Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қалалар  қҧрылымы:  қала  махалласы,  қоғамдық  қҧрылыстар



Pdf көрінісі
бет101/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Қалалар  қҧрылымы:  қала  махалласы,  қоғамдық  қҧрылыстар, 

бекіністер.  Қаланың  сҧлбасын  қҧрайтын  кӛшелер  жҥйесі  едәуір  кҥрделі 

болған.  Мысалы,  Отырарда  оңтҥстік  және  солтҥстік  кіреберістерді 

жалғастыратын  орталық  магистральдан  басқа,  меридиан  бағытта  созылып 

жатқан оны тағы да кесіп ӛтетін 6 кӛше болғандығы анықталды. Кейінгі орта 

ғасырлық қаланың махалласы бҧрынғыдай негізгі қҧрауыш болып қала берді. 

Отырар  махалласы  бір-біріне  жапсарластырыла  әрі  тығыз  салынған 

жоспары тік бҧрышты, трапеция тәрізді және кӛп бҧрышты тҧрғын ҥйлерден 

тҧрды.  Әдетте,  ҥйдің  есігі  магистраль  немесе  махалла  ішіндегі  кӛшеге 

қаратылды,  ал  кіріс-шығыс  шағын  кӛшелер  арқылы  жҥргізілді,  қажет 

жағдайда  ол  ҥлкен  қақпалармен  жабылса  керек.  Махалла  6-20  ҥйден  тҧрды 

және аумағы 1500 шаршы метрден аспады. 

       Қаратаудың  теріскей  беткейіндегі  мерзімі  ХVІ-ХVІІІ  ғасырлар  деп 

белгіленген Раң және Кҥлтӛбе қала жҧрттарының қҧрылымына да осылайша 

махаллалар  етіп  салу  тән,  Саураннан,  Қотаннан,  Бҧзықтан  нақ  осындай 

қҧрылым аңғарылады. 

Махалла  қаланың аумақтық жағынан бӛлшегі ғана емес, сонымен қатар 

әкімшілік  бӛлінісі  де  болатын,  махаллалардың  ақсақалдары  арқылы  жҧмыс 

істеген қаланың билік орындары онымен іс жҥргізіп отырды.  

Махаллалардағы  археологиялық  материалдар  негізінде  жаңғыртылған 

әлуметтік  кӛрініс  (неғҧрлым  ерте  кездер  ҥшін  де  атап  ӛтілгендей)  біртектес 

болмаған.  «Байлар»  және  «кедейлер»  махаллалары  болып  бӛлінбеген.  Әрбір 

махаллада кӛп бӛлмелі екі-ҥш ҥлкен ҥй, бір, екі және ҥш бӛлмелі бір – екі ҥй 

болды, қалғандары - кӛлемі жағынан деңгейлес ҥйлер еді.  

Махаллалардың,  онда  тҧратын  адамдардың  қызметі  бойынша 

мамандандырылуы туралы мәселе назар аударуға лайық дҥние. Отырарда бір 

махалланы  ғана  «қыш-қҧмырашылар  махалласы»  деп  сипаттауға  болады. 

Басқа  махаллалардың  бәрі  тҧрғындарының  кәсіптік  қҧрамы  жӛнінен 

әртектес.  Махаллаларда  қҧмырашы,  темір  ҧсталары,  тас  ӛңдеуші, 

тоқымашылардың ҥйлері де кездеседі. 

Жазбаша  дереккӛздеріне  қарағанда  Оңтҥстік  Қазақстандық  кейінгі 

ортағасырлық  қалаларда  культтық  –  мешіт,  кесене,  медресе,  ханака  секілді 

қҧрылыстар  болған.  ХVІ  ғасырдағы  Сауран  медресесін  әспеттеп  сипаттаған 

деректемелер  бар.  Қазіргі  таңда  олардың  болғандығын  археологиялық 



 

377 


мәліметтер  де  растап  отыр,  мәселен,  алғаш  рет  зерттеулер  нәтижесінде  ХVІ 

ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдағы Отырар мешіті аршылды. 

Ӛз қҧрылысы бойынша  моншаның ерте кездердегі отырарлық моншадан 

еш  айырмасы  болмады,  мҧны  да  зерттеушілердің  нақты  зерттеулерге 

негізделген пікірі айқындап отыр. 

Дала билеушілерінің Сырдария қалаларын иелену жолындағы қиян-кескі 

кҥресі кезеңінің барысында бірінші кезекте қалалардың ӛздері зардап шекті, 

бҧл  кезеңде  олардың  әрқайсысында  кҥшті  бекініс  жҥйесі  болуға  тиіс  еді. 

Соңғы 

орта 


ғасырлар 

тарихшыларының 

шығармаларында 

қала 


қабырғаларының биіктігі мен беріктігінің, орлар тереңдігінің мейлінше әдемі 

суреттелетіні  тегін  емес.  ХVІ  ғасырдың  соңғы  ширегіндегі  Сауранның 

қалалық  бекіністерінің  сипаттамасын  жасаған  сол  замандағы  автордың  бірі  

«кіретін және шығатын есіктері» бар бекіністі қорғандарды, бекіністі дуалды 

(баре),  орларды  (хандак)  атайды.  «Бекіністік  ор  жағасының  сырт  жағынан 

биік  болғаны  сонша,  -  деп  жазады  ол,  -  ӛзенге  ҧқсайтын...  Осы  ордан 

қорғанның басына дейін елу гяздай болатын...». 

Сауранның  бекініс  қҧрылыстарының  қалдықтары  осы  кезге  дейін 

керемет  әсер  қалдырады.  Сауранның  дуалы  шикі  кірпіш  араластырып 

қаланған  кҥйдірілген  балшық  блоктармен  салынған.  Оның  сақталып  қалған 

биіктігі қазірдің ӛзінде 6 метрге жетеді. 

Соңғы  жылдары  алынған  мағлҧматтар  қала  тыныс-тіршілігі  жайлы 

мағлҧматтарды толықтыра тҥсті.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет