23
5-ТАРАУ
САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР
5.1-бап
Мақсаттары
Осы Тараудың мақсаттары:
(a) Тараптардың аумақтарында, бұл ретте, адамдардың өмірін
немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғай
отырып және Тараптардың халықаралық міндеттемелеріне сәйкес
келетін санитариялық және фитосанитариялық шараларды енгізу
және қолдану құқығын тани отырып, Тараптардың саудасына
санитариялық және фитосанитариялық шаралардың теріс
ықпалын барынша азайту мақсатында өзара іс-қимылды нығайту;
b) Тараптардың санитариялық және фитосанитариялық шаралар
саласындағы реттеу жүйелерін өзара түсінуді жақсарту;
c) Тараптардың санитариялық және фитосанитариялық шаралары
мен реттеу жүйелерінің транспаренттілігін арттыру; және
d) Санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласында
Тараптардың құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты
күшейту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: