Әрине, «реттілік, жүйелілік» дегеннің өзі тіл қолданысының
көрсетілген түрлерінде болсын, тілдің әлеуметтік-тарихи қызмет
барысында (тарихында) болсын, біркелкі, бір сипатта болмайды,
оның үстіне нормалылықтың белгісі тілдің лекси-ка, грамматика,
тіпті фонетика сияқты қаттауларының бірін-де «көрінеу»,
«қатаң» болып тұрса, екіншілерінде «солқыл-дақтау», «босаңдау
» болып келуі және заңды. Мысалы, ауы-зекі сөйлеу тілінде
жалғаулық шылаулардың қолданылуы си-ректеу ұшырасады,
олардың орнын интонация немесе син-таксистік құрылым
сияқтылар басуы мүмкін:
дәрі ішіп алдым
– басым ауырып тұр, бұл
–
ауызекі сөйлеу актісінде,
ал жалпы
кодификацияланған ереже бойынша:
дәрі ішіп алдым, өйткені
басым ауырып тұр немесе
дәрі ішіп алдым, себебі басым ауы-
рып тұрғаны деп құрылуы тиіс.
Сол сияқты сөз варианттарының еркіндеу қолданылуы
ауызекі сөйлеу тілінде де, шаршы топ алдындағы сөзде де
жазба әдебиет тіліне қарағанда жиірек орын алады. Бұл жер-
де лексикалық норманың «босандығының» ғана емес, стиль-
дік талаптың да рөлі болады. Айталық, ауызекі сөйлеу тілін-
де дөрекі, қарапайым, жергілікті сөздер және бөгде тілдік сөз
қатары әлдеқайда еркін жұмсалса, жазба тілдің шаршы топ
алдындағы қолданысында немесе публицистикалық үлгілерде
(газет-журнал беттерінде) бұлардың орын алуы мейлінше
шек-теулі, жоққа тән болуы керек, бірақ мұның барлығы да өз
орын-дарында, өз салаларында норма болып табылады.
Жалпы әдеби тіл мен сол тілдің көркем әдебиетінің норма-
лары да бір емес, соңғыда әдеби нормадан «ауытқу» сияқты
болып көрінетін сәттер аз кездеспейді, бірақ бұл «ауытқулар»
көркем әдебиет тілі үшін норма болып саналады. Мысалы,
шылау-жалғау болып қызмет ететін
мен (пен, бен) тұлғасының
Достарыңызбен бөлісу: