27
5.8-бап
Байланыс пункттері
1. Әрбір Тарап осы Тараптың атынан осы Тарауды қолдану мәселелері
бойынша үйлестіруге жауапты байланыс пунктін немесе байланыс
пункттерін белгілейді.
Мұндай байланыс пункттерінің функциялары:
(а) осы Тараудың 5.5-бабына сәйкес ынтымақтастықты;
(b) осы Тараудың 5.7-бабына сәйкес консультациялар туралы
сұрау салуларды алуды және жіберуді;
(c) осы Тарау шеңберінде ынтымақтасты жүзеге асыруға сұрау
салулар алу мен жіберуді және тиісті жауаптар беруді қамтиды.
2. Әрбір Тарап екінші Тарапқа байланыс тұлғасының (байланыс
тұлғаларының) аты-жөні (аты-жөндері), телефон нөмір(лер)і, факс
нөмір(лер)і және электрондық поштасының мекенжай(лар)ы сияқты
байланыс деректерін қоса алғанда, белгіленген байланыс пункті
немесе байланыс пункттері туралы ақпарат береді.
3. Әрбір Тарап екінші Тарапты өздерінің байланыс пункттеріндегі кез
келген өзгеріс немесе тиісті байланыс тұлғасының (байланыс
тұлғаларының) байланыс деректерінің кез келген өзгерісі туралы
уақтылы хабардар етеді.