Солтҥстік және Орталық Қазақстан ескерткіштері
Солтҥстік және Орталық Қазақстанның қола дәуіріне жататын
ескерткіштерін зерттеу тарихы патшалық Ресей тҧсында басталып, кеңестік
дәуірде ӛз жалғасын тапқандығы белгілі.
Солтҥстік Қазақстаннан 1911 жылдың ӛзінде-ақ Ю.П.Аргентовский
андроновтық ескерткіштерді Петропавл қаласы маңынан қазған болатын.
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бҧл ӛңірде ҚазКСР ҒА-ң
Ш.Ш.Уәлиханов
атындағы
Тарих,
археология
және
этнография
институтының экспедициясы жҧмыс істеді. Оның қҧрамындағы қола дәуірін
зерттейтін отрядты Ә.М.Оразбаев басқарды. Сол жылдары алынған
дереккӛздері бойынша Солтҥстік Қазақстан қола дәуірі сатылары мен
мәдениеттерінің кезеңдестірілуі жасалды. Дегенмен мҧнда ҧзақ жылдарға
созылған жҥйелі жҧмыстар, соның ішінде қола дәуірін зерттеу ісі Петропавл
педагогикалық институты мен Солтҥстік Қазақстан облыстық тарихи-
115
ӛлкетану музейі ҧйымдастырған Солтҥстік Қазақстан археологиялық
экспедициясымен тығыз байланысты. Аталған экспедицияны бастапқыда
Г.Б.Зданович басқарған еді.
Орталық Қазақстан аумағында 1946 жылдан бастап тҥрлі жылдары
Ә.Х.Марғҧлан,
М.Қ.Қадырбаев,
С.М.Ақынжанов,
Ж.Қ.Қҧрманқҧлов
басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жҧмыс істеп
келеді. Кең кӛлемдегі археологиялық барлау және қазба жҧмыстары мҧнда
ондаған қоныстар мен қорымдарды ашуға мҥмкіндік берді. Олардың
арасында қола дәуірінің ерте (нҧра) кезеңіне жататын – Ақшатау, Бҧғылы-1,
Байбала-1, Қомағал, Қанаттас; атасу кезеңімен мерзімделінетін – Айшырақ,
Саңғыру-2, Былқылдақ-1-3, Шерубай-Нҧра, Қарабие; беғазы-дәндібай кезіне
жататын – Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Бағазы, Атасу, Мыржық, Бҧғылы-2,
Ҧлытау секілді жҥздеген қоныстар, қорымдар мен ғҧрыптық орындар
отандық тарихнамада кеңінен белгілі.
Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы
зерттеу жҧмыстарының қомақты бір бӛлігін атқарды. Бҧл экспедицияны
1973-1976 жылдары Г.Б.Зданович, 1977 жылдан бастап В.В.Евдокимов
басқарды. Қарағандылық археологтар ҧжымының (В.В.Варфоломеев,
В.В.Евдокимов,
С.У.Жауымбаев,
К.М.Қарабаспақова,
И.А.Кукушкин,
В.Г.Ломан, В.А.Новоженов, И.В.Рудковский, А.А.Ткачев, Э.Р.Усманова,
А.Ю.Чиндин, М.Беделбаева, И.Н.Швец) бір бӛлігі, негізінен, қола дәуірі
проблемаларын
қарастырумен
айналысты.
Нәтижесінде
Қарағаш
қорымындағы ерте қола кезеңіне жататын қабірлер, Сатан қорымындағы
қабірлерден арба қалдықтары аршып алынды. Сонымен қатар Қопа, Нҥркен,
Әкімбек, Ташық, Бозінген, Алпымса, Нҧртай, Майтан, Лисаковск, т.б.
андроновтық қорымдар зерттелді. Қазба жҧмыстары Қопа-1, Ҧпайыс,
Әкімбек, Домалақтас, Лисаковское, Ташық, Майоровка, Энтузиаст секілді
қоныстарда да жҥргізілді. Кейінгі қола дәуірін зерттейтін отряд Еңбек
сҥйгіш, Доңғал, Дермен, Самара, Шойындыкӛл, Қарағаш секілді қорымдарда
қазба жҧмыстарын атқарды. 1985 жылдан бері байырғы қала (протогород)
типіндегі Кент қонысы зерттелініп келеді. Кӛне металлургия мен тау-кен ісін
зерттеуге С.У.Жауымбаев мол ҥлес қосып келеді.
Сайып келгенде, Солтҥстік және Орталық Қазақстан қола дәуірінде
біртҧтас тарихи-мәдени ӛңірді қҧрады. Ӛйткені, қола дәуірінің барлық даму
сатыларында бҧл аумақтарда айтарлықтай ӛзгешеліктер байқала қоймайды.
Петров мәдениеті. Бҧл мәдениеттің бекіністі қоныстары мен обалы
қорымдары Оңтҥстік Оралдан, Оңтҥстік-Батыс Сібірден, сондай-ақ Батыс,
Солтҥстік және Орталық Қазақстаннан кӛптеп табылған. Қазақстан
аумағынан ҧшырасқан қоныстар мен қорымдар б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғасырларға
жатады.
Қоныстар. Ӛңірде Амангелді-1, Кеңӛткел-5, Семиозерное-2 секілді 3 бір
мәдени қабатты қоныстар, Новоникольское-1, Петровка-2, Богоглюбово-1
сынды кӛп мәдени қабатты қоныстар толымды тҥрде зерттелінген.
Петров мәдениетіне жататын қоныстарға тән нәрсе – онда бекіністік
(қорғаныстық) қҧрылыстардың болуы; әдетте қоныс айналасында тереңдігі
116
1,5-2,5 м-ге, ені 3,5 м-ге дейін жететін оры болды, оның ішкі және сыртқы
бӛлігі топырақ жалмен (ҥйіндімен) кӛтерілді. Ішкі жал негізгісі болды, ол
кейде ағаш қҧрылыстарымен бекітіліп, кҥшейтілді. Жал мен ор периметрі
бойынша қонысты қоршаған жҥйені қҧрады, не болмаса қоныс орналасқан
жердегі тік жарға, ойдымға жалғасты. Қоныс ауданы 5-9 мың шаршы метрге
жетті. Қорғаныс қҧрылыстарымен кірер есікке немесе ордың тармақталып
кеткен жерлеріне қарама-қарсы орналасқан шҧңқырлар тікелей байланысты.
Әдетте шҧңқыр қабырғалары саз балшықпен мҧқият сыланды. Шҧңқырға
малдың бас сҥйегі мен қаңқасының ҥлкен бӛліктері, қыш қҧмыралар,
ғҧрыптық оттар да салынды.
Қорғаныстық (бекіністік) қҧрылыс ішіндегі кенттерде баспаналар ӛте
тығыз орналасқан еді. Баспаналар кӛбіне 1-2 қатар болып жапсарластырыла
орналастырылды, сондай-ақ бос телімдер мен алаңқайлар да кездеседі.
Баспаналардың дені жер бетіне салынған тік бҧрышты тҧрпаттағы қима
ағашты, тамбур тәрізді есігі бар қҧрылыс еді.
Қола қҧюшылардың баспана-шеберханасы Семиозерное-2 (Қостанай
облысы, Семиозерное ауылы) қонысынан анықталған. Бҧл қоныс 5 баспана
мен шаруашылық кешеннен тҧрады. Жоспары бойынша баспана тік
бҧрышты, жер бетіне салынған, қима типінде, ҧсақ қазаншҧңқырлы. Кіретін
есігі тамбур пішінді. Баспана кӛлденең қабырға арқылы екіге бӛлінген.
Ауданы ҥлкен бӛлігінде шеберхана орналасқан, мҧны қазба барысында
табылған мыс кентастарын қорытатын пеш, шаруашылық шҧқырлары, кентас
пен кҥл қалдықтары нақты айғақтайды.
Баспананың кіші бӛлігінде тҧрмысқа арналған шаруашылық шҧқырлары,
1-2 ошақ орны орналасқан.
Петров қоныстарындағы ӛзіндік деталь – баспаналардың едені астында
балалар қабірінің болуы. Жерленгендердің бас жағынан сәбидің қаңқа
қалдықтары мен қыш қҧмыра сынықтары табылған.
Солтҥстік Қазақстан облысы Есіл бойындағы Петровка ауылы маңынан
топырақпен тҧрғызылған балалар қорымы зерттелген. Қорымнан ҧзындығы
0,5 м-ден 1 м-ге шейін жететін, ені 0,4 м-ден 0,8 м-ге дейін баратын, тереңдігі
0,8-1,1 м болатын 32 қабір шҧңқыры аршылған. Молалардан 1-3-ке дейін
қыш қҧмыралар, кейде мал (қой, ешкі) сҥйектері шыққан, біреуінен
әшекейлер алынған.
Ерекше әлеуметтік топқа жататын жауынгер-еркектердің немесе арбалы-
жауынгерлердің қабірлері Солтҥстік Қазақстандағы Кеңес, Ҧлубай, Берлік,
Новоникольское қорымдарынан, Орталық Қазақстандағы Сатан қорымынан
зерттелген.
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Сатан қорымы 3 арбалы-
жауынгерлердің оба асты қабірінен тҧрады. Оба ҥйінділерінің диаметрі 8,6-
13,3 м, биіктігі 0,6-1,15 м аралығында. Ҥйінді астынан ені 1,5-3,5 м, ені 0,35-
0,85 м шамасындағы орлар және ордың ішкі жағынан айналдыра тігінен
жерге қазылып қойылған тас плиталарынан тҧратын сақина тәрізді қоршау
шығады. Әрбір оба астындағы алаңқайда бір-бір шҧңқырдан кездеседі.
Батыстан шығысқа қарай бағытталған қабір шҧңқырларының кӛлемі – 3,5-
117
3,8х2-2,65 м, тереңдігі – 1,07-1,37 м аралығында. Оңтҥстік-батыс сектордағы
қоршаудың плиталары жанынан берілген асты нақты айғақтайтын мал
сҥйектері мен қыш ыдыстар қалдықтары кездесіп отырады. Қорымдағы №1
обаның батыс бӛлігінен жартылай кҥйген арба қалдығы сақталып
қалғандығы анықталған. №3 обада кӛлденеңінен қойылған кеспелтек пен тас
плиталарымен жабылған, тҧрқы жонылған қалың бӛренелерден тҧратын қима
сақталған. Оған қойылған мҥрденің тонаушылық кезінде қатты бҥлінгендігі
байқалады. Моладан қыш қҧмыралардың сынықтары, тік бҧрышты пішінде
келген 15 шақты сҥйектен жасалған сулық (әбзел жиынтығы), қоладан
жасалған кӛз секілді алқа, паста моншақтар, шақпақ тастан жасалған жебе
ҧшы табылған. Басқа қорымдардағы оңтҥстік-шығыс бағытындағы қабір
шҧңқырларының кӛлемі 4,0х2,5 м-ге, тереңдігі 1,2-1,5 м-ге жетті. Мҥрделер
бір бҥйірімен қойылды.
Мҥрделермен бірге бай да сан алуан заттар қойылғандығын Челябинск
облысының оңтҥстігіндегі тоналмаған Синташта қорымының кейбір обалары
да нақтылай тҥседі. Мҧнда зерттелген 40 шақты бейіттерден металдан,
сҥйектен, тастан жасалған 200-ден астам бҧйымдар (мыс балта, тӛлкесі
жабылмаған найза ҧшы, тас тҥйреуіш, жебе ҧштары, қыш қҧмыралар, т.б.)
табылған. Бҧл қорымнан алынған заттарға ҧқсас бҧйымдар Солтҥстік
Қазақстаннан да кӛптеп табылғандығын айта кетуіміз керек.
Кейбір оба астындағы алаңқайдан немесе топырақ қабаты жанындағы
қабір шҧңқырының шетіндегі саз балшықтан жасалған «кӛпшікке» жылқы
қаңқалары «шауып бара жатқандай ат» секілді етіп орналастырылған. Кейде
бейітке жылқының бас сҥйегі мен тҧяқтары ғана қойылды.
Екі доңғалақты (дӛңгелекті) соғыс арбасы немесе кҥйме қалдықтары да
табылған. Арба доңғалағы қабірдің тҥбіне қойылғандықтан, оның шеңбері
мен кегейінің (спица) іздерін нақты анықтауға мҥмкіндік алынған, байқалған
іздері бойынша доңғалақ диаметрі 1-1,2 м, кҥпшегінің (ступица) аралығы 1,2-
1,4 м болғандығы анықталған. Мҧндай кҥйме Сатан қорымындағы
материалдар бойынша қалпына келтіріліп отыр. Онда жартылай ӛртелген
доңғалақтың, платформаның (бәлкім бҥйірі де) қалдықтары бізге жетіп отыр.
Доңғалақ шеңбері (обод) терімен қапталғандығы туралы қосымша
мәліметтер алуға да мҥмкіндік алынды, сірә бастапқыда шеңбер шикі терімен
қапталды, ол кепкеннен кейін шеңберді қысып тҧрды да, кәдуілгі шина
секілді қызмет атқарды. Тері ішкі жағынан сҥйек шегелермен бекітілді.
Мҧндай 4 шеге табылған. Ішкі жалпақшаның ортасынан айналдырыла кертпе
ойықтар тҥсірілді де, оларға кҥпшектер ораластырылды. Кегей орнатылған
және білік (ось) ӛткен бір кҥпшек те сақталып қалған. Кҥйме-арбаның
платформасы ағаштан жасалған, кӛлемі 1,2х0,67-0,75 м.
Жерлеу кешендеріндегі орталық бейітке жапсарластырыла салынған
балалар мен жасӛспірімдердің қабірлері сопақша келген шағын
шҧңқырлардан тҧрды.
Сатан қорымындағы молалардан қыш қҧмыралар кӛптеп табылған. Олар
кӛлденеңінен тҥсірілген сызықтармен, бҥйірі тең ҥшбҧрыштармен, ирек
сызықтармен, қолмен ойылған ойықтармен кӛмкерілген.
118
Петров мәдениетінің қҧмыралары Орал мен Ертіс аралығындағы далалы
және орманды-далалы аймақтарда біркелкілігімен ерекшеленеді. Ыдыстар
матаға оралған ҥлгіде немесе қалыпта (шаблонда) жасалды.
Бҧл кезеңге егіншілік, мал шаруашылығы мен қола қҧю ӛнері тән.
Қҧмырашылық, сҥйекті ӛңдеу ісі, арба жасау дамыды.
Алакөл мәдениеті. Бҧл мәдениеттің ескерткіштері б.з.б. ХҤ-ХІІІ
ғасырлармен мерзімделінеді. Алакӛлдіктер мәдениеті петров тайпаларының
мәдениетіне негізделген болатын.
Мейлінше кеңінен танымал қоныстары – Алексеевское, Перелески-2,
Явленка-1, Петровка-1, Атасу-1. Алынған мәліметтер қоныстар ауданы 10
мың шаршы метрден аспағандығын кӛрсетеді. Қоныстар ӛзендер
жағалауларында орналасты. Баспаналары жартылай жертӛле тәрізді, олардың
тікбҧрышты пішіндегі қазаншҧңқыры 0,6-1,3 м тереңдікке жетті, ауданы 100
м-ден 200 м-ге дейін аумақты алып жатты. Ӛзен жақтан жасалған есігі,
әдетте, дәліз тәрізді, оның ҧзындығы 1-5 м аралығында болды. Баспана екі
бӛлікке бӛлінді. Оның еденінен сопақша шҧңқыр тҥріндегі, тас қаландысы
немесе саз балшықпен кӛтеріліп жасалған 1-ден 8-ге дейін ошақ орындары
аршылады. Кейбір баспаналардан ӛнімдерді сақтауға арналған шеті
шыбықтармен ӛрілген немесе саз балшықпен қабырғасы бекітілген шҧңқыр-
қҧдықтар аршылған. Кҥл-қоқыс, тағам қалдықтары, сҥйектер салынған
кӛлемі шағын шаруашылық шҧңқырлары да кездеседі.
Баспаналар қабырғасы мен жабынының (шатыры) қҧрылысы каркасты-
бағаналы болды. Бағаналар қабырғаны бойлай белгілі бір аралықта қазылып
қойылды да, тігінен кеспелтектермен, бӛренелермен немесе саз балшықпен
сыланған шыбықтармен бекітілді. Орталық қатардағы бағаналар баспана
шатырын екі жақты (двухскатная) болған деп топшылауға мҥмкіндік береді.
Жалпақ шатырлардың, тіпті пирамидалы-текпішекті жабынның болуы да
мҥмкін екендігін естен шығармаған жӛн. Баспана шатырлары ағаш
бҧтақтарымен, бҧталармен жабылып, кҥл араластырылған саз балшықпен
сыланды. Қабырғасы мен жабынының қҧрылысына қолдағы (жергілікті)
материалдар пайдаланылды. Егер орманды-далалы және ішінара далалы
аймақтарда қҧрылыс материалы ретінде ағаш қолданылса, онда Орталық
Қазақстан секілді далалы аймақтарда биіктігі бір жарым метрге дейін жететін
тас плиталар қабырғаға пайдаланылып келді. Баспаналардың еденге жақын
қабаттарынан және толтырылған қазаншҧңқырдан қҧмыралар, қола пышақ-
найзалар, бір немесе екі жҥзді пышақтар, бігіздер, тас балталар мен
кетпендер, қҧйма қалыптар, жебе ҧштары, ҧршықтың бастары, т.б.
тҧрмыстық-шаруашылық заттар кӛптеп аршылып алынған.
Алакӛлдіктер қайтыс болған ӛз руластарын қоныс маңындағы биік
тӛбелерге жерледі. Солтҥстік Қазақстанда мҧндай қорымдар қатарына
Перелески, Алексеевский, Конезавод жатады.
Кейбір бейіттерден бір немесе екі қатарлы бӛренелі қималар
кездесетіндігі анықталған. Айталық, Перелески қорымындағы №2 обаның
қирамаған бӛлігінен екі қатарлы бӛренелі қима мен кӛлденеңінен тығыз етіп
қойылған ағаш сабақтарынан жасалған жабын қалдықтары аршылған.
119
Орталық Қазақстаннан обалық ҥйінділер сирек кездеседі. Мҧнда сақина
тәрізді келген, бҥйіріне дейін жерге кӛмілген қоршау тҥріндегі тас плиталар
жиірек кездеседі. Кӛптеген қоршаулар 1-ден 9-ға дейін қосалқы
қҧрылыстардан тҧрады. Диаметрі 12-18 м болатын оба ҥйінділерінің биіктігі
0,9 м-ге дейін жетеді. Айталық, Қарағанды облысындағы Майтан қорымынан
51 (негізгі қоршау) мен 62 қосалқы қҧрылыс зерттелген. Кӛптеген
қоршауларда 1-ден 5-ке дейін ғҧрыптық орындар ҧшырасқан, қазба
барысында олардан қыш ыдыстар, мал сҥйектері (бас сҥйек, қҧйымшақ, т.б.)
табылған. Қайтыс болған адамдарды кӛбіне сол бҥйіріне және де ішінара оң
бҥйіріне жатқызып, аяқ-қолын бҥгіп, қолдарын бетке жақындата
орналастырып жерледі. Мҧндай поза ана жатырында жатқан баланы, яғни
жер-ана жатырында жатуды еске тҥсіреді. Екі адамның қатар жерленуі де
кездеседі: ер адам мен әйел адам, балалы әйел адам, кейде олардың беттері
бір-біріне қаратылды.
Қабірге қыш қҧмыралар, әшекейлер, еңбек қҧралдары қойылды. Молаға
1-3, кейде 4-5 ыдыс қойылды, олар мҥрденің бас жағына, кӛкірек тҧсына таяу
қойылды, аяқ жағына қойылған ыдыстар ӛте сирек ҧшырасады.
Әйел адам киіміне тағылған әшекейлер, негізінен, қоладан, кейбіреулері
пастадан, сҥйектен дайындалды. Айталық, Қостанай жеріндегі Тобыл ӛзені
ӛңіріндегі қорымдардан моншақтар, қапсырмалар, алтын қаңылтырмен
қапталған білезіктер, шашбаулар, сақиналар, бір жарым есе қайырылған
самай алқалары, т.б. кӛптеп табылған.
Әшекейлердің кҥнделікті ӛмірде де, о дҥниелік ӛмірде де ӛзіндік мән-
мағынасы болды, ӛйткені олар эстетикалық талғамды кӛрсетті, сонымен
қатар таңбалық, діни-магиялық қызметтерді атқарды. Олар адамдардың
ӛмірінде маңызды рӛл атқарды, одан дҥниетанымдық, соның ішінде циклдық
идея мен адам ӛмірінің толассыз дамитындығы туралы таным-тҥсініктерді
аңғаруға болады. Мысал ретінде бҧған кеңірек тоқтап кететін болсақ,
Солтҥстік және Орталық Қазақстан жеріндегі 7 петровтық-алакӛлдік
қорымдардан алынған 13 шашбаулықтарды зерттеген археолог Э.Р.Усманова
пікірінше, олар әйел адамның қоғамдағы статусын білдірген: кәмелетке
толған қыз (бірінші типтегі шашбаулық), қалыңдық (екінші тип).
Әдейілеп әшекейлер мен шашбаулықтарды жерлеу кезінде бҥлдіру ғҧрпы
ӛлген адаммен ара-қатынасты ҥзу ретінде, ал бҧларды молаға қою әлеуметтік
статусын сақтауға ҧмтылуды білдіруі мҥмкін.
Ер адамдар жерленген молалардан еңбек қҧралдары мен қару-жарақтар
(екі жҥзді қола пышақтар, жебе ҧштары, қайрақтастар, сҥйек сулықтар, т.б.)
кӛптеп аршылып алынады.
Алакӛл ескерткіштерінде мейлінше кӛптеп кездесетін археологиялық
материал қыш ыдыстары болып табылады. Олардың ӛзіндік белгілері,
сипаттары бар және де осы археологиялық дереккӛзі арқылы алакӛл
мәдениетінің ӛзіндік ерекшеліктері нақты аңғарылады. Алакӛл типіндегі
ыдыстарда мойын тҧсынан денесіне ӛтер тҧста кертпеші болады, денесінің
екі немесе ҥш бӛлігіне (мойын, дене, тҥбі) ою-ӛрнектер (топтастырылған
кӛлденең және ирек сызықтар, тік бҧрышты ҥшбҧрыштар, жеңілдеілген
120
меандр) тҥсіріледі. Ою-ӛрнектер кеспе сызық арқылы, кейде тарақты
штамппен тҥсірілді, сондай-ақ тҥрлі пішіндегі қолмен басылған ойықтар да
кездеседі. Ӛрнекті қыш қҧмыралармен қатар банка пішіндегі ою-ӛрнекті
немесе ӛрнегі жоқ ыдыстар да ҧшырасады.
Ою-ӛрнектің ең кӛп таралған комбинациялық элементтері – тең бҥйірлі
штрихты ҥшбҧрыштармен ҥйлескен горизонтальды сызықтар, ҥшбҧрышты
ойықтармен қатар орналасқан ирек сызықтар, меандрлы тең бҥйірлі
ҥшбҧрыштар, кӛлденең сызықтармен немесе ҥшбҧрышты келген ойықтармен
ҥйлескен меандр, кӛлденең сызықтар мен ирек сызықтар қатары.
Алакӛл мәдениеті андронов қоғамының тҧрақты тҥрде дамыған уақытын
айғақтайды. Бҧл кезде қоныстарды қоршаған бекіністік қҧрылыстар
болмайды, арбамен қоса жерлеу ғҧрпы кездесе қоймайды. Молалардағы
арбалы-жауынгерді салт атты малшы алмастыра бастайды. Шаруашылықтың
мал ӛсіру мен егіншілік секілді тҥрлері дами тҥседі, қола қҧю ісі,
тоқымашылық, қҧмыра жасау мен ҥй кәсіпшілігі ӛркендейді.
Федоров мәдениеті. Бҧл мәдениеттің ескерткіштері б.з.б. ХV-ХІ
ғасырлармен мерзімделінеді.
Федоров мәдениетінің хронологиясы пікір таластар туғызып келеді:
кейбіреулер оны хронологиялық тҧрғыдан алакӛлден кейін қойса, басқалар
оларды қатар қояды. Бірақ алакӛлдік ескерткіштер шығыс ӛңірлерде,
федоровтық ескерткіштер батыс ӛңірлерде кездесе қоймайды.
Федоров қоныстарынан анықталған және зерттелген баспаналардың
қирау дәрежесі оларды нақты қалпына келтіруге мҥмкіндік бермей отыр.
Әзірге баспана тҧрғызуда екі тенденция байқалған: оның бірі жер бетіне
салынған каркасты шағын қҧрылыстар болса, екіншісі тікбҧрышты жартылай
жертӛле типіндегі қҧрылыстар.
Айталық, Петропавлдық Есіл ӛңіріндегі бір мәдени қабаттан тҧратын
Бишкуль-4 қонысынан ауданы 140 м, пішіні (тҧрпаты) шаршы тәріздес,
бҧрыштары қатты дӛңгеленген каркас ҥйдің бӛлігі аршылған. Баспананың
қазаншҧңқыры аздап материктік бӛлікке дейін қазылған. Дәліз тәрізді шығар
есігі шағын кертпе тҥрінде. Баспананың орталық бӛлігінен кӛлемі 1,3-1,8 м
бӛренелі рама анықталған. Раманың және бағаналық шҧңқырлардың
орналасуына қарағанда, сәл қисайтылған баспана қабырғалары тӛменгі бӛлігі
қазаншҧңқырға тірелген, жоғарғы бӛлігі бӛренелі рамаға жалғасқан
кеспелтектерден немесе бӛренелерден тҧрған. Ӛз кезегінде рама баспананың
ішкі шекарасынан 1,5-2 м кейін орналасқан тігінен қазылып қойылған
бағаналарға тірелген. Шатырының жоғарғы бӛлігі орталық рамаға (оның
қалдықтары еденнен аршылған) бекітілді, және де оның астына ошақтар
орналасты. Сайып келгенде, баспана кесілген пирамида секілді тҧрпатты
иемденді. Жылыту ҥшін қабырғасы шыммен, кҥлмен ӛрілді.
Тікбҧрышты жартылай жертӛле типіндегі ірі қҧрылыстар Петропавлдық
Есіл ӛңіріндегі Новоникольское-1 (№4 баспана) мен Атасу-1 )қарағанды
облысы) қоныстарынан анықталған. Айталық, атасу-1 қонысындағы
баспаналар ауданы 150-200 шаршы метрді қамтиды. Федоровтық баспаналар
121
ішінара Қарағанды облысындағы Усть-Кенетай мен Әкімбек қоныстарында
да сақталған.
Тҧтас архитектуралық ансамбльді кӛрсететін жалғыз федоровтық
баспана кешені Икпень-1 (ортаңғы мәдени қабат) қонысынан қазылған. Бҧл
қоныстан тҧрпаты сопақша келген, тереңдігі 0,2-0,4 м, ауданы 80-120 м 8
қҧрылыс-жертӛле аршылған. Баспанаға кіретін жалғыз есік бҧрышынан
немесе қабырғасынан тҥсірілген. Еденнен 1-ден 4-ке дейін ошақ орны, 2-5
шаруашылық және 10-32 бағаналық шҧңқырлар, ҧралар, тереңдігі 3 м-ге
дейін жететін және қабырғасы бҧтақпен ӛрілген алакӛл мәдениетіне тән 1-2
қҧдықтардың орындары анықталған. А.А.Ткачевтың пікірінше, мҧндағы
қҧрылыстар ӛз мәні бойынша қауым мҥшелеріне, сҥйек ӛңдеуші және
металлургтардың баспана-шеберханаларына, культтарға қызмет ететін
адамдарға арналған баспаналарға бӛлінеді.
Икпень-1 қонысының қыш қҧмыралар топтамасы 6 бҥтін және 500-ден
астам ыдыс сынықтарынан тҧрады. Ыдыстар мҧқият жасалған, сырты кӛбіне
жылтыратылған, илеуінде қҧм мен шамот (отқа тӛзгіш кҥйдірген топырақ),
ішінара ҧсақ тас (ірі қҧм), слюда, қабыршақ кездеседі. Ою-ӛрнекті тҥсіруде
кӛбіне «тарақты» техникасы басымдық танытады. Тҧрпаты (пішіні) бойынша
ыдыстар 2 топқа жіктелген: профилі жатық ыдыстар және банка-ыдысы
секілді профилі әлсіз қҧмыралар. Ыдыстардың бір бӛлігі қатарлата басып ою
әдісі бойынша белгілі аймақтарына сай «мойыны мен денесі кӛрсетіле
тарақты штамппен ӛте кӛркем ӛрнектелген». Алғашқы топ ыдыстарында
геометриялық – бҧрышы қисық ҥшбҧрыштар, тікбҧрыштар, теңбҥйірлер,
меандр, фестон, «кілем ӛрнектері» сияқты ою-ӛрнектер тән. Жартылай
кесінді техникасымен тҥсірілген мейлінше «кӛркем» ыдыстардағы ою-
ӛрнектер – кӛлденеңінен тҥсірілген сызықтар, кертіктер мен ойықтар, қисық
сызықтар, шыршалар. Екінші топтағы кӛлденең сызық, шырша, ойық,
кертпеш тҥрінде тҥсірілген ыдыстар ою-ӛрнегі де осы техника бойынша
жасалған.
Қазба барысында жапырақ тәрізді пышақтар, тӛлкелі чекан (металл
бҧйымдардың бетіне басып нақыш бедер салу ҥшін қолданылатын аспап),
қҧйылған самай сақинасы мен балтаның бӛліктері, сҥйектен жасалған екі
тесікті сулық, саз балшықтан жасалған қҧйма қалыптар сынықтары шыққан.
Обалар жерлеу қҧрылысының ҥштен бірін қҧрайды, ал қалған екеуі
тікбҧрышты және дӛңгелек тҧрпатты (пішінді) қоршаулардан тҧрады.
37 қоршаулар мен обалардан, сондай-ақ шағын қоршау тҥріндегі 3
қҧрылыстардан 47 бейіт, соның ішінде 25 тас жәшік, 14 топырақ шҧңқыр, 6
циста, қиыстырылған 2 жәшік-циста анықталған. Бейіт тереңдігі 0,45-тен 1,55
м-ге дейін, сонымен қатар мейлінше терең, 1 м-ден асатын бейіттердегі
жәшіктердің тас плиталары 0,5 м-ге дейін кӛмілген.
Бейіттердегі мҥрде батыс-шығыс және оңтҥстік-батыс – солтҥстік-шығыс
бағыты бойынша жерленген.
37 моладағы жерлеу ғҧрпы мынадай: 24 молада мҥрденің сҥйектері
жерленген, 13 молаға ӛртенген мҥрде қалдықтары қойылған.
122
Кейбір жерлеу қҧрылыстарының ерекше белгісі бір-бірімен ішкі және
сыртқы болып ҥйлескен қос қоршаудың, тіпті ҥшеулік қоршаулардың
кездесуі деуге болады. Ӛзгеше жерленгендер қалпы (позасы) да ҧшырасады,
мысалы Ә.Х.Марғҧланның пікірінше, Қанаттас қорымындағы №11 қоршау
бейітіне адам жҥресінен отырған кҥйінде жерленген.
Жерлеу қабіріне 1 немесе 2 ыдыс қойылды. Қола және басқа бҧйымдар
сирек кездеседі.
Қорымдардағы қыш қҧмыралар кешені ыдыстар, банкалар тҥрінен
тҧрады. Ә.Х.Марғҧлан кезінде нҧра (федоров) кезеңіне тән қыш
қҧмыралардың жалпы сипаттамасын кӛрсетіп берген болатын. Профилі
жатық ыдыстардың мойыны сыртқа қайырылған, ернеуі жатық, кейде қырлы
болып келеді. Тҥбі жалпақ, кейде табандығы болады. Банка секілді
ыдыстардың ернеуінің астындағы, денесінің жоғарғы бӛлігіндегі ою-
ӛрнектер аса айқын емес болғанымен, тҥсірілу техникасы келесі топтағы қыш
қҧмыраларға ҧқсас.
Ә.Х.Марғҧлан федоровтық қыш қҧмыралары бар кешендер арасынан
Бҧғылы-1 кешенін ерекше бӛліп кӛрсетеді. Оның бейіттерінен алынған қыш
қҧмыралар ӛзгешелеу. Олар аздап «ваза» тҧрпатына (пішініне) келіңкірейді.
Кейде табандығы да ҧшырасады.
Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштері. Кейінгі қола дәуіріне
жататын ерте беғазылық кезең Ақсу-Аюлы-2 жерлеу кешені (Қарағанды
қаласынан оңтҥстікке қарай) бойынша толымды тҥрде сипатталынады. Ол
біртекті топырақ обалардан тҧрады, оның сақиналы қоршау негізі бҥйірінен
қазылып қойылған ірі гранит плиталардан қҧралады.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі ең ҥлкен обаның биіктігі 2 м, диаметрі 30 м.
Ҥйінді астынан бір-бірімен қиыстырылған тӛрт тас қҧрылысы шыққан. Олар
ҥш қоршаудан және тӛрт ҥлкен плиталардан тҧратын ӛте ірі тас жәшігінен
тҧрады. Бірінші, сыртқы қоршаудың бҥйірінен жерге қазылып қойылған ірі
тас плиталарынан тҧратындығы анықталған. Екіншісі арнайы таңдап алынған
тікбҧрышты плиталардан кӛлденеңінен қалау техникасы бойынша ӛрілген
қоршау. Оны ӛру сол замандағы жер бетінен басталған. Тҥп жағындағы
қабырғалары тік, жоғары қарай ол біршама ішке қарай ойыса тҥседі. Ҥшінші
кіші қоршау екіншісімен қабысады. Жоспары бойынша ол тікбҧрышты
тҧрпатта және де бҧрыштары аздап дӛңгелене тҥседі. Екінші қоршау сияқты
ол да эллипс пішінді. Оның батыс және шығыс қабырғалары жанынан бір-
бірден ҥлкен плита тік тҧрғызылып қойылған. Бҧл плиталарға қҧрылысты
жапқан жабынның негізгі салмағы тҥскен. Жерлеу қҧрылысының орталық
бӛлігіндегі ауданы 4 шаршы метр және тереңдігі 1,5 м-ден астам топырақ
қабатындағы шҧңқырда кӛлемді тас жәшік орнатылған, оның беті екі ҥлкен
плитамен жабылған. Жерлеу камерасының едені қиыршық тас, ҧсақталған
тас пен саз балшық араластырылып қҧйылған. Тас жәшікте ҧзынынан
созылып жатқан адамның қаңқасы болды.
Бҧл обадан алынған қыш ыдыс ӛтпелі кезеңді кӛрсететін қыш қҧмыра
ҥлгісі бола алады. Пішіні мен ою-ӛрнегі бойынша ол андроновтық
қҧмыраларға ӛте жақын. Оның ернеуі сызықпен тҥрленген ҥшбҧрыштармен
123
және кертпешті ойықтармен кӛмкерілген. Денесінің жоғарғы бӛлігін мәнерлі
меандр жолағы мен ҥлкендігі бҧршақтай дӛңгелек ойықшалар алып жатыр.
Мҧндағы ою-ӛрнекті тҥсіру техникасы Орталық Қазақстандағы кейінгі қола
дәуіріне тән болып келетін кӛлденең тісті ірі тарақты штамп болып
табылады.
Беғазы-дәндібай мәдениетінің дамыған кезеңіне Беғазы, Айбас-Дарасы,
Аққойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-3 некропольдері және де Ҧлытау,
Шортанды-бҧлақ, Қарқаралы-3 қоныстары жатады. Бҧл қорымдар мен
қоныстар баспана мен культтық архитектуралық-қҧрылыстардың озық
ҥлгілерін жасаудың біршама аяқталғандығын да білдіреді. Бҧл кездері
мейлінше әсем кесенелер салынды. Сонымен бірге бҧл кез шар тәрізді қыш
қҧмыралардың жаңа тҥрлерінің кӛптеп жасалуын да айғақтайды. Олардың
арасынан Беғазы қорымының тас плиталардан тҧрғызылған қоршаулары
ерекше орын алады.
Беғазы қҧрылыстары бҧрыштары әлемнің тӛрт тарапына бағытталған
шаршы пішінді бір не болмаса екі камерадан тҧратын кешендер болып
табылады. Ішкі шаршының қабырғалары жерге қазылып қойылған, тігінен
жалпақ гранит плиталармен қапталған немесе кӛлденеңінен бут тастарымен
қаланған. Қҧрылыстың қазылған бӛлігіндегі борттан жоғары қарай биіктігі
бір метрден астам жер бетіне қабырға тҧрғызылған. Ол айналдырыла тігінен
қатарластырыла қазылып, бір-біріне тығыз қиюластырылған ірі гранит
плиталармен қапталған.
Беғазы ескерткіштерін тҧрғызуға сҧр тҥсті гранит тастары таңдап
алынған. Кейбір тікбҧрышты плиталар салмағы ҥш тоннаға дейін жетеді.
Беғазы кешендеріне жататын ірі қҧрылыстарының бірі шаршы тҥріндегі
қоршаудың сыртқы жағындағы кӛлемі 9,6х9,6 м, ішкі жағының ӛлшемдері –
6х6 м. Қоршаудың ішкі қабырғасы плиталармен қапталған және 0,7 м-ге
дейін қазылған. Қаландының жалпы биіктігі 2,1 м, оның жер бетіндегі
биіктігі 1,3 м. Екінші ішкі қабырғаның да биіктігі 1,3 м. Қаптама қаланды
арасы тас қиыршықтарымен толтырылған, оған саз балшық қҧйылып, мҧқият
тапталған.
Беғазы «кесенелерінің» қызықты ерекшеліктерінің бірі ғҧрыптық заттар
мен қҧрбандық шалуға арналған алтарьдың болуы. Бҧл «жер ҥстел» немесе
қҧрылыстың табанын қазу барысында қазаншҧңқырда жасалған сӛре.
Ҥстелдің ҥстіне майлар және органикалық қалдықтар сіңіп қалған. Осында
қҧрбандық шалу іздері мен қой сҥйегінің ҥлкен шоғыры сақталынған.
Қҧрбандық ҥстеліне қыш ыдыстар да қойылды. Мҧнда әшекейлер мен қару-
жарақ бҧйымдары да тҧрды.
Кейінгі кезеңде алдыңғы уақыттағы кҥрделі жерлеу қҧрылыстарын
қоршаусыз ірі тас жәшіктер тҥріндегі қарапайым қҧрылыстар алмастыра
бастайды. Бҧны айғақтайтын ескерткіштер Қарақаралы маңындағы Кент
тауларынан, Айдарлы, Бҧғылы-2, Қҧрылыс шатқалдарынан да табылған.
Қыш ыдыс алдыңғы уақыттағы дәстҥрді әлі де болса сақтап қалды. Бірақ
бҥйірі шығыңқы, мойыны қысқа, ернеуі сыртқа қайырылған қазандық
пішінді ыдыстар, жағалы деп аталатын ыдыстар және де мойын тҧсына білік
124
жапсырылған ыдыстар ҥлесі басымдық таныта бастайды. Кертпеш, айқыш,
шырша тҥріндегі ою-ӛрнек тегіс штамппен тҥсірілді. Кейбір ыдыстарға ойық
тҥсірілді, тырнақпен басу жасалды, жарты ай, дақыл дәні (пісте) таяқша
арқылы әсемделіне берілді. Жекелеген ыдыстардың мойын тҧсы ыдыс ішінен
дӛңгелек таяқша арқылы шығарылған «маржандармен», яғни шығыңқы
дӛңгелекшелермен кӛмкерілді.
Кейінгі қола уақытына жерлеу қҧрылыстарынан басқа Суықбҧлақ,
Тәгібҧлақ қоныстары да жатады.
Тас қабырғалы баспаналар конструкциясында ӛткен уақыттағы дәстҥр
сақталынғанымен жер бетінде тҧрғызылған қҧрылыстар саны кӛбейе тҥседі.
Ҥйлер тікбҧрышты типте салынды, оның солтҥстік және шығыс жағынан
шығар есігі бар тас қҧрылыстары жапсарластырылды. Сыртқы қабырғалар
қалың болып тҧрғызылды, кейде тіпті 1,5-1,7 м-ге жетті; олар екі қатарлы
жерге қазылып қаланған тас плиталарынан тҧрды, олардың арасы ҧсақ тастар
аралас топырақпен толтырылды. Ішкі тҧратын жер мен қҧрылыстар
арасындағы далда (қалқа) да тастан соғылды, бірақ олар аса қалың емес еді.
Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріндегі тайпалары Оңтҥстік
Оралдың (замараев мәдениеті), Алтай мен Енисейдің (қарасҧқ мәдениеті)
туыстас тайпаларымен тығыз қарым-қатынаста дамыды. Дала кеңістіктері
бір-бірінен бӛліп жатқан бҧл облыстардың материалдық мәдениетін
сипаттайтын қыш қҧмыра бҧйымдары, қола қҧралдар, тҧрмыс заттары мен
әшекейлердің жақындығы, кӛне тайпалардың тығыз мәдени және
экономикалық ӛзара байланыс орнатқандығын дәлелдейді.
Кент қонысы. Қола дәуіріндегі, беғазы-дәндібай мәдениетіндегі
қызықты ескерткіштердің бірі Кент қонысы болып табылады. Оны
В.В.Варфоломеев бастаған археологтар ҧжымы зерттеген. Бҧл қоныс
Қарағандыдан оңтҥстік-шығысқа қарай 220 км жердегі Кент тауларындағы
мәдени шағын ауданның орталығы. Негізгі су кӛзі – Қызылкеніш ӛзені.
Мҧнда кейінгі қола дәуірінің 12 қонысы мен 10 қорымы шоғырланған.
Кейінгі уақыттардағы қҧрылыстар аумағы қамтыған мәдени қабат алаңы
150 000 шаршы метрді қамтиды. Бҧл қазіргі кездегі Қазақстандағы ең ҥлкен
қоныс. Кентпен бірге жақын маңдағы ӛзеннің сол жағалауындағы Алат,
Алат-1-2 қоныстары да бір мезгілде ӛмір сҥргендігі анық. Кент пен осы ҥш
қонысты Қызылкеніш ӛзені бӛліп тҧрған. Бҧлай болғанда аталған тӛрт қоныс
ауданы 300 шаршы метрді, ал қҧрылыстар саны 130-ды қҧрағаны анық.
Қызылкеніш алабындағы қҧрылыстардың жалпы саны – 167. Барлық ҥй
орындарының бір мезгілде ӛмір сҥре қоюы неғыбайыл. Шартты тҥрде
алғанда, аңғардағы 100 баспанада ғана адамдар ӛмір сҥрген. Әрбір ҥйді бір
отбасы мекендеді. Олар 12-14 адамнан тҧратын тҥрлі отбасылар болса керек.
Шаруашылық мал ӛсіру мен егіншілік сынды кешенді сипатта болды.
Орталық Қазақстан далаларындағы егін ӛсіру жанама айғақтарға негізделген:
қоныстар ӛзен жайылмасында орналасқан, қазба барысында қоладан
жасалған орақ-шалғылар, ладья секілді курантты дәнҥккіштер, тас келсаптар
мен кетпендер алынған. Кенттен бір тас кетпен табылған. Тамаққа деген
125
қажеттілік тҥгелімен жоғары қарқынды мал шаруашылығы, сондай-ақ мал
ӛнімдерін егіншілік ӛнімдеріне айырбастау арқылы қанағаттандырылған.
Кент тауларын мекендеушілер, бҥкіл Сарыарқада тіршілік еткен
тайпаластары секілді ірі қара, қой мен жылқы ӛсірді.
Қарақҧйрық, марал, қҧлан, қабан, қасқыр, бҧлан, қарсақ, архар, ірі
қҧстарды да аулады. Ҥй малдарының ішіндегі саны аз жануар тҥйе болды.
Кент тауларындағы беғазы-дәндібайлықтарда жылқы мен қойдың ҥлес
салмағының
ҧлғаюы
мал
шаруашылығының
жылжымалы
бола
бастағандығын аңғартады. Бҧл енді андроновтықтардағы бақташылық емес
еді. Ол жартылай кӛшпелі шаруашылық болды. Бірнеше шағын кенттерден
тҧратын шағын ауданның орталығы Кент қонысы еді. Оның орталықтық жай-
кҥйі, ӛлшемдері, баспаналар саны мен ӛзге де кейбір параметрлері оны ірі
елді-мекен ретінде ғана емес, жаңадан қалыптасып келе жатқан қала ретінде
сипаттауға да мҥмкіндік береді.
Ежелгі қоныстардың қалалық статусы бірқатар археологиялық белгілері
бойынша анықталынады: 1 – ауданы; 2 – тҧрғындар саны; 3 – монументтік
(храмдық) архитектурасы; 4 – ауыл шаруашылық округтері; 5 – қолӛнер
ӛнімдері; 6 – айырбас; 7 - әлеуметтік стратификация.
Әдетте бҧл қала формуласы археологиялық зерттеулерде абсолютті емес.
Қола дәуіріндегі Сарыарқа мал ӛсірушілерінің кенттері аса ҥлкен емес,
олар 0,1-2 га шамасында. Ӛте ірі елді-мекендердің пайда болуы олардың рӛлі
ерекше болғандығын кӛрсетеді.
Кент қонысынан қоғамдық мәні бар қҧрылыс деуге лайық «Ҥлкен
қоршау» деп аталатын кешен зерттелген. Ол жоспары бойынша тікбҧрышты
болып келген, ҧзындығы бойынша СБ – ОШ бағытта.
Қалпына келтірілген «Ҥлкен қоршаудың» биіктігі 1 м шамасында.
«Ҥлкен қоршау» қоғамдық салтанаттарды, сонымен қатар ғҧрыптық
жоралғыларды ӛткізуге арналса керек.
Қазба барысында 100-ден астам бҥтін қола бҧйымдары табылған.
Сҥйек пен мҥйізден жасалған бҧйымдар ӛте кӛп. Қолданбалы ӛнердің
мҧндағы тамаша ҥлгілерін кәсіби сҥйекшілер дайындау әбден ықтимал.
Кент қонысынан алыс жатқан ӛңірлердің тҧрғындарымен ӛзара қарым-
қатынас орнағандығын айғақтайтын мол мағлҧматтар алынған.
Кент қоныстарындағы қыш қҧмыралар арасынан ортаазиялық кейінгі
уақыттағы Намазга-6 шарық ыдыстары, сондай-ақ қарасҧқ, елов, тҥгіскен
ыдыстары да табылған.
Қызылкент аңғарындағы 10 қорымнан 240 бейіт қҧрылыстары
анықталған. 60-тан астам конструкциялар қазылған. Қҧрылыстар арасында
гранит тастары жалпағынан бір қабат (І тип) етіп қойылған (бірнеше қабаты
ӛте сирек ҧшырасады) шаршы секілді келген қоршаулар басым. Қоршау
ішінде тігінен орнатылған плиталардан тҧратын тікбҧрышты немесе
шаршыға ҧқсас жәшік орналасқан. Мҥрде жер бетіне (материк), ҥстіне
немесе одан 5-10 см тӛмен деңгейде қойылған. Мҧндай қоршаулардың
ӛлшемдері 1,2х1,4 м-ден, 4,0х4,1 м, ал жәшіктерінің ӛлшемдері 0,6х0,8 м-ден
1,4х1,6 м-ге дейін барады.
126
ІІ типтегі қҧрылыстар ҥлкен кӛлемділігімен ерекшеленеді (қоршаулар
9,0х8,5 м-ге дейін, тас жәшіктер 2,7х3,0 м-ге шейін); қабырғаларының
қаландысы кӛп қабатты; мола қабырғасы жанында қҧрылыс ерітіндісін
жасауға арналған аса терең емес шҧңқырлары кездеседі; жерлеу қабірінде
қыш ыдыстардың ҥлес салмағы ҧлғая бастаған. ІІ типтегі қҧрылыстар ӛз
уақытында кесене атауын иемденген және де Ә.Х.Марғҧланның Беғазы,
Бҧғылы-3, Саңғыру-1, Айбас-Дарасы, Дәндібай некропольдерін қазуы
барысында кеңінен танымал болған. Кесенелерге жоғарғы әлеуметтік
деңгейдегі адамдардың жерленгендігі ешқандай кҥмән туғызбайды. Кейбір
осы аталған кесенелерден ондаған қыш қҧмыралар, алтын бҧйымдар, қола
заттар молынан шыққан.
Осындай кесенелерге жерленген кӛсемдердің тҧрғылықты жері қыста
Кент секілді қоныстар болды, ал жазда далалық тҧрақтар болған еді.
Кӛсемдер әскери отрядтар мен сауда керуендерін жасақтады, жылқыны
алысқа пайдалана отырып, экспедициялар ҧйымдастырды.
Кент тҧрғындарының басты экспорт кӛзі металл болған деуге болады.
Оның ӛндірісі мен таралуын жергілікті элита ӛкілдері бақылап отырды. Бҧл
жағдай кен кӛздері мол Орталық Қазақстанның кӛптеген ӛңірлеріндегі
археологиялық кешендерден де анық байқалады. Жергілікті кәсіпшілер ӛз
ӛнімдерін малға, мал ӛнімдеріне айырбастаса керек.
Бҧл дала ақсҥйектерінің әлеуметтік жай-кҥйі мал санының артуына
байланысты кҥшейді, оған олар бақылауын орнатқан кең ауқымды
металлургиялық ӛндіріс те ӛз септігін тигізді. Нәтижесінде қоғам мҥшелері
арасында мҥліктік қатынастар кҥшейе тҥседі. Осы кездері мемлекетік
қҧрылымның қалыптасу ҥрдістері жҥріп жатты.
Шығыс Сарыарқа аумағында Кентке ҧқсас бірнеше бірлестіктер болғаны
анық. Олардың бірқатарын Мыржық, Шортандыбҧлақ, Бҧғылы-2, Беғазы-1
тӛңірегіне локализациялауға болады. Бҧл ескерткіштер Кентке уақытына
сәйкес және де аумағы бойынша оған ӛте жақын келеді, әрі сҥйектен
жасалған олжалары мен металл бҧйымдары мол. Олардың тӛңірегіне
қоныстар мен қорымдар кӛптеп шоғырланған. ІІ типтегі қҧрылыстар, яғни
кесенелер де жеткілікті.
Мҧнда да мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты ҥрдістер де жҥріп
жатқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |