Байланысты: Богомазова Жеке компьютерлердің, серверлердің, шалғай құрылғылар мен жаб
2-тапсырма. ОЖ автоматты жаңартуды қосу жәнеажырату. Windows жаңартулар қолжетімді болған кезде олардың
маңыздыларын орнату үшін автоматты түрде орнатуді қосу керек.
Маңызды жаңартулар қауіпсіздік пен сенімділікті арттыру сияқтды
маңызы бар артықшылықтар береді. Сонымен бірге, Windows
елеулі проблемаларды жоюға және компьютермен жұмыс жасау
тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұсынылатын жаңартуларды
автоматты түрде орнатуды ретке келтіруге болады. Міндетті емес
жаңартулар және Microsoft жаңартулары автоматты түрде
жүктелмейді және орнатылмайды.
ОЖ жаңартуларын қосу немесе ажырату үшін келесі іс-әрекетті
орындаңыз.
1.
Windows жаңарту орталығын ашыңыз. Ол үшін Іске қосу батырмасын шертіңіз. Іздеу өрісінде жаңартуда енгізіңіз, одан әрі
нәтижелер тізімінде Windows жаңарту орталығы тармағын таңдап
алыңыз (2.10-суретті қараңыз).
2.
Сол жағында Параметрлерді ретке келтіруді таңдаңыз.
3.
Маңызды жаңартулар тобында талап етілетін параметрді
таңдаңыз.
4.
Ұсынылатын
жаңартулар
тобында Ұсынылатын
жаңартуларды маңызды жаңартулар сияқтыл алу жалаушасын орнатып, ОК батырмасын басыңыз. 5.
Егер сіз барлық пайдаланушыларға жаңарту орнатуды рұқсат
бергіңіз келсе, Барлық пайдаланушыларға осы компьютерге жаңарту орнатуға рұқсат беру жалаушасын орнатыңыз. Оған
жаңартулар мен бағдарламалық жасақтаманы қолмен орнату
жатады; автоматты түрде жаңарту пайдаланушыға қарамастан
орнатылады.