67
толық қорғалуын және анықтығын қамтамасыз ететін үздік
практикалармен бөліседі.
11.4-бап
Электрондық құжаттарды пайдалану
1. Тараптар сыртқы сауда мәмілелеріне жататын құжаттардың
электрондық (цифрлық) қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық
құжаттар нысанында Тараптардың уәкілетті органдарына ұсынылу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге ұмтылады.
2. Тараптардың ешқайсысы сыртқы сауда мәмілелеріне жататын және
электрондық (цифрлық) қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық
құжат нысанында орындалған құжаттардың түпнұсқалылығын қағаз
түрінде ұсыну арқылы растау талабын қамтитын шараларды
қабылдай немесе күшінде сақтай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: