§34. Әдетте грамматикалық норма бойынша етістіктің ау-
ыспалы шағының ІІІ жақтағы жалғауы -ды/-ді түрінде келеді.
Өлең тілінде, кейде қара сөзде де өлең өлшемі, ұйқасы сияқты
шарттарға орай бұл жалғау ықшамдалып, жалаң -д түрінде
қолданылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар тіпті т дыбысымен де
айтылады. Мысалы, Әсет ақынның «Iнжу-маржан» деген
өлеңінің бірінші шумағы:
Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер тілдесет.
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы
Жүрегінен күңіреніп желдей есет –
деп келеді. Мұндағы етістіктер әрі ұйқас үшін (бірінші жолдағы
Әсет сөзімен ұйқасу үшін), әрі өлшем үшін (өлең жолдары 11
буыннан аспауы керек) тілдесед, есед (тілдеседі, еседі деудің
орнына) болып қолданылып тұр.
Екінші мысалға «Ақан сері-Ақтоқты» драмасынан Ақтоқ-
тының сөзін алуға болады:
Саған көнсем, сүйгенім бе ед?
Көңілім құлағанын қашан көріп ең?
Ақаннан безсем, шыным ба еді?
Жүрегімді жерге төсеп, Әрең
айтпап па ем «ие» деп?
Ақан жаққан от бар да,
Сен қатырған мұз бар...
Отым қашан сөніп ед,
Мұзым қашан еріп ед!...
Осы жолдардың дұрыс айтылуы:
Сағаң көнсөм / сүйгөнүмбет /
Көңүлүм / құлағанын / қашаң гөрүбең //
286
Ақаннанбессем / шынымбет//
Жүрөгүмді / жергетөсеп /
Әрең / айтпаппем / иедеп /
Ақан жаққан / отбарда /
Сеңғатырған / мұзбар /
Отұмғашан / сөнүбет /
Мұзұмғашан / ерібет //
§35. Қазақ тіліне өзге тілдерден енген сөздердің дұрыс ай-
тылуы жөнінде мына жайттарды ескерген жөн:
1) Қазақ тіліне енген араб, парсы сөздері сол тілдердің ды-
бысталуын сақтамай, «қазақшаланған», яғни қазақ тілінің
дыбыстық жүйесіне бейімделіп қалыптасқан тұлғада ай-тылады.
Олардың кейбіреулерінің күні бүгінге дейін бір тұлғада
орнықпай, екі-үш түрлі болып айтылып (және жа-зылып)
жүргені байқалады. Мысалы: үрдің қызы – хордың қызы – һүрдің
қызы; ыждағат – еждиғат, бихабар – бейха-бар; үкімет –
өкімет, ақиқат – хақиқат, есеп – қисап, уәде – уағда; шәр –
шаһар; әрдайым – әрдәйім, мәлімет – мағлұмат, мақұлық –
мақлұқ, мәліғұн – мәлғұн, несіп – нәсіп т.т. Бұндай жарыспалы
тұлғалардың бірсыпырасы «бас-басына отау тігіп», екеуі екі
мағынадағы сөздің баламасы ретінде қолданылып жүр. Мысалы:
үкімет – «правительство», өкімет – «власть», мәлімет –
«сообщение, справка», мағлұмат – «сведение», есеп –«счет»,
қисапсыз, қисабы жоқ дегендерде қисап тұлғасы «өте көп, мол»
дегенді білдіреді. Ал енді бірқатарының бір ғана тұлғасы
орфографиялық және өзге де сөздіктерде әдеби норма ретінде
ұсынылып жүр. Мысалы, болымсыздықты білдіретін бей- (би-)
элементімен келген сөздерді бей-мен жазуды (және айтуды) жөн
деп табамыз: бейкүнә, беймаза, бейтарап, бейуақ, беймезгіл т.т.
Сол сияқты мақлұқ ~ мақұлық, мәлғұн ~ мәліғұн,
мәкрүк ~ мәкүрік деген параллельдердің екі буынды тұлғасы
(мақлұқ, мәлғұн, мәкрүк) әдеби норма деп ұсынылады. Бірақ
айтуда бұларды мақұлұқ, мәліғұн, мәкүрүк деп үш буынды етіп
айту керек. Әрдайым, тәкаппар, дүдамал сияқты 2-3 буында-
ры жуан жазылатын араб, парсы сөздерін де айтуда алғашқы
жіңіщке буынның әуенімен тәкәппар, әрдәйім, дүдәмал деп
айту керек болады.
2) Орыс тілінен енген орыс сөздері мен интернационалдық
сөздер, негізінен, орыс тіліндегі дыбысталуынша айтылу
287
дағдыға айналды, яғни сөздің орыс тілінде айтылудағы екпін
тұрған орнын сақтап, қазақ тілінде жоқ в, ч, щ, ц, э сияқты
дыбыстарын сақтап айтылады. Мысалы: вице-президент (бит-
се емес), республика (респөблике емес), парламент (пәрламент
емес), экономика (економике емес). Тек, ертеректе еніп,
«қазақша» қалыптасқан самауыр, қамыт, доға, жәшік, сіреңке
(сырянка), білте (фитиль), пәтер (квартира) сияқты сөздер ғана
сол қалыптасқан тұлғасында айтылады. Кейінгі дәуірде енген
сөздерден газет (газета-ның орнына), цифр (орысша цифра
дегеннің орнына), минут (минута-ның орнына) сияқты
5-10 сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қолданылады
(солай айтылады әрі жазылады).
Достарыңызбен бөлісу: |