Оңтҥстік Қазақстан қола дәуірі ескерткіштері
Мҧндағы ортаңғы қола дәуірін Қаратаудың солтҥстік беткейлеріндегі
Таутары қорымы сипаттайды. Оны А.Г.Максимова зерттеген. Бейіт ҥсті
ескерткіштері – бҥйірінен қазылып қойылған тақта тастардан (тас
плиталарынан) немесе жер бетіне қойылған тастардан тҧратын тікбҧрышты,
шаршы тҥріндегі, сопақша, дӛңгелек келген қоршаулар. Жерлеу кейде тақта
таспен жабылған топырақ шҧңқырларда атқарылды. Мҥрдені ӛртеу ғҧрпы
басым болған. Ӛртелген сҥйектерді кӛбіне қабір шҧңқырының батыс жағына
134
бір немесе бірнеше жерге ҥйіп қойды немесе тҥбіне шашып тастады. Қабірге
бірден беске дейін тағам салынған ыдыстар қойылды.
Ыдыстардың тҥбі жалпақ, олар екі тҧрпатты: банка мен иық тҧсы
дӛңгеленген немесе мойынынан денесіне ӛтер тҧсы аздап кертпіштелген қыш
ыдыс. Олардың ӛрнегі, негізінен, тарақты штамппен кӛмкерілген. Әдетте
ыдыстың мойын тҧсы, денесінің жоғарғы бӛлігі, кейде тҥп жағы және де тҥбі
ӛрнектелген. Тең бҥйірлі кескінді ҥшбҧрыш, ҥзілген сызық, меандр, басылған
ҥшбҧрыш тҥріндегі ою-ӛрнектер кеңінен таралған. Банка тҥріндегі
ыдыстардың ою-ӛрнегі жоқ немесе тең бҥйірлі ҥшбҧрыштармен ӛрнектелген.
Қоладан және алтыннан жасалған ҧсақ бҧйымдардың дені әшекейлер болып
табылады. Олардың арасында «табанды» және тесігі бар сопақша алқалар,
сауытшалар, жҥзіктер, тескіштер, моншақтар, алтынмен қапталған сымнан
жасалған самай сырғалар, пастадан, шыны тәрізді массадан жасалған
моншақ, киімге тағылатын қола қапсырмалар бар.
1976 жылы жҥргізілген жҥйелі де жоспарлы археологиялық жҧмыстар
Қазақстанның оңтҥстік аймақтарынан да қола дәуірінің ескерткіштерін
табуға септігін тигізген болатын. Мҧнда Оңтҥстік Қазақстан кешенді
археологиялық экспедициясының бағыттық-іздестіру (обалық) отряды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында далалық жҧмыстар жҥргізеді де,
аудан жерінен бірнеше археологиялық кешендер табады. Отряд Бесарық
ӛзені жағасындағы қола дәуіріне жататын Кҥйікті қорымынан бірнеше тік
бҧрышты қоршауларды қазады. Зираттағы кӛлемі әрқилы алты секциядан
тҧратын қоршаудан Таутары кешенінің материалдарына ҧқсас сан алуан
заттар алынады. Зерттеушілер (Ә.К.Ақышев) Кҥйікті зиратын андронов
мәдениетінің кейінгі кезеңіне жатқызады да, онда жерленген тайпа ӛкілдері
Орталық Қазақстан тайпаларымен мәдени байланыс орнатқан деп жорамал
жасайды. Оны ең алдымен қыш ыдыстары, қабір қҧрылыстары айқындап
берген еді.
Жалпы алғанда, Оңтҥстік Қазақстаннан 1970-1990 жылдар аралығында
табылған қола дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы А.А. Рҥстемовтың «К
вопросу изучения эпохи бронзы Южного Казахстана» мақаласында бір
жҥйеге тҥсірілген. Онда автор республиканың оңтҥстігінде зерттеулер
жҥргізген ғалымдардың (А.Г. Максимова, Ә.К. Ақышев, т.б.) жҧмыстарын
қорытындылай келе 1980 жылдары ашылған бірқатар ескерткіштердің
материалдарын ғылыми сараптамадан ӛткізеді. Автор ең алдымен қола дәуірі
ескерткіштері шоғырланған аудандар қатарына Арыс, Келес ӛзендері алабын,
Қаржантау, Қазығҧрт, Боралдай тауларын қосады. Ол әсіресе қазіргі
Бәйдебек ауданындағы (бҧрынғы Алғабас – авт.) Жамбыл ауылынан
солтҥстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан Ақтӛбе атты қорым
обаларына ерекше кӛңіл бӛлген. Мҧнда №43 обаны қазған кезде тас плиталы
қабірден (100х60 см, тереңдігі 70 см) тҥбі жалпақ андроновтық типтегі
ӛрнексіз қҧмыра сынықтары шыққан. А.А. Рҥстемов мҧндай қҧмыралар
Таутары ыдыстарына ҧқсас дейді де, ескерткішті жас баланың бейіті болған
деген пікірге келіп, хронологиялық мерзімін б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлармен
белгілейді.
135
1982
жылы Шымкент педагогикалық институты жабдықтаған
археологиялық экспедицияның іздестіру отряды қазіргі Ордабасы
ауданындағы Бӛген су қоймасы (оған қҧятын Бӛген ӛзенінің сол жақ
жағасындағы су шайған жалдан) аймағынан андроновтық типтегі ӛрнегі әлсіз
байқалатын екі қҧмыра (бірінің биіктігі 20 см, дене тҧрқы 20 см, ернеуінің дм
18 см, тҥбінің дм 11 см; екіншісі одан кішілеу) аршып алады. Бҧл қыш
ыдыстарды мамандар Орталық Қазақстандағы беғазы-дәндібай мәдениетіне
жақын және б.з.б. ХІ-ІХ ғасырларға жатады деп есептейді.
2000 жылы сәуір айында Тҥркістан археологиялық экспедициясы
(жетекшісі Е.А.Смағҧлов) Тҥркістан қаласынан оңтҥстікке қарай 5 км жерден
қола дәуірінің Шербай қорымын тапты. Қорымның аумағы 1800 шаршы м,
одан әр дәуірге жататын 20-дан астам жерлеу қҧрылыстары анықталған. Олар
ҥш топқа (Шербай-1-3) бӛлінеді. Қазба кезінде ерте темір дәуірінің бастапқы
кезіне жататын 1 қабір (ерте сақ заманы, Шербай-1, №7-қабір), одан кейінгі
уақытқа жататын 2 мола (қауыншы мәдениетіне тән; Шербай-1, №4, 13 қабір)
аршылған. Қола дәуірінің ескерткіштерінен (Шербай-1, №1-3 қабірлер;
Шербай-3, №1 қабір) андроновтық мәдени-тарихи қауымдастыққа тән мал
ӛсірушілердің материалдары алынған. Қабір шҧңқырларынан (беті ағашпен
жабылса керек, ҥсті топырақпен ҥйілуі де мҥмкін) 1-5 дана қыш ыдыстар,
кремацияланған адам сҥйектері (Шербай-1, №11 моладан ғана басы батысқа
қаратылған, аяқ-қолы бҥгіліп, сол жағымен жерленген мәйіт қалдықтары
шыққан), металл бҧйымдар алынған. Металл бҧйымдар арасында қоладан,
кҥмістен жасалған білезік, кеудеге тағылатын тоғалар, моншақтар да
кездеседі. Зираттағы қола дәуіріне жататын ескерткіштер материалдары
Оңтҥстік Қазақстандағы Таутары қорымына ӛте ҧқсас екендігі анықталған.
Археологтар Шербай қорымын андронов мәдени-тарихи қауымдастығына
енетін федоров мәдениетіне жатқызады. Мҧны С
14
әдісімен қабірлерден
алынған б.з.б. ХҤІ-ХІҤ ғасырлар деп кӛрсеткен мерзім де нақтылай тҥседі.
Солтүстік Түгіскен – кейінгі қола дәуірінің ескерткіші. Оны М.А.Итина
зерттеген. Сырдарияның тӛменгі ағысында, Арал тӛңірегінде кейінгі қола
дәуірінің бірегей кешені – Тҥгіскен кесенелерінің ең ерте уақытқа
жататындары 4, 5 және 7-ші кесенелер тікбҧрышты (54х28х10-12, 48х32х10-
11 см) шикі (қам) кірпіштен тҧрғызылған. Жоспарында сыртқы шаршы
қабырғалармен ҧштасатын дӛңгелек (диаметрі 14 м) негізге алынған. Ішкі
қабырғадан сәл шыққаннан кейін (1,6 м қашықтықта) дӛңгелегінен 8 немесе
12 тікбҧрышты кірпіш колоннасы орнатылған, қазір одан екі метрдей бӛлік
қана сақталған (5а кесене). Ары қарай осы сақинадан 1,3 м қашықтықта
орнатылған тӛрт немесе сегіз колонна ҥшбҧрыш тҧрпатты болып келеді.
Осындай бір-бірден колонналар қҧрылыстың әрбір сыртқы тӛрт бҧрышында
болған (4 және 5а кесенелер). Бірінші, ҥлкен сақина колонналары ӛзара жҧқа
кірпіш қабырғамен (5а кесенесі) немесе ӛрілген екі қабырғамен жалғасқан.
5а кесенесінде кірпіш қабырғаның сыртқы жағынан саз балшықтан
жасалған «орындықтар» орнатылған, олар колонналар арасын толтырып
тҧрған, және де кірпіш қабырға тіреуіш қызметін атқарған. Бҧл 5а
кесенесіндегі камера ауданын бӛліп тҧрған екінші қатардағы колонналар
136
ӛзара байланыса қоймаған. Сӛйтіп, колонналар жҥйесі тікбҧрышты
камераның ортасында орналасқан сыртқы және ішкі дәліздерге бӛлінген.
Соңғысы 4 және 5а кесенелерінде тереңдетілмеген, тек колонналармен
шектелген; 7 кесенеде ол 0,2-0,3 м тереңдетілген, және де оның қабырғасына
кӛлденеңінен жатқан бӛрене кеспелтектері қойылған. Кесенеге кірер есік
шығыс жақта болған және де ол тікелей ішкі дәлізбен жалғасқан. Сыртқы
дәлізге кіру кейбір кесенелерде (5а, 7) мҥмкін болмаған, ӛйткені ол ӛтетін
жер қалдырылған екі қабырғамен бӛлініп тҧрған. Барлық кесенелер ҥстірт
ҥстіндегі жер бетіне тҧрғызылған.
Кірпіш колонналарымен қатар, оларды қайталай ағаш бағаналар да
тҧрған, бҧлардан тек едендегі шҧңқырлар сақталған. Сӛйтіп, кесене ішінде
айналып ӛтетін дәліздер жҥйесі қалыптасқан. Ортада орналасқан бӛлмеден
және дәлізден қыш ыдыстар, қоладан жасалған қҧралдар мен қару-жарақтар,
алтын әшекейлер алынған. Орталық бӛлмеге қойылған мҥрде кесенемен бірге
ӛртелген.
6 кесене Солтҥстік Тҥгіскендегі кейінгі уақытқа жататын ең ірі
кешендердің бірі. Бҧл жоспары бойынша дӛңгелек келген (диаметрі 25 м
шамасында) жерлеу қҧрылысы болып табылады, ол шикі кірпішпен (50-
60х25-30х10 см) ӛрілген цилиндр секілді орталық массивтен (диаметрі 15 м)
тҧрады, оған шаршы тҥріндегі жерлеу камерасы енген. Массив сыртқа
қоршау сақинасымен қоршалған, олардың арасында ені 2,05 м дәліз
орналасқан. Шығыс жағынан ішкі және сыртқа қабырғаларда 1 м шамасында
ӛтетін жер қалдырылған. Жерлеу камерасының (ӛлшемі 7,8х6,9 м)
бҧрыштары әлемнің тӛрт тарапына қаратылған және де ежелгі жер бетіндегі
деңгейден 1,3 м тереңдікте қазылған, одан жоғарыда жҧқа қамыс қабатының
ҥстіне ӛрілген кірпіш қаландысы тҧрған. Қаланды ӛрілгенге дейін батыс
қабырғаның тлпырақ бӛлігінен екі шҧңқыр қазылған. Олардың бірі қабырға
астынан 2 м тереңдікке дейін барады, және де одан сҥйек қалдықтары, бәлкім
сиыр қаңқасы шыққан. Бҧл «қҧрылыс іргесін қалау кезіндегі қҧрбандық».
Жерлеу камерасының қабырғалары қалың қамыс пен бҧтақтармен бекітілген,
сірә бҧл сырғауыл мен бағаналар есебінен ҧсталып тҧрған тоқыма болса
керек.
6-шы кесене – ақсҥйектің қабірі. Мҧны ең алдымен бір бӛлігі шарықта
жасалған ыдыстардың (60-тан астам) аса бай топтамасы да дәлелдейді. Оны
алтыннан жасалған олжалардың бӛліктері де растайды. Мҧнда ақсҥйек әйел,
тіпті абыз әйел жерленсе керек.
Солтҥстік Тҥгіскеннің барлық кесенелері бір мәденитке жатқанымен,
олардың арасынан сыртқы қабырғасы шаршы тҥріндегі 4, 5а және 7
кесенелерді ең ерте кезге, сыртқы қабырғасы дӛңгелек келген 4а, 5в, 6, 15
кесенелерді кейінгі уақыттарға жатқызуға болады. Кейінгі кезеңдегі
ескерткіштер қатарына сол кірпіштерден ӛріліп, кесенеге жапсарластырылған
қоршауларды да атауға болады.
Едені сазбен сыланып, оған циновка тӛселінген. Қабырғалары, сірә, қола
шегелермен қағылған кілеммен немесе киізбен сәнделген сияқты. Мҧның
бәрі де мҥрдемен бірге ӛртелген.
137
Ҥлкен кесенелерге жапсарластырыла шикі кірпіштен тік бҧрышты
бӛлмелер соғылған, олардың ішіне қабір шҧңқырлары орналасты. Жапсарлас
қҧрылыстар ауданы 35-50 шаршы м аралығында. Бҧларда да мҥрде ӛртелген.
Обаларда қыш ыдыстар саны ӛте кӛп. Олардың бірінен 40-қа жуық қыш
ыдыстар, сондай-ақ алтын мен ақық моншақтары, қола тҥйреуіш, алтын
сырға шықты.
Жерлеу инвентары ішкі дәліздерден және камералардан табылған.
Жапсарлата салынған қоршаулардан алынған олжалар жерлеу шҧңқырын
алып жатқан барлық аумақтан кездескен. Тҥгіскен кесенелерінен ерте
замандарда тоналғанына қарамастан, қазба кезінде қоладан, жартылай бағалы
тастардан, алтыннан жасалынған әшекей бҧйымдар, қыш ыдыстар топтамасы
жинастырылды. Бҧл жерден шарықта және қолдан жабыстырылып
жасалынған 200-дей бҥтін ыдыстар табылды. Қолдан жапсырылған ыдыстар
андроновтық дәстҥрді сақтаған, мҧндай ыдыстарға ойық немесе ҥшбҧрыш,
ромб, меандр тҥріндегі тарақты ӛрнектер тҥсірілді.
Ыдыстардың бір бӛлігі – қҧмыра мен табақтар сҧр, қоңыр және қара
тҥспен жалтыратыла кӛмкерілген. Бҥйірі дӛңгелек ыдыстар дандыбай-беғазы
ескерткіштеріндегі қыш ыдыстар кешеніне ҧқсас. Шарықта жасалынған
ыдыс-аяқ сҧр тҥспен кӛмкерілген; қысқа мойынды, бҥйірі жарты шар тәрізді.
Ал, қабырғалары кедір-бҧдырлы. Геометриялық ӛрнекпен сәнделген, ақ
пастамен толтырылған мойыны қысқа жалтыр ҧстағышсыз қҧмыралар да
ҧшырасады. Тҥгіскен кесенелері бҧл олжаларға қарағанда б.з.б. Х-VІІІ
ғасырлармен мерзімделінеді.
Барлық кешендерден, соның ішінде 5б кесене сіндегі жерлеу қабірінен
сҧр не болмас қоңыр тҥсті жалтыратылған қыш қҧмыралар табылған. Олар
ашық келген немсе табақша тҥріндегі тҥбі жалпақ, ӛрнексіз ыдыстар. Мҧндай
артефактілер Хорезм ӛңіріне кеңінен таралған әмірабад кешендеріне (б.з.б.
VІІІ ғасыр) тән.
6-шы кесенеден егіншілікпен айналысатын мәдениеттерге тән екі хум
табылған.
Жапырақ тәрізді тӛлкесі жасырылған және ҥкісі тар жебе ҧштары да
ҥлкен қызығушылық туғызады. Мҧндай типтегі жебе ҧштары Әмударияның
тӛменгі ағысындағы, Солтҥстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы
ескерткіштерден табылған және де олар б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлармен
мерзімделінеді.
Ғылыми әдебиеттерде «киммерлік тип» деген атаумен кеңінен танымал
жапырақ тәрізді қола қанжар б.з.б. ІІ-мыңжылдық соңы – б.з.б. І-мыңжылдық
бас кезімен мерзімделінеп келеді.
Тҥгіскен кесенелерінен табылған әшекейлер арасынан ағаш негіздемеге
орнатылған ҥш конус бекітілген ілгегі бар алтын қалқанды сырға ерекше
назар аударуға тҧрарлық. Ортаңғы конус алтыннан жасалған, ал шеткілері
кҥмістен істелінген болса керек, олар ӛте нашар сақталған.
Ілгекке орнатылған бір немесе екі қоңырауша тҥріндегі ірі сырғалар да
табылған, олар сыртынан екі немесе ҥш жарты сфера пішінді тоғалармен
әшекейленген.
138
Солтҥстік Тҥгіскеннен табылған әшекейлер қатарына кҥмістен және
қоладан жасалған екі тҥйреуішті жатқызуға болады. Алғашқысының бас
жағы екі сақина тҥрінде жасалған да, оған жарты сфера тҥріндегі алтын
тоғалар кигізілген. Оның пішіні Алдыңғы Азия мен Ҥндістанда қола
дәуірінде белгілі болған биспираль басты тҥйреуіштерге еліктеуден туындаса
керек. Екінші тҥйреуіш басы бҧрыштары «қосалқылы» ромб тҥрінде. Ол
Арал ӛңірінен оңтҥстікке қарай жатқан аймақтардағы ескерткіштерге тән
болып келеді. Сонымен қатар металл бҧйымдарды жарты сфера тҥрінде
тоғалармен әшекейлеу тәсілдері шығыстан енгендігі белгілі.
Кҥміс тҥйреуіш пен қоңыраушалы сырғамен бірге бір кешеннен
алтыннан және ақықтан (сердоликтен) жасалған моншақтар (соңғысының
оңтҥстік ӛңірлерден әкелінгендігіне шҥбә жоқ) да табылған.
Солтҥстік Тҥгіскен жерлеу орындарынан табылған барлық заттар бҧл
ескерткішті қола дәуірінің соңғы кезеңіне, соның ішінде б.з.б. Х-VІІІ
ғасырларға жатқызуға мҥмкіндік береді. Мҧнда андронов мәдени-тарихи
қауымдастығының дәстҥрі сақталған. Бҧл қоршауларда жерлеудің орын
алуынан (мҧнда мҥрдені ӛртеу кең таралған), мҥрделердің басы батысқа
қаратылуынан да байқалады. Конус тәрізді сырғалардың андроновтық
екендігі даусыз мәселе, бірақ андроновтық, дәлірек айтқанда федоровтық
қыш қҧмыралар пішіні мен ою-ӛрнегі мҧнда кеңінен таралған.
Сырдария сағаларында жҥргізілген зерттеулер дамыған қола дәуірінің
кӛптеген тҧрақтарын зерделеуге мҥмкіндік берді, әсіресе оңтҥстік
аймақтарда, Іңкәрдария сағаларында андроновтық мәдениетке жататын
ескерткіштер кӛп (бірен-сараны алакӛл мәдениетіне, басым бӛлігі федоров
мәдениетіне жатады). Мҧның бәрі федоровтық мәдени қҧрауыш Солтҥстік
Тҥгіскен материалдары ҥшін жергілікті болған деп топшалауға итермелейді.
Маңызы жағынан екінші орында әмірабад қҧрауышы (компонент) тҧрды,
ол қыш қҧмыралар бойынша нақты байқалады. Оның орын алуы
Әмударияның тӛменгі ағысын мекен еткен тҧрғындармен кейінгі қола
дәуірінде орнатылған байланыстармен де тҥсіндіруге болады.
Солтҥстік Тҥгіскен кесенелерінің архитектурасы мен мәдениеті Орталық
Қазақстанның беғазы-дәндібай ескерткіштерімен ҧқсас екендігін де жоққа
шығаруға болмайды. Бҧл жекелеген жоспарлардан, ыдыстардың тҧрпатынан
да байқалады. Солтҥстік Тҥгіскен мәдениетінде оңтҥстік әсері де қатты
байқалып қалады. Оны шикі кірпіштен тҧрғызылған кесенелердің кҥрделі
архитектурасынан да байқатады.
Солтҥстік Тҥгіскен кесенелері Қазақстан мен Орта Азия тҧрғындары
арасында болған кҥрделі әлеуметтік және этномәдени ҥрдістерді кӛрсетеді.
Олар ӛз кезегінде мҥліктік және әлеуметтік теңсіздікке алып келген мал
шаруашылығының дамуына, артық ӛнімнің ҧлғаюына, айырбас рӛлінің
артуына байланысты болған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |