Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет6/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

бірлік деп, енді біреулері тұлға деп, алғашқы кезде тіпті дүниелік
деп   әрқилы   атай   бастадық   та   енді   көпшілігіміз  бірлік  деген
калькаға   тоқтадық.   Калька   деген   –   әдетте   амалсыздың   күні,
алғашқыда ол құлаққа өте жат естіледі. Единица деген өз сөзіне
орыс тіл мамандары да алғашқы кезде тосырқап қараған болар,
бірақ   орыстың   ғылыми   әдебиетінде
 единица 
нағыз
лингвистикалық термин болып қалыптасып кетті. Біз әзірге осы
жұмыста көзіміз үйреніп, құлағымыз жаттыққанша біресе
единица (бірлік) деп, біресе бірлік (единица) деп жақша ішіне
не орысша, не қазақша баламасын қоса көрсетіп, екі тілдегі
атауды да жұмсадық.
Тіл білімінде орысша мотив, мотивация деп ұсынылатын
ұғымның қолданылуы жиі кездеседі. Мұны да бұрын орысша
түрінде   жұмсап   келсек,   енді  уәж,  уәждеме  деген   қазақша
сәтті баламаларын ұсынып жатырмыз. Лексикалық нормалар-
ды әңгіме еткенде әдеби нормаға өтуге оңтайлы, мүмкіндігі
бар сөздерді бұрын потенциалдық сөздер деп келіп едік, енді
оларды әлеуетті бірліктер деп қазақша жиі атаймыз. әлеует
– «потенциал», әлеуеттілік – «потенциальность», әлеуетті –
«потенциальный» дегендердің қазақша терминдік баламалары
екенін аңғартамыз.
Тақырыпқа қатысты терминдердің баршасының қазақша ба-
ламасын іздеп табу мүмкін де емес, шарт та емес, сондықтан
норма,   стиль,   лексикология,   лексикография,   диалектология,
фонетика, морфология, морфема, лексема, сема, фонема, фо-
нология, фонетика сияқты халықаралық ғылыми терминдерді
осылайша   қабылданған   түрінде   пайдаланып   отырмыз.   Тер-
мин   жасау  теориясы   бойынша   абстракт   ғылыми   атауларды
мүмкіндігінше бір тілден екінші тілге аударып алуға болады,
13


өйткені  тілдердің қай-қайсысында  да әр алуан  ұғым аттары
бо-латыны белгілі, тек қиындық семантикалық үйлесімі бар,
яғни   мағынасы   жуық   келетін   қазақ   сөзін   табуда   және   оған
жүйемен келетін жұрнақ түрін жалғауда болады.
Ғылымның қай саласы да бір елде, бір халықта жеке-дара,
томаға-тұйық дамымайды, тіл жағынан қарым-қатысы күшті
көрші  халықтардағы,   тіпті  дүние  жүзіндегі  ғылым  жетістік-
терімен, негіздерімен, жаңалықтарымен білісіп, бөлісіп отыру
– бүгінгі заманның талабы. Басқа тілдердегі, әсіресе Еуропа
елдері мен орыс қоғамындағы ғылыми әдебиетті оқымай, біл-
мей, бір ғана тілдегі (айталық, тек қазақ тіліндегі) әдебиетпен
сусындап, ғылым салаларын дамыту мүмкін емес. Сондықтан
кейбір терминдердің көптеген ұлт тілдеріне ортақ, таныс бо-
лып келуінен қашқақтауға болмайды. Қазақ білімі де осындай
шарттылықтан тыс тұра алмайды.
Лингвистикалық   терминдер   жайында   бұлайша   арнайы   сөз
қозғап отырғанымыздың уәжі бар. Алдымен, термин мәселесінің
тілдің лексика саласындағы нормалану процесіне тікелей қатысы
болғандықтан,   олардың   осы   еңбекте   кездесетіндерінің
бірқатарының   білдіретін   мағынасын,   яғни   ғылыми   дефиници-
ясын   айқындап   алуды   жөн   көрдік,   бұл   әрекетіміз   осы   еңбекті
бірқыдыру түсініп оқуға жәрдемдесер дейміз. Бұл жұмыс тек тіл
мамандары   үшін   емес,   тілді   дұрыс   пайдалануға   ниеттен-ген
қалың   көпшілікке,   әсіресе   бұқаралық   ақпарат   құралдары
қызметкерлеріне,   мектеп   мұғалімдері   мен   студенттерге,   баспа
қызметкерлері  мен  жазушы,  журналист  сияқты  қалам иелеріне
қарата   жазылғандықтан,   мұндағы   ғылыми   терминдердің   мей-
лінше түсінікті болуын көздедік, ал бұларды жиі қолданған се-
бебіміз – бұл жұмыстың ғылыми – теориялықта, қолданбалы
– тәжірибелікте сипаты болуы көзделді.
Екіншіден,   қазақ   тілінің   нормалары   жайында   арнайы
тұңғыш   рет   жазылып   отырған   бұл   кітапта   қазақша   емес
терминдердің   біршама   көбірек   қолданылған   себебімізді
дәлелдеуді де жөн көрдік.
Бұл   жұмыстың   «Кіріспесінде»   сөз   етуге   болатын   әңгіме
қырлары   көп,   дегенмен   солардың   тақырыпқа   қатысты   екі-
үшеуін ескертсек дейміз. «Тіл» дегеннің өзін ауызша сөз не-
14


месе   айтылған  сөз,   жазба   сөз  немесе   жазылған  сөз  деп  екі
түрге бөліп қарастырамыз. Бұл жердегі «сөз» термині тілдің
қолданыстағы   қалпы,   орысша   «речь»   дегеннің   баламасы
ретінде алынып тұр. Тілдік норманы әңгіме етуге келген-де
«тіл» деген жалпы ұғымды бұлайша нақтылап алу және оның
қолданыстағы   қалпын   сөз   ету   –   заңды,   өйткені   «норма»
дегеніміз – тілдің дұрыстық-бұрыстық сәттері туралы  ұғым
болса, тіл заңдылықтарының дұрыстық-бұрыстығы қолданыс
үстінде көрінетіні белгілі.
Ауызша сөздің өзі ауызша әдеби тіл және ауызекі сөйлеу
тілі   деп   екіге   бөлінеді   де   олардағы   сөзқолданыстарында
айырмашылық болады.
Жазба сөз де біркелкі емес: бейтарап (нейтральный) тілдің,
яғни   ғылыми   әдебиеттің,   кеңсе-іс   қағаздары   тілінің,
бұқаралық   ақпарат   құралдары   тілінің   қолданыста   өзіне   тән
нормалары бо-лады. Бұлар әдетте ресми тіл, қатаң тіл, тұйық
стильдер деп та-нылса, бұл тілдерден көркем әдебиеттің тіл
қолданысы   мүлде   бөлек   тұрады,   ол   –   ашық   тіл,   мұнда
стильдік   тұйықтық   жоқ,   ол   жазба   тілдің   өзге   стильдерінің
элементтері   түгіл,   ауызекі   сөйлеу   тілінің   бірліктерін   де
бойына   сіңіре   алады.   Міне,   тілдік   нормаларды   танып-
танытуда осындай бөліністерді қатты еске-ру керек.
Тұтас алғанда, тілдік нормалар, әсіресе жазба сөз нормалары
–   мүлде   өзгермейтін,   «консервіленген»   құбылыс   емес.   Уақыт
өткен   сайын   тілдің   өзі   сияқты,   оның   әр   алуан   тұстарындағы
нормалары да  өзгеріп  отырады,  бірақ бұл өзгерістер түбегейлі
емес,  яғни  тілдің   барлық  нормасы  түп-тамырымен  өзгермейді,
жеке сәттері өзгереді және олардың өзі – бір сәттік, кенет бо-
латын   өзгеріс   емес,   ұзақ   уақытты   алатын   қозғалыс   болады.
Сондықтан тілдік норма мәселесін қарастырғанда, тіл дамуының
белгілі бір кезеңін алып, синхрондық тұрғысынан зерттеу (тану)
керек.   Әрине,   ғылым   үшін   диахрондық   аспектіде   зерде-леуге
болады,   бірақ   мұндай   зерттеуде,   біздің   байқауымызша,
тәжірибеде   пайдалы   нәтиже   күтетін   прагматикалық   мақсат
көзделмейді,   мұнда   тілдің   тарихи   дамуының   объективтік
заңдылықтарын ашу үшін әрбір тілдік  құбылыстың  іліктестігі,
жалғастылық сипаты, өзгерістерінің негізі (себебі) сияқты із-
15


деністер   жүргізіледі.   Диахрондық   зерттеулердің   тілдік
нормаға   келгенде   ғылым   үшін   мәні   зор   болғанмен,   қазіргі
таңда біз-ге керек болып отырғаны – синхрондық сипаттағы,
яғни дәл бүгінгі кезеңдегі қазақ әдеби тілі нормаларының күй-
қалпын   танып-білу   және   оны   тек   мамандарға   таныту   үшін
емес,   қазақ   тілін   пайдаланып   отырған   қалың   жұртшылыққа
таныту, сол арқылы тіл мәдениетін көтеру болып отыр.
Дегенмен   бұл   зерттеулердегі  синхрондық   үзік  (синхрон-
ный   срез)   дегеннің   өзі   тағы   шартты   деуге   болады.   әсіресе
лексика саласында тіл тіршілігі бірнеше онжылдық түгіл, бір-
екі онжылдықтың барысында ешбір өзгеріссіз (синхрондық)
қалыпта   көрінбейді.   Әсіресе   біздің   қоғамымызда   соңғы
онжылдықта  (1990 жылдардан бермен қарай) болып жатқан
әлеуметтік, саяси, тіпті мәдени өзгерістер мен дүмпулер тілді
де,   оның   сөздік   қазынасын   да   айтарлықтай   қозғалысқа
түсіргенін   көріп   отырмыз.   Демек,   қазақ   тілі   дамуының
синхрондық   үзігі   деп   отырған   кезеңнің   өзінде   диахрондық
фактілер   орын  алып   жатыр.   Бұған   бірқатар   орысша   аталып
келген   терминдер   мен   жай   сөздердің   қазақша   баламасын
ұсыну, жаңа тұлғаларды жа-сауда сөз біріктіру сияқты кейбір
амалдардың   жандануы,   жаңа   сөз   жасаушы   жұрнақтардың
алмасуы тәрізді факторлар себеп болып отыр.
Әдетте тілдің өзінде қалыптасқан нормалар ережелер-мен
ұсынылған,   кодификацияланған   нормаларға   қарағанда,
әлдеқайда   тұрақты,   тиянақты   болады.   Ал   ережемен   реттел-
ген,   кейін   ұсынылып   хатқа   түскендерін   бұзу  тәжірибеде   аз
кездеспейді. Бұл – норма ауысу құбылысын тудырады. Әрине,
тілдік норманың түгелімен ауысуы дейтін болмайды, ол күнде
тілдің өзі ауысып,  басқа  тіл болып кетуі  керек  қой, «норма
ауы-суы» – шартты атау.
Қысқасы, ұсынылып отырған бұл жұмыста қазақ әдеби тілі
нормаларының   синхрондық   үзіктегі,   атап   айтқанда,   соңғы
онжылдықтардағы   күй-қалпы,   реттеліп,   қалыпқа   келуі,   хатқа
тіркелуі сөз болады. Тілдік-стильдік нормалардың тарихы, яғни
қозғалысы,   даму   (жетілу,   өзгеру)   кезеңдері,   оған   әлеуметтің
араласуы, ірі-ірі қайраткерлердің қызметі туралы зерттеулер – өз
алдына жеке монографиялық ізденістер болмаққа керек. Бұл
16


– әрі қарайғы міндеттердің бірі. Тілдік нормалардың қалыптасу,
даму,  жетілу   (қалыптасу)   тарихы   –  әдеби   тілдің   өзінің   жалпы
тарихымен   ұштасып   жатады.   Тілдік   нормалардың   эволюция-
сында қоғамның әлеуметтік, саяси өмірінің қозғалысы үлкен рөл
атқарады.   Әсіресе   тілдік   нормалардың   қалыптасуында   тілдің
табиғатынан тыс экстралингвистикалық факторлардың да үлесі
болатындығын ескерсек, әлеуметтік, саяси, мәдени «қамшылар»
мен «тоқпақтарды» ескеру қажеттігі даусыз. Қазақ тілінің бүгінгі
тағдырында   халықтың   сауаттылық   деңгейінің   көтерілуі,
бұқаралық ақпарат каналдарының өріс алуы, әлеуметтік қызмет
өрісінің   кеңеюі   және   «мемлекеттік   тіл»   ста-тусына   ие   болып,
саяси   құқығының   көтерілуі   үлкен   мән   алып,   оның   барлық
жағынан   дамуына,   нормаларының   қалыптаса   түсуіне   зор
ықпалын тигізіп отыр.
Әдеби   тілдің   нормативтік   базаларын   (негізін,   көзін)   анық-
таудың да мәні зор. Өзге тілдер сияқты қазақ тілінің нормала-
рының негізі – жалпы халықтық сөйлеу тілі. Тілдік нормалар сол
тілдің құрылымдық жүйесінен шығады, яғни тілдік жүйеге сай
құрылымдық тәртібі – тілдің табиғи (өзіндік) нормаларын түзеді.
Бұл   нормаларды   ұрпақтан   ұрпаққа   ұластырып   отыратын
кумулятивтік қызметті ауызша сөйлеу тілі, ауыз әдебиеті, жазу
пайда болған кезеңдерден бастап жазба үлгілер атқарады.
Тіл   дамуының   кейінгі   кезеңдерінде   тілді   пайдаланушы-
лардың, зерттеушілердің, негізінен ғалымдардың өздері реттеп,
көрсеткен,   хатқа   тіркеп,   тұрақтандырған   (кодификациялаған)
нормалары да болады (олар жөнінде мысалдарымен дәлелденіп,
келесі   тарауларда   сөз   етіледі).   Сан   жағынан,   тұрақтылығы
тұрғысынан,   дұрыстығы   жөнінен,   әрине,   табиғи   нормалар   ба-
сым болады, олар өзгеріске көп түспейді. Жаңадан ұсынылатын
нормалардың   дұрыс-бұрыстығын   табиғи   тіл   нормаларының
параметрімен өлшеп танимыз, яғни тілдік жүйеге (құрылымға)
сәйкес келу-келмеуіне қарап, таңдаймыз.
Әдеби   нормадан   уәжді   және   уәжсіз   ауытқу   және   олардың
орын   алу   себептері   де   –   тіл   мәдениетінің   өзекті   проблемасы.
Бұлар   жөнінде   де   жұмыстың   өн   бойында,   әсіресе   лексикалық
нормалар, норма және варианттар, көркем әдебиет стилінің тіл-
дік-стильдік   нормалары   туралы   тарауларда   нақты   баяндалады.
Кіріспеде тек уәжсіз ауытқудың түрлерін атап кетелік. Олар:
17


1) әдеби баламасы бар жерде ешбір стильдік не өзге мақсат
көздемей диалектизмдерді, қарапайым сөздерді жұмсау, бұл
–   көбінесе   тілге   жауапсыздықтың   немесе   әдеби   норма   мен
нор-мадан   тысқары   тұратын   бірліктерді   айыра
білмеушіліктердің салдарынан пайда болады;
2) қажетсіз тұста жаңа жасанды тұлға (сөз) ұсыну (мыса-
лы, касса жұмыстады) және оның мағына жағынан сәтсіз
шығуы; 3) штампқа айналған ерғашқы тіркестерге үйірсектік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет