Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет33/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
Байланысты:
Богомазова Жеке компьютерлердің, серверлердің, шалғай құрылғылар мен жаб

Тәжірибелік жұмыстар 
2.1-тәжірибелік жұмыс 
Windows жаңарту орталығымен жұмыс жасау 
1-тапсырма. Windows жаңарту орталығын ретке келтіру.
Келесі іс-әрекетті орындаңыз.
1.
Windows  жаңарту  орталығын  ашыңыз.  Ол  үшін  Іске  қосу
батырмасын  шертіңіз,  одан  әрі  нәтижелер  тізімінде  Windows 
жаңарту орталығын тармағын таңдап алыңыз



71
 
 
2.  Терезенің сол жағында Параметрлерді ретке келтіруді таңдаңыз.
 
3. 
Параметрлерді 
ретке 
келтіру 
терезесі 
ашылады, 
онда 
жаңартулармен қалай жұмыс керектігін жүйеге көрсетіңіз. 
4. 
Маңызды  жаңартулар  бөлімінде  таңдап  алуға  болатын  тізімді 
ашыңыз
 (2.10-сурет):
 
■ 
Жаңартуларды  автоматты  түрде  орнату.  Осы  параметр  таңдап 
алынса,  онда  жаңартулар  (негізінен  маңызды)  пайдаланушыны 
хабардар  етпей  жүйеде  орнатылатын  болады.  Не  орнатылғанын  білу 
үшін жаңартулар журналын қарау шығу қажет. Кейбір жағдайда жүйе 
қайта  жүктеуді  талап  етуі  мүмкін.  Алайда,  қайта  жүктеу  уақытын 
орнатуға болады. Ол үшін алға түсетін мәзірде қажетті уақыт аралығын 
таңдап алыңыз
;
 
■ 
Жаңартуды  жүктеу,  алайда  орнату  туралы  шешімді  өзім 
қабылдаймын. Жаңартулар компьютерге жүктелетін болады, ол туралы 
пайдаланушыға  монитордың  оң  жағындағы  төменгі  бұрышында 
Орталықтың алға түсетін хабарламасында айтылады
;
 
■ 
Жаңартуларды  іздеу,  алайда  жүктеу  және  орнату  туралы  шешімді 
өзім қабылдаймын.  Табылған жаңартулар  туралы  хабарланатын,  бірақ 
олар  компьютерге  рұқсат  ету  берілгеннен  кейін  ғана  жүктелетін 
жағдайды қоспағанда, алдындағы нұсқаға ұқсайды. Осы нұсқа желілік 
трафиктің көзқарасынан ең үнемді ретінде саналады
;
 
 
 
 
2.10-сурет. Жаңарту параметрлерін ретке келтіру 


72
 

Жаңартулардың  барын  тексермеу  (ұсынылмайды).  Жаңартулар
өте қажетті, сондықтан осы параметрді таңдау ұсынылмайды
;

Жаңартуларды  орнату  кестесі.  Жаңартуларды  орнатудың
кезеңділігін  (күніне  бір  рет  немесе  аптасына  бір  рет)  және
уақытын өздігінен таңдап алуға болады. Негізінен ол белгілі бір
мәні  жоқ,  себебі  көрсетілген  уақытта  компьютер  сөндірулі
болса,  онда  процедура  компьютердің  келесі  қосылуына
ауыстырылады.
Төменгі тармақтардағы жалаушалардың көмегімен ұсынылатын
жаңартулар  үшін  ұқсас  беталысын  ретке  келтіруге,  барлық 
пайдаланушыларға  жаңартулар  орнатуға  рұқсат  беруге  және 
Microsoftөзге өнімдерін жаңартуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет