туылды деп жазу активтеніп барады. Егер тілдік жүйеге
сәйкестікті қуаласақ, туылды тұлғасы дұрыс: туатын – ана,
туылатын – бала. Туылу – ырықсыз етіс. Бірақ қолданыста туды
тұлғасының орнығуы – узустық көрініс. Узустық тұлғаның
тілден берік орын алғандығы сондай, ол – туған-
туысқан (туылған-туысқан деудің орнына), туған ағасы (бір-
ге туылған ағасы емес), туған жері (туылған жері деудің ор-
9
нына), туып-өсу (туылып-өсу емес) сияқты қолданыстарды
қалыптастырған.
Узустық құбылыс мақал-мәтелдерде тіпті көбірек кезде-
седі. Мысалы, ішкен асын жерге қояды деген мәтелде мағы-
налық алогизм сезіледі, бұл мәтел «есі-дерті сонда болды,
сон-шама қызықты» деген мағынаны береді, ондайда ішкен
(ішіп болған) асты емес, енді ішейін деп отырған асын жерге
қоюы (ұмытуы, ескермеуі) керек қой, бірақ мәтел дәл осы
тұлғада (ішкен асын) қалыптасқан. Бұл да – узустық құбылыс.
Тегінде, норма мен узусты айырып таныған жөн.
Норматив-тік бірліктер де – қолданылып кеткендер, олай
болса узус де-геніміз – әдеттегі тілдік жүйеге негізделген
норма емес, тілдік дағды, тіпті узустың бір айырым белгісі –
оның тілдік жүйеге қайшы келетіндігі деп танимыз.
Узустық қолданыстың барлығы бірдей белгілі бір жүйе
түзетін бірліктер болып шықпайды. Айталық, әйел адамдар-
ды азаматша, мұғалима, комсомолка, төрайым деп «женский
родқа» көшіріп бөлек атаушылық бар. Бұл – бір жағынан, орыс
тілінің ықпалы болса, екіншіден, араб тілінен енген мұғалима
сияқты кейбір сөздердің, әсіресе адам аттарының жынысқа қарай
ажыратылатын үлгісі (ғазиз – ғазиза, Латип – Латипа, Фәрид –
Фәрида), үшіншіден, қазақ тілінің өзінде аға-апа, әке-
шеше, апа-жезде, аға-қарындас сияқты лексикалық корреля-
тивтер әсер еткен болар, бірақ соңғылар морфологиялық емес,
лексикалық қатарлар. Дегенмен бұл – қазақ тілінің жүйесі мен
құрылымына қайшы қолданыстар: қазақ тілінде «род»
( «жыныстық») категориясы жоқ: ақын десек ол ер адам да,
әйел адам да болады, егер міндетті түрде әйел адам екенін
атау ке-рек болса, ақын қыз, ақын әйел, ақын апа деп
аналитикалық жолмен атаймыз.
Сірә,
азамат-азаматша,
мұғалім-мұғалима
сияқты
қолданыстар етек алмайтын құбылыс. Біз бұрын жазған бір
мақаламызда төрайым сөзінің де нормаға қайшы неологизм
екенін көрсеткенбіз. Төраға сөзінің «әйел жынысты» сыңары
төрайым-ның қалың көпшілікке ұнап, жаппай қолданыла бас-
тауына сөздің сонылығы, тосындығы, «әйел-еркек» деп бөліп
көрсету мүмкіндігі себеп болған. Төраға – орысша «предсе-
10
датель» дегеннің баламасы, бұл сөздегі төр компоненті де,
аға сөзі де денотаттық (лексикалық, негізгі) мағыналарынан
ажырап коннотаттық мағынада жұмсалып тұрғандықтан, аға
сөзі жыныстық мағынасынан көшіп, «басшы, басқарушы» де-
ген ауыспалы мағынаны білдіретін компонент болып тұр, аға
сөзінің бұл қызметі қолаға, қолағалыщ (көне әскери термин-
дер), отағасыі сияқты сөздерде де көрінеді. Демек, төраға
сөзі ер адамды да, әйелді де атауы керек. Дегенмен төрайым
сөзінің узус ретінде аға-қарындас, апа-жезде, ата-ана сияқты
лексикалық қосақтар қатарынан орын алып кетуі мүмкін. Ал
морфологиялық көрсеткіштермен әйел жынысын атаудың (аза-
Достарыңызбен бөлісу: |