68
тұтыну модельдерін ілгерілетуге бағытталған өзге де ақпаратты жасай
алады және жария ақпараттық ресурстарға орналастыра алады.
Тараптар расталмаған деректер негізінде кері қайтарылған
өнімдердің, қауіпті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің,
жосықсыз дайындаушылардың, сатушылардың, делдалдардың, өнім
берушілердің немесе сапасыз және қауіпті тауарларды немесе
көрсетілетін қызметтерді орындаушылардың тізілімдерін қамтитын
ұлттық немесе трансшекаралық ақпараттық жүйелерді құрамайды.
5. Осы бапта көрсетілген шараларды әзірлеу және енгізілуі мен
қолданылуын мониторингтеу мақсатында, сондай-ақ электрондық
сауда саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері
бойынша ақпарат алмасу мақсатында Тараптар тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың өкілдерінен
тұратын байланыс топтарын құруға міндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: