі. Әлішер Науаи
– түркі тілі мен әдебиетін ерекше құрметтеген,
оның қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосқан
данышпан ақын. Ол – түркі халықтарының ортақ
мақтанышы.
Низами мен Науаи тұсында түркі халақтыры
әдебиетінде нәзирашылық дәстүр дербес
шығармашылық сала, ақындардың бір-бірімен
өнер жарыстыратын, бір-бірінен шеберлік асы-
ратын айрықша сала ретінде дамыды. (Dadebaev,
2015: 31)
Достарыңызбен бөлісу: