элементтерді тоғытып жіберуден сақтайды. Кодификацияның
осындай екі жағының екеуін де есептей отырып, орыс тіл
білім-паздары айтқандай: «алды-артын байқаған»
либерализмнің ор-тасынан шыққан дұрыс.
Кодификацияның беріктігі де шартты: қалыптанған норма-
лардың императивтік (міндетті) түрлері мен диспозитивтік
(таңдап алатын) түрлері болады. Қазақ әдеби тілінде, әсіресе
лексикалық нормалардың диспозитивтік түрлері баршылық
(олар жөнінде мысалдарымен көрсетіліп, кең түрде келесі та-
рауларда айтылады).
Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысы бар терминдердің
және бірі –
узус. Орыс тіл білімінде бұған көбінесе «узус
– қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме бе-реді,
узустың қарама-қарсысында окказионалдық бірліктер, яғни
әдеттегі (нормадағы) мағынадан бөлек, тек сол контек-сте
келтірілген мағынада жұмсалған сөздер тұрады. Узус пен
окказионализмдер – оппозитивтік (қарама-қарсы тұрған)
дүниелер. Сірә, дұрыс қолданыстағы бірлікті (сөзді, тіркес-ті,
сөйлемді) «узус» дейтін болсақ, оның «нормативтік бір-лік»
дегеннен қандай айырмасы болады? Сондықтан біз
узус деп
тілдік жүйеге қайшы келгенмен, тілдік дағдыға айналған
қолданысты атағанды дұрыс деп санаймыз. Бұған зерттеуші
Н.Уәлиев жақсы мысалдар келтіреді. Мысалы, қазақ тілінің
жүйесі бойынша
ер (атқа салатын) деген зат есімнен етістік
тудырғанда
ерле болуға тиіс, бірақ қолданыста
ертте тұлғасы
жиірек кездеседі, сол сияқты
қозы сөзінен етістік
қозылады деп
жасалуы керек, бірақ қазақ тілінде
қоздады түрі қолданылады.
Ал біздің байқауымызша, бұл күнде
туды-туылды деген жа-
рыспа қатардың қолданыстары пікір таласын тудырып келеді.
«Пәленше пәлен жылы
туды» деп айтылып келген сөйлемді
Достарыңызбен бөлісу: