20
(һ) ДСҰ Саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі
комитетінде (бұдан әрі «ДСҰ СТТ жөніндегі комитеті» деп
аталады) және басқа да тиісті халықаралық немесе өңірлік
форумдарда үйлестіруді жақсарту мақсатында өзара іс-қимыл мен
ынтымақтастықты нығайтуды;
(і) әрбір Тарапта стандарттар, техникалық регламенттер мен
сәйкестікті бағалау рәсімдері үшін жауапты органдардың өзара
мүддені білдіретін мәселелер бойынша ынтымақтастығына
жәрдемдесуді қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
2. Осы
баптың 1-тармағын іске
асыру
тиісті қаражаттың
қолжетімділігіне және Тараптардың тиісті заңдары мен өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне байланысты.
3. Тараптар осы салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында
сынақтарды, инспекциялауды, сертификаттауды, аккредиттеу мен
метрологияны қоса алғанда, стандарттар, техникалық регламенттер
мен сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы ақпарат алмасуға
уағдаласты.
4. Тараптар оның негізінде өздерінің стандарттарының, техникалық
регламенттері мен сәйкестікті бағалау рәсімдерінің біртіндеп
жақындасуына, өзгелермен қатар, мынадай:
(а) осы салаларда қабылданған, оның ішінде ДСҰ СТК жөніндегі
комитеті шеңберінде әзірленген халықаралық құралдарды
пайдалануды көтермелеу;
(b) ақталмаған немесе тиімсіз болатын жағдайларды қоспағанда,
Тараптардың ұлттық стандарттарын тиісті халықаралық
стандарттармен үндестіруді күшейту тәсілдерімен қол жеткізілуі
мүмкін тетіктерді құруға және қолдауға ұмтылатын болады.
5. Тарап екінші Тараптың сұрау салуы бойынша осы Тарауды қолдану
саласы шеңберінде нақты секторлар немесе тауар топтары бойынша
ынтымақтастық туралы ұсыныстарды қарастырады.
6. Тараптар нақты секторлар немесе тауар топтарына арналған
стандарттарды, техникалық регламенттер мен сәйкестікті бағалау
21
рәсімдерін жақындатудың негізінде саудадағы артық тосқауылдарды
жою жолымен Тараптар арасында тауарлар саудасы рәсімдерін
оңайлату туралы келісімдер бойынша келіссөздерді бастау
мүмкіндігін қарастыра алады.
7. Тарапың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде екінші
Тараптан экспортталған тауарларды осы тауарлардың техникалық
регламенттің (техникалық регламенттердің) немесе сәйкестікті
бағалау рәсімдерінің талаптарына сәйкестігін растайтын қажетті
құжаттардың болмауы себебі бойынша немесе осы тауарлардың
осындай
Тараптың
техникалық
регламентінің
(техникалық
регламенттерінің)
немесе
сәйкестікті
бағалау
рәсімдерінің
талаптарына болжамды сәйкессіздігі себебі бойынша кідірткен
жағдайда,
импорттаушы
немесе
импорттаушының
өкілі
(тасымалдаушы) мұндай кідірту себептері туралы дереу ресми түрде
хабардар етілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: