Шығыс Қазақстан ескерткіштері
Шығыс Қазақстанның ӛзіндік ландшафты Алтай, Қалба жотасы мен
Тарбағатайдың таулы және биіктаулы аудандарынан, солтҥстіктегі далалы
аймақтардан, оңтҥстікте жартылай шӛлейттер мен шӛлдерден тҧрады. Негізгі
су артериясы Ертіс пен оның кӛптеген Бҧқтарма, Кҥршім, Ҥбе, Шар,
Қызылсу секілді тармақтары болып табылады. Топырағы қҧнарлы кең
алқаптар, жайылымдар, таулардағы кӛптеген мыс, қалайы, алтын кен
орындары, ӛзендердегі балықтардың молдығы, ормандардағы аңдардың
кӛптігі мҧнда қола дәуірінің дамуына айрықша әсерін тигізді.
Қазақстанның шығыс ӛңіріндегі қола дәуірін зерттеуге С.С.Черников,
А.Г.Максимова, Ә.М.Оразбаев, Ф.Х.Арсланова, А.С.Ермолаева, т.б.
мамандар мол ҥлес қосты.
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірі тайпаларының мәдениеттері ерте,
орта (ортаңғы) және кейінгі кезеңдерді нақты кӛрсететін ескерткіштерден
тҧрады. Әсіресе ортаңғы қола кезеңіне жататын ескерткіштер ӛте жақсы
зерттелінген.
Бҧл уақыттағы тайпалардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы
мен егіншілік болды. Тау-кен ісі мен металлургия жоғары дәрежеге жетті.
Шығыс Қазақстан мыс, қалайы кендері мен алтын ӛндіру ошақтарының
біріне айналды. Мҧнда ҥй кәсіпшілігі де дамыған болатын.
Шығыс Қазақстанның кейінгі қола тайпаларының мәдениеттері Сібірдегі
қарасҧқ, Оралдың сыртындағы замараев және Орталық Қазақстандағы
беғазы-дәндібай мәдениеттерімен синхрондалынады.
Неолиттік ескерткіштерден кейінгі ерте кезге жататын нысандардың
бірі Қанай ауылы жанындағы мола болып табылады. Оның жоғарғы бӛлігі
тас плиталары тігінен қойылған шаршы тҥріндегі қоршау болып табылады.
Қоршаудың қабырғалары тӛрт тарапқа бағытталған. Топырақтан қазылған
112
қабір шҧңқырынан шалқасынан жатқызылып, басы батысқа қаратылған ер
адам мен әйел адамның мҥрделері аршылған. Қаңқа сҥйектері ішінара қызыл
жосамен боялған.
Мҥрденің екеуі де андроновтық антропологиялық типке жатады.
Шығыс Қазақстан тҧрғындарының орта (дамыған) қола кезеңіндегі
мәдениеттері қоныстар мен қорымдардың ҥлкен-ҥлкен топтары бойынша
айқын сипатталынады. Мҧны айғақтайтын жарқын материалдар Қанай
ауылы, Зевакино селосы, Сарыкӛл кӛлі, Кіші Қойтас, Нҧрмамбет шатқалдары
маңындағы қоныстардан, қорымдардан және ғҧрыптық орындардан алынған.
Ертістің оң жағалауында орналасқан Қанай ауылы жанындағы қоныстан
шаруашылық қҧрылыстары жапсарластырыла соғылған тік бҧрышты
пішіндегі баспана (алаңы 50 шаршы м шамасында) аршылған. Баспана
жартылай жертӛле тҥрінде. Қҧрылыс қабырғасының негізін бағаналар
қҧраған, олардың арасы қамыспен толтырылып, саз балшықпен сыланған.
Жер бетіндегі еденнен таспен қаланған ҥш ошақ орны анықталған. Оның
екеуі тамақ пісіруге, ҥшіншісі баспананы жылытуға пайдаланылған.
Шаруашылық қҧрылыстар негізгі баспанамен бірге жалпақ шатырмен
жабылған. Тар дәліз секілді баспанаға кірер есік ӛзен жақтан тҥсірілген.
Орталық бӛлігі кірер есіктен аса биік емес далдамен (қоршаумен) бӛлінген.
Бӛлінген бӛлік шаруашылыққа пайдаланылған болуы ықтимал, онда мал
тӛлдері ҧсталса керек (бҧзау мен лақ қаңқалары табылған).
Қҧрылыстардың бірінен мыс кентастары мен кҥлдерінің іздері бар қыш
ыдыстың сынығы, ал келесі біреуінен қҧйма тҧрпатының жартысы табылған.
Қоныстың оңтҥстік-шығыс шетінен салмағы 6 кг болатын бӛлшектелген мыс
кентасы анықталған. Қоныс жанынан балқыту пешінің қалдықтарымен қатар
ағаш кӛмірлерімен бірге кентастар (10 кг) да табылған. Кентас, сірә, Нарым
жотасында орналасқан жақын маңайдағы кен орнынан тасымалдаған.
Қоныстың оңтҥстік-шығыс бӛлігінен ҥш қатар тас қаландысынан
тҧратын ғҧрыптық орын қалдығы анықталған. Мал сҥйектері, дәнҥккіш
сынығы, кҥл мен жанған отын қалдықтары, кҥйген сҥйектер мҧнда
қҧрбандық шалу рәсімдері жҥргізілгендігін нақты айғақтайды.
Сарыкӛл кӛлі, Кӛкдомбақ пен Малый (Кіші) Қойтас ауылдары
жанындағы қорымдар топырақпен ҥйілген обалардан тҧрады, олардың тҥп
жағында тізілген тас плиталары дӛңгелек, шаршы және тік бҧрышты
қоршауларды қҧрайды. Бҧл қорымдардағы заттай мәдениет пен жерлеу
ғҧрпы ҥйіндісі жоқ қоршауларға ӛте ҧқсас болып келеді. Тас жәшіктерде,
кейде тас плиталармен немесе ағаш жабындымен жабылған шҧңқырларда
әдетте мҥрдені жерлеу жиірек ҧшырасады, сонымен қатар ауық-ауық мҥрдені
ӛртеу ғҧрпы да кездесіп тҧрады. Ақсҥйектердің қабірлері қыш ыдыстар мен
сан алуан әшекейлердің кӛптеп шығуымен ерекшелінеді. Әшекейлердің
кӛпшілігі қола немесе мысқа негізделген, алтын қаңылтырмен (фольга)
қапталған. Бҧлар ауызды (раструб) сырғалар, айналдырылған сым конустары,
ҥшбҧрыш, ойық пен каннелюр сипатындағы ою-ӛрнектермен кӛмкерілген
«табанды» алқалар, параллель сызықтар тҥсірілген ромб пішінді пластинка,
ҥш бҧрышты пластинка, т.б.
113
Трушниково ауылы маңындағы қоныс, Мало-Красноярка аулы
маңындағы қоныс пен қорым, Зевакино мен Измаилово қорымдарын зерттеу
барысында алынған археологиялық мәліметтер кейінгі қола дәуірін біршама
толымды тҥрде сипаттайды.
Трушниково қонысынан тік бҧрышты пішіндегі жартылай жертӛле
тҥріндегі екі баспана аршылған. Бір баспана қабырғасының негізін жерге
кӛміліп орнатылған бағаналар қҧраған, олардың арасы тоқылған ағаш
бҧтақтарымен немесе қоршауымен бекітілген. Қоныстан алынған қыш
ыдыстар топтамасындағы қҧмыралардың мынадай тҥрі басым: иық тҧсы
дӛңгеленген, ернеуі тік немесе аздап иілген және денесі мейлінше ҥлкен.
Олардың мойындары біліктермен ӛрнектелген, сан алуан оюлар тҥсірілген.
Сонымен қатар тҥбі дӛңгелектене келген ӛрнекгі жоқ ыдыстар да
ҧшырасады.
Кейінгі қола дәуіріндегі жерлеу ғҧрпы туралы Зевакино қорымының
материалдары мол мағлҧат береді. Бҧл қорымнан жҥзден астам жерлеу
қҧрылыстары зерттелген. Қҧрылыстар беті тас плиталармен және ағаш
жабындымен жабылған тас жәшіктерден, тік және сопақша тҧрпаттағы қабір
шҧңқырларынан тҧрады. Желеген қабірлер басым болғанымен, бір мола
шҧңқырында екеулік, сонымен қатар ҥш, тӛрт кісі жерленген қабірлер де
кездеседі. Аяқ-қолы бҥгілген мҧндағы мҥрделер кӛбіне оң жақ бҥйірімен
жатқызылған, сол бҥйірімен, кейде шалқасынан немесе ет-бетінен жатқызу
сирек ҧшырасады. Кейбір қабірлерден қызыл жоса, ағаш кӛмірі мен
кҥйдірілген ағаш қалдықтары, ақіреттік ас қалдықтары (жылқы мен қойдың
бас сҥйектері, жамбас сҥйектері, жауырыны).
Жерлеу инвентары қола пышақтардан, қанжарлардан, қыш ыдыстардан,
металдан, тастан және сҥйектен жасалған әшекейлер мен тҧрмыстық
заттардан тҧрады.
Измаилов қорымы. Ол А.С.Ермолаева тарапынан зерттелінген. Қорым
қабірлеріне жекелеген жерлеу және қосымша қҧрылыстардың болмауы тән.
Қҧрылысына, жерлеу салтына, қабірге қойылған материалдарына
қарағанда айтылып отырған кезеңдегі қабірлерді екі топқа бӛліп қарастыруға
болады.
Біріншісіне 10 жерлеу қабірі кіреді, ондағы конструкция негізін шаршы
және шаршыға жақын тҧрпаттағы бҥтін немесе қҧрама гранит тақтайлардан
тҧратын жәшіктер қҧрайды; олар қоршауы бар 8 жәшіктен және қоршаусыз 2
жәшіктен тҧрады.
Екінші топ кҥрделі қоршаулардан және бай қабірлерден, сонымен қатар
соңғы аталған орындағы әшекейлердің культтық сипаты басым екендігін
білдіретін кешендерден тҧрады. Қҧрылыстардың екі тҥрінде де мҥрденің
басын шығысқа қаратып жарлеу кеңінен таралғандығын да айта кету керек.
№24 қоршаудан ӛртелген жабынды немесе жерлеу ӛртінің қалдығы
шыққан. Бірақ адам қаңқасы мен мҥрдеге о дҥниеде қажетті заттар отқа
шалынбаған. Ал №25 қоршаудан от қалдықтары байқалмаған, есесіне оны
білдіретін қызыл және қоңыр тҥсті жосаның аздап себілген қалдықтары
анықталған.
114
Измаилов қорымындағы қҧрылыстар конструкциясы жағынан Орталық
Қазақстандағы Саңғыру-1, Былқылдақ-1, Еңбек сҥйгіш, Айдарлы секілді
беғазы-дәндібай ескерткіштеріне ҧқсас.
Екі топтағы олжалардың арасынан 50 шақты бҥтін және бӛліктерден
тҧратын қыш ыдыстар маңызды орын алады. Барлық ыдыстар тҧрпаты
(пішіні), ою-ӛрнек элементтері мен дайындау технологиясы бойынша ҥш
топқа жіктелген.
Бірінші топтаға ыдыстар тҧрпаты мен ою-ӛрнек элементтері бойынша
Орталық Қазақстандағы беғазы-дәндібай ескерткіштеріне, Оңтҥстік Сібір
мен Алтайдағы қарасҧқ ескерткіштеріне, Солтҥстік Тҥгіскендегі кесенелер
ыдыстарына ӛте ҧқсас.
Екінші топты 17 дана қыш қҧмыра сынды ыдыстар қҧрайды. Олардың
алтауында тарақты штамп, немесе ҥш бҧрыш не қолмен басылған ойық
сияқты ою-ӛрнек бар. Қыш қҧмыралардың бірінің мойынында жапсырылған
білік бар, ал қалған ҥшеуінің ернеуі тӛмен қарай қайырылған.
Тҧрпаты мен дайындау технологиясы бойынша бҧл топтағы ыдыстар
Солтҥстік және Орталық Қазақстандағы сарғары-алексеев типіндегі, сонымен
бірге Шығыс Қазақстандағы трушниково типіндегі керамикаға ҧқсас.
Ҥшінші топқа шартты тҥрде 8 қҧмыра біріктірілген. Олардың екеуіне тән
нәрсе – тҥбі дӛңгелек және жапсырындысы бар.
Олжалардың қалған бӛлігін ат әбзелдері, қару-жарақтар, қоладан,
алтыннан, кҥмістен, сҥйектен жасалған әшекейлер қҧрайды.
Материалдар кешені тек кейінгі қола дәуіріне жататын мәдениеттермен
ғана емес, сонымен бірге ерте кӛшпенділерге тән мәдениетпен де ӛзара
араласып жатуымен ерекшелінеді. А.С.Ермолаева пікірінше, бҧл әзірге
кейінгі қола мен ерте темір дәуіріндегі кӛшпелілер арасындағы
этногенетикалық байланысты кӛрсете қоймайды, олардың қатар ӛмір
сҥргендігін және бір-біріне ӛзіндік тигізген әсерін жорамалдауға ғана
мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |